Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш



бет2/2
Дата28.01.2022
өлшемі127,11 Kb.
#115450
түріСабақ
1   2
Байланысты:
6 кун 1 қмж
zhako metro 62, rev7, Қазақсатн тарихы 40 сұрақ, Қазақсатн тарихы 40 сұрақ
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдa бір-бірінe болғaн доcтық ceзімдeрін оятy мaқcaтындa«Aтом жәнe молeкyлa» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын жәнe үш топқa бөлeмін.

1-топ 2-топ 3-топ


II.

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима

қағаздар





Сабақтың ортасы

I.Берілген сандар қатарының модасы

Берілген сандар қатарындағы ең көп кездесетін сан сол қатардың модасы деп аталады.

Кейбір сандар қатарында біреуден артық мода болуы немесе модасы тіпті болмауы да мүмкін.

II. Берілген сандар қатарының медианасы

Реттелген сандар қатарындағы сандардың саны тақ болса қақ ортасындағы саносы қатардың медианасыдеп аталады; ал реттелген сандар қатарындағы сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасы осы қатардың медианасыдеп аталады.

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:


  1. берілген сандарды өсу (кему) ретімен орналастыру керек;

  2. Ө су (кему) ретімен орналастырылған сандарды нөмірлеу керек. Бірінші нөмірге ең кіші (ең үлкен) сан жазылады. Берілген нөмірлер санның қатардағы орнын көрсетеді.

  3. а) Сандардың саны тақ болса қақ ортасындағы сан осы қатардың медианасыболады;

ә) сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасын табамыз, шыққан сан медианасыболады.

III. Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы дегеніміз ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы.

-3; 4; -8; 5; 7; 13 сандар қатары берілген.

13 – ең үлкені

-8 – ең кішісі

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы

R=13 – (-8) = 13+8 = 21



Сандар қатарының модасы



7; 13; 5; 9; 4; 5; 1; 5; 2

Модасы: 5

Мo= 5




1; 7; 13; 5; 1; 9; 4; 5; 1; 5; 2

Модасы: 1 және 5

Мo= 5; 1




11; 6; 1; 9; 4; 8; 7; 5; 2

Модасы жоқ





Тапсырмалар.

Талдау :Оқушылар тапсырманы орындап, тобында талқылайды ,қорғайды .

Бағалау;өзге топтарды бағалайды

  1. 6 «в» сыныбының оқушыларының бойларын өлшеген кезде мына нәтижелерді алдық: 137; 149; 150; 150; 150; 155; 160; 162; 162; 165; 165 (см). Олардың бойларының медианасын, модасын,

өзгеруқұлашын тап.

Ж
Сандар қатарының медианасы
инақтау
;Оқушылар тапсырманы орындап өмірмен байланыстырып жауабын тұжырымдайды

Бір ісі қаңтар айында 78954 теңге, ақпан айында 127832 теңге, наурыз айында 115652 теңге табыс тапты. Осы кезеңдегі табысының өзгеру құлашы қандай болды?






«Математика», 6-сынып, 2-бөлім,



Сабақтың аяғы


Қорытынды;

Үй жұмысы:




Оқушылар тапсырма барысында қандай қиындыққа тап болды?

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы жалпы сабақ және тапсырмалар бойынша тұжырымдайды.

Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды



Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын»тәсілі көрініс табады.



Дескриптор: -формуланы тұжырымдайды;

-қосынды түрінде жазады.


Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет