Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары



бет7/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)

Сары би мен Сырым
Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырған-ды, Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынадай өсиет айтыпты:

Сырым:

    • Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы?

Сары би:

    • Арлы ожданды бол!

    • Елге деген парызыңды ұмытпа!

    • Намысыңды жастан сақта!

    • Халқыңды қаралама!

    • Жақыныңды жаралама!

    • Қалысыңды қаралама!

Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есіңде сақтап келген.
Мөңке би мен Сырым
Мөңке бидің үйіне арық құнанын мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би бәйбішесіне: «Балаға айран әкел» депті.
Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына налыған Мөңке:

    • «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонсе, малыңды қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет! –деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала:

    • Олай болса, биеке, - депті. Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады дейді. Мөңке би баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да:

    • Рас, айтасың балам, сен шынында құтты қонақ екенсің,- деп оған сый-сияпат көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет