Сабақтың соңы (7 мин)
|
Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
деңгей:
«Тауық» сөзінен жаңа сөздер жаса.
деңгей:
«Уық», «ық» сөздерінің түсіндірмесін сөздіктен тауып айт.
деңгей:
«Тауық», «тау» сөздерінің бірімен сөйлем құра.
|
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар «тауық» сөзінен жаңа сөздер жасайды: тау, ау, уық, ық. 2-деңгейдегі оқушылар «уық», «ық» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралынан тауып айтады.
3-деңгейдегі оқушылар «тауық», «тау» сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.
|
|
5мин
|
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалім мақалды QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастырады.
Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты
«Ырыс алды ынтымақ» деген қорытынды
пікірмен аяқтау.
|
Оқушылар мақалды тыңдайды.
Мақалдың мағынасын анықтауға тырысады.
Оқушылар сыныптастарымен сыйластықта, бірлікте болу керектігін түсінеді.
|
Әліппе. Үнтаспа.
«Атамұра», 2020
|