Сабақтың тақырыбы: Сөз басы Бөлім: 1-бөлім. Туған жерім аялы алтын бесігім



бет4/42
Дата25.11.2022
өлшемі377,33 Kb.
#159765
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
6 сынып әдебиет 1-тоқсан

Қысқамерзімді жоспар
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісінің құрылымдық сипаты

Бөлім:

1-бөлім. Туған жерім - аялы алтын бесігім

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Аяз би» ертегісінің құрылымдық сипаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талқылайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
б). Топтастыру.



Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Оның авторы кім? Не себепті
ауыз әдебиеті деп аталады?
2. Ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер? Олардың бір-
бірінен айырмашылығы қандай? Ұқсастығы бар ма?

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет