Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеттері. Тәжірибелік жұмыс



бет1/4
Дата17.02.2018
өлшемі0,94 Mb.
#37738
түріСабақ
  1   2   3   4
Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы.

«№39 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Бастауыш сынып жетекшісі: Какимова Гаухар Дубековна.

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Судың қасиеттері. Тәжірибелік жұмыс.

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру; практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.

2) Танымдық қабілеттерін дамыту.

3) Табиғатты қорғауға,суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,тәжірибе жасау. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың көрнекілігі: сызба, глобус, жартышар картасы, ыдыстар, су, плакатқа жазылған сөздер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын тексеру. (Су. Судың күйі ) - Судың қандай пайдасы бар? - Сен тұратын жерде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады? 1. Сабаққа дайындық. Жаңа сабақ.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. 1. «Су» сөзіне топтастыру жасау.(Плакатта жазылған су қоймаларын тауып жазады.)

Тұман Мұздақ

Шық Мұхит

Қар СУ ҚОЙМАЛАРЫ Теңіз

Жаңбыр Сел

Көл Өзен


Су туралы мұғалімнің түсіндіруі.

Су – сұйық зат. Ол бұлақ,өзен.көл,теңіз,мұхиттарда болады.Аспаннан жауын түрінде түседі,яғни жауады.Күн суытқан кезде су қатып,мұзға айналады.Өзендер мен көлдердің бетін мұз жабады.Аспандағы бұлттар да мұз қиыршықтарына айналады.Олар бірігіп,қарға айналып,жерге түседі.Мұз бен қар –судың қатты күйі. Табиғатта су үнемі топырақ,көлшік,өзен-көлдер бетінен буланып тұрады.Сондықтан ауада әрқашанда көзге көрінбейтін су буы болады.Судың қасиеттері болады. Енді осы судың қасиеттеріне тәжірибе жасау арқылы тоқталып өтсек. 1-тәжірибе.Стақан,шұңғыл ыдыс,табақшаға су құйдық.Әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көресіңдер.Қорыта айтсақ судың нақты пішіні болмайды. 2-тәжірибе.Қызыл ,жасыл,сары,ақ қағаздан бірнеше жолақ дайында.Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстыр.Судың сары,қызыл,жасыл,ақ деп айтуға бола ма?Болмайтынын байқадың.Демек,судың түсі болмайды.Қорыта айтсақ су- түссіз. 3-тәжірибе.Стақанға кез келген затты сал.Судың ішінен ол айқын көрінеді.Өйткені ,су-мөлдір.Табиғатта әртүрлі қалдықтардың салдарынан ластанады.Үнемі су мөлдір бола бермейді екен.Оқушыларға судың қалған қасиеттері жөнінде тәжірибені өздері жасайды. Практикалык жұмыс. (Оқушыларды топтарға бөліп,тапсырма беріледі.) 1 және 2-топ оқушылары су сұйық күйде кездесетінін дәлелдейді. 3 және 4-топ оқушылары су қатты күйде кездесетінін дәлелдейді. 5 және 6-топ оқушылары су газ күйінде кездесетінін дәлелдейді. 7-топ - эксперттер тобы. Олар қорытындысын шығарады. Оқулықпен жұмыс. 1. Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді. 2. Мәтінді оқыту. 3. Мәтінде берілген мағлұмат пен өздерінің алған білімдерін салыстырады, талдайды, сызба құрастырады.

Мөлдір

Ағады


СУ Иісі жоқ

Дәмі жоқ


Түсі жоқ

Дәптермен жұмыс.

Сызбаны толтыру. Егер оқушыға тапсырманы орындау қиындық туғызса, парталас оқушымен ақылдасады, кеңес сұрайды.



Сабақты қорытындылау. Ендеше судың қасиеттерін атап көрелік.
Су: пішіні жоқ; түссіз; мөлдір; дәмі жоқ; иісі жоқ; еріткіш; ағады; 1.Су -адам еңбегінің көмекшісі.(егістік,зауыт,,фабрика) 2.Су-тіршілік көзі.(Суды өмірімізде барлық нәрсеге қолданамыз) 3. Су- жол.(өзен,теңіз көліктері ,ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы). 4.Су қандай жағдайда сұйық күйден қатты және газ күйіне өзгереді? Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. «Су.Судың қасиеттері» мәтінін оқып,әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру, су туралы сурет салып келу.



Дүниетану. 2 сынып
1 Адам өміріне не қажет?
А.доп,ән,киім.
Ә.ауа,су,тамақ.
Б.кітап,велосипед
2.Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?
А.комбайншы
Ә.наубайшы
Б.диқаншы.


3.Көкжиек дегеніміз не?
А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.
Ә.Аспан мен жердің астасқан жері.
Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.
4.Тұсбағар деген не?
А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.
Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
Б.Дәрігер құралы.


5.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
А.Сұлба.
Ә.Масштаб.
Б.Сурет.


6.Сұлба дегеніміз не?
А.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
Ә.Бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
Б.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.


7.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?
А.Сурет
Ә. Сұлба
Б.Масштаб.
8.Ауаның негізгі қасиеттерін белгіле.
А.Түссіз,дәмсіз,көзге көрінбейді.
Ә.Түссіз,дәмді,иісі бар.
Б.Дәмсіз,көзге көрінеді,иісі жоқ.


9.Судың қасиеттерін ата.
А.ақ,мөлдір,иісі бар.
Ә.сұйық,иіссіз,мөлдір.
Б.Көзге көрінбейді,ақ,мөлдір.


10.Топырақтың құрамын ата.
А.ауа,су,шірінді.
Ә.жапырақ,саз,тамақ.
Б.құм,шыны,ағаш.

1. Барлық тіршілік иесі жылуды неден алады?
А. Күн.
В. Жер 
С. Ай.


2. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?
А. Дала
В. Көкжиек
С. Айна


3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. 
А. Сағат
В. Тұсбағар
С. Таразы.
4. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрініс.
А. Сурет
В. Көлеңке
С. Сұлба.


5. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
А. Масштаб
В. Сурет
С. Есеп.


6. Ауаның негізгі қасиеті:
А. Көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз
В. Ауыр,
С. Көрінеді, дәмді


7. Қатты cуықта су неге айналады?
А. Буға
В. мұзға
С. өзгермейді.


8. Адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі - .....
А, әдептілік.
В. мейірімділік.
С. Тазалық
9. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
А. Сызу
В. Сурет.
С. Масштаб


10. Суда тұрақты пішін .....
А. болады
В. ұқсайды
С. болмайды.

Наурыз мейрамы

Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. 
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!


2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ән: «Наурыз»


1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.
2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.
1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Ата толғау»
Мұғалімнің құттықтау сөзі.

2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету. 


Самалық, самалық,
Қан тауының көк құсы 
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы 
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе, көрмедік пе?
Самалық, самалық,
Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.
Самалық, самалық,
Сүт көп, көмір аз,
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке,- 
деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

1 – жүргізуші: Құрметті халайық!


Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма?
Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.
2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей барыс жылын шығарып салайық. 
/барыс жылы келеді/
1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет барыс жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Барыс жылы:
- Мен де халқыма дән ризамын!
Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қоян жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 – жүргізуші: Барыс жылының құрметіне «Баласы ауырған ана» тамашасын қабыл алыңыздар.
Ән: «Сенің анаң алтын»
1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қоян жылын ортаға шақырайық. 
/Сахнаға жүгіріп Қоян шығады/
2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қоян жылы.
Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!

1 – жүргізуші:


Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
2 – жүргізуші : 
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
● Сыған қызы билеп шығады

1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта?


Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/
Жол ашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.
2 – жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!
2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!
1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!
2 – жүргізуші Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан бір кісіден ортаға шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.

1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге


Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!

2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/


- Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе?
- Көктем боп Наурызымыз келдің бе?
- Бүрлеген қайынды көрдің бе?
- Күлкісін сәбидің көрдің бе?
- Құс қанатын сабылтып келдің бе?
- Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?
● Ән: «Атамекен»
1 – жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.

Ұлыс күні                                                    

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

 

Ел де тыныш!



Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

 

Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,



Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...

 

Жылғалардан су аққанда сырғанап,



Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын –

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!

 

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»



Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –

Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

 

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,



Жүрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

                                                        ******

Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Келіншек шығар керіліп,

Сәукелесі саудырап.

Қыз шығады қылмиып,

Екі көзі жаудырап.

Бозбала шығар бұрқырап,

Ақбөкендей сырқырап.

Құл құтылар құрықтан,

Күң құтылар сырықтан.

Кетік ыдыс, шөміштің,

Түтіні шығар бұрқырап.

*****

Наурыз    



                                                       

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

 

Қымбат білген адамға сөз өнері,



Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

 

Шат күлкіге шомылып замандары,



Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

 

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,



Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

*****


Наурызым                                                     

Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

                            Наурызым!

 

Құлпырады сәнді бақтар,



Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар,

                          Наурызым!

 

Жарқыраттың шығыс Күнін,



Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

                          Наурызым!

 

Аңсап жүрсең осы күнді,



Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

                          Наурызым!

 

Бұл әлем қалғығандай,



Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай,

                           Наурызым!

 

Аталардың – Қара Нардың,



Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,

                           Наурызым!

 

Ғашықтардың түр-түсінде,



Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме,

                            Наурызым!

******

Науан Наурыз, армысың!                         



Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

 

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,



Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

******


Наурыз            

Жеткен кезде наурызымыз жапан біткен жаңғырар,

Тұман орнап, тау басын аспан үрпі салбырар.

Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,

Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.

Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар,

Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар.

Келе сала наурызым жоқ нәрсені бар қылар!

 

Жапан шөлін қандырып, нұр тарайды қуысқа,



Тақырларда қақ тұрып, су толады ыдысқа.

Қозғалғанның бәрі де бірі шебер, бірі ұста,

Бұлбұл салса әніне, илеу салды құмырсқа.

Өз дауысын біреуі естіртуге тырысса,

Тумай жатып біреуі шығар сынды ұрысқа,

Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.

 

Бар тіршілік осылай жатқан кезде жаңғырып,



Мен отырмын оңаша, көңіл жүдеп, әл құрып.

Ақиқатқа табынған өмір сүрер мәңгілік,

Махаббаттан ада жан – қалар түбі қаңғырып.

Көктем баста тұрғанда бәрі де бір әңгүдік,

Ертең көктем кеткен соң қаламыз ба санды ұрып,

Келе сала наурызым тәттіні де зәр қылар.

 

Мақтұмқұлы, мұқалма, бұл фәнидің мақамы,



Бәрі-бәрі баянсыз, сол жаныма батады.

Көншімейді көңілім, көкірегім қапалы,

Таусылғанмен төзімім, сөзім болғай опалы.

Қолды жайып, телміріп кімге берем батаны,

Аман болсын кейінгі, аман болсын Отаны,

Келген наурызым адам басын даң қылар.

*****

Наурыз сыйы тыныштық                           



Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.

 

Ашылып аспан шүмегі,



Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл Наурыз кілемі.

 

Бусанып тарғыл атырап,



 Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе күнеске,

Бұл Наурыз – жапырақ.

 

Көз тігіп Күнге барлығы,



Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы.

 

Бөктіріп көктем жаңбыры,



Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл Наурыздың таң нұры.

 

Қауымға қалың дүр болған,



Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл Наурыз ғой нұр болған.

 

Себелеп жаңбыр жауып тұр,



Емшегін бұлттың сауып тұр.

Жақсылық нәрін мол сепкен,

Бұл Наурыз сауық-жыр.

 

Тілегін айтып ұнаған,



Арылса туыс күнәдан.

Көңілде күдік қалдырмас,

Бұл Наурыз – шын адам.

 

Тұқымын сеуіп ырыс-құт,



Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.

 

Тәуелсіз елдің адамы,



Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,



Жаңа күн Наурыз қадамы.



Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.  



Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық, әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды.
Ата – бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдар Сырым Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінде де сақтаулы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет