Сабақтың соңы (7 мин)
|
Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
1-деңгей:
Сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап бер.
Бұл не? – Бұл – жәшік.
Жәшік нешеу? – Жәшік біреу.
Жәшікте не бар? – Жәшікте алма бар.
Алма қандай? – Алма тәтті.
деңгей:
Әр сөйлемдегі сөз санын, «ә» әрпінің орналасу орнын тап.
деңгей:
Қосымша сұрақ қойып, сызбасын сыз.
|
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
деңгейдегі оқушылар сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап береді.
деңгейдегі оқушылар сөйлем саны мен
«ә» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.
деңгейдегі оқушылар сурет бойынша қосымша сұрақтар құрап, сызбасын сызады.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Саралау тапсырмалары
|
Рефлексия
|
Өз ұсыныстарын білдіреді.
|
|
|
Бөлім: Әліппе кезеңі
|
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
П дыбысы және әрпі
|
Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;
дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |