Мақсаты: Бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату, оқушылардың сөздік қорын байыту.
Күтілетін нәтиже : Бір сөздің бірнеше мағынасын ажыратып, тақырыптан ереже шығарып, сыни ойлауы қалыптасып, топта өз ойларын еркін жеткізуге жұмыстанып, байланыстырып сөйлей алады.
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау:Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), ОүБ құралдары, бағалау парақтар Деректер: Тақта, Талқылау құралдары постерге арналған қағаздар, маркерлер,
Әдіс тәсілдер: "Ыстық орындық", «Зерттеушілік әңгіме», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Әңгіме», « Галерияда саяхат» , «Проблемалық», «Жұптық әңгімі», «Тез айтып , жеңіске жет!»
- Қазіргі сабағымыз көтеріңкі көңіл – күйде өту үшін мен сендерді «Жылылық шеңберіне» шақырамын. Қолдарыңдағы гүлді әркім өзінің жанындағы досына тілек айта отырып ұсынады.
- Міне, сендердің жақсы – жақсы тілектерің жиналып, әдемі гүл шоғына айналды. Ендеше осы тілектеріңнің бәрі орындалады деп сенеміз.
Ал, мына әдемі «Гүл шоғы» сабақ бойы біздің көңіл – күйімізді көтереді.
- Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!!!
- Сабағымыз сәтті өтсін!!! т.б.тілектерін айтады.
Топқа бөлу
2 мин
Сиқырлы сандар
1,2,3,4 «Сиқырлы сандар» арқылы 4 топқа бөлу.
Өзара топ Басшысын, Таймкипер, Хатшы, Бақылаушы, Баяндаушы етіп, әр топтың құрамын тағайындау.
ОүБ құралы «Шаршылар», бағалау парақшасын ұсынамын, толық мағлұмат беріледі.
Оқушылар өздеріне ұнайтын сандарымен
бөлініп, топтарға жайғасады. Топ басшысы, топ мүшелері сайланады.
Білім
Қызығушылықтарын ояту
2мин
Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастыру
Үй тапсырмасын (5- жаттығу,103 бет) тексеру
"Ыстық орындық"әдісімен«Сөз және оның мағынасы» туралы түсінгенін ортаға шығып талқылап, сұрақ арқылы диалогқа түсіру.
Оқушылардың мұндағы мақсаты «Ыстық орындық» әдісімен топтар сұрақ қою арқылы сөз мағынасының түрлеріне шолу жасайды. өз ой-пікірлерімен санаса білу.
Түсіну
3мин
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
«Сөз және оның мағынасы»«Әңгіме» әдісін пайдаланду арқылы «Галерияда саяхат» жасатып меңгерту.
«Сөз және оның мағынасы» «Проблемалық» әдісін пайдаланду арқылы меңгерту
«Сөз және оның мағынасы» Жұптық әңгіме» әдісін пайдаланду арқылы меңгерту
8- жаттығу. «Зерттеушілік әңгіме».
Шарты: жұмбақ өлеңді оқып, шешуін тауып, сонан соң өзара талдау жасап сөздердің әрбір мағынасын ажыратып алып, сөйлем ойлап жазып, өздерін автор орнына қойып өз бетінше жұмбақ құрастырады. Оның әрбір мағынасын салыстыра отырып, дұрыс- бұрыстығына көз жеткізіп, «Зерттеушілік әңгіме» әдісімензерттейді.
Қазан(тат.Казан,Qazan;орыс.Каза́нь)—Ресей Федерациясындағықала.Татарстанреспубликасыныңастанасы.Еділөзенінің сол жағасында орналасқан. 9-жаттығу. «Ойлан, жұптас, бөліс»
Сөйлемдерді көшіріп жазып, жұптасып, бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқату, талқылау.
1-топ: 1.Оқушылар мақта туралы оқыды.
2-топ: 2. Сен Айгүлді мақта.
3-топ: 3.Атам қой бағып жүр.
4-топ: 4. Кітапты орнына қой.
10- жаттығу. «Әңгіме» әдісімен өлеңді оқып «Көру диктантты» арқылы орындап , қарамен жазылған сөздердің астын сызып, «Галерияда саяхат» жасайды.
1-топ: «Әңгіме» әдісі арқылы қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріп, «Галерияда саяхат» жасайды.
2-топ: «Әңгіме» әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын қара сөзбен баяндап, «Галерияда саяхат» жасайды.
3-топ: «Әңгіме» әдісі арқылы өлеңді жатқа айтып, «Галерияда саяхат» жасайды.
4-топ: «Әңгіме» әдісі қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесін тауып айтып, «Галерияда саяхат» жасайды.
жұмбақтар шешуін тауып, мағынасын түсініп, өзара ортақ шешімге келіп, дәлелдейді.
1-топ
2- топ
3- топ
4- топ
Сыни ойлап, өз беттерінше жұмбақ құрастырады, өз пікірін негіздеп, оның мағынасын дәлелдейді.
«Ойлан, жұптас, талқыла»
Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара топпен
жұптасып талқылап, түйінді бір шешімге келіп, ереже құрастырады.
1-топ: мақта
2-топ: мақта.
3-топ: қой
4-топ: қой.
Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.
1-топ: Үй – адамның өз баспанасы.
Үй – топырақты бір жерге жинау.
2-топ: Өлеңнен түйгенін баяндайды.
3-топ: Жатқа мәнерлеп айтады.
4-топ: Үй салайық, топырақ үй, тас тасы.
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
11- жаттығу. Берілген сөздерді екі түрлі мағынада қолданып, сөйлем құрап жазып, «Проблемалық оқыту» әдісімен неге? неліктен деген сұрақтар қою арқылы ойларын дәлелдетіп, өз ойын жинақтауға бағыттаймын.
1-топ: Алма
2-топ: Тамақ
3-топ: Қара
4-топ: Шық
12-жаттығу. Көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын Жұптық әңгіме» әдісімен талдайды.
Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді.
Балалар өз ойларын ортаға салып, түрлі пікірлерін айтып, екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады деген тұжырым жасайды.
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына менің кемшіліктерім, оң жағына менің жетістіктерім деп ойларын ашық жаздыру. 2 минуттан соң өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз.
Мына ережені есте ұстаған жөн: бір- біріне сұрақ қоюға болады, бірақ, сын айтуға болмайды.
Нәтижесінде: оқушының шыншылдығын, жауаптылығын, өзіне қорытынды жасауын, өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.