(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Сурет, оқулық, сызба
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«П» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.
«П» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.
Санағыштардан «п» әрпін жасау.
Санағыштар
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы. (МК, Ұ, Ө) Оқылым.
1. Оқулықтың 69-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
224
«П» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің алдына (топ – доп), сөз ортасына (арпа – арба), сөз соңына (апа – апан) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Жазылым Оқулықтағы «п» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«П» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«П» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«п» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».