Бейнелеу өнері
1 сынып
8-сабақ. Күні:____________
Сабақтың тақырыбы: «Түстер шеңбері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға түстер жайлы түсіндік беру; жазықтық бетінде жұмыс жасағанда түстерді бір-бірімен үйлесімділігін таба білуге үйрету;
Дамытушылық: Балалардың ойын, қиялын және зейінін дамыту;
Тәрбиелік мәні: Балаларды ұқыптылық пен еңбекке тәрбиелеу
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.
Көрнекіліктер: түстер
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары:
Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –түстер
Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
ІІ. Жаңа сабақ
А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жылы-суық»
ІҮ.Сергіту сәті
Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Бүгін қай күн? Сәрсенбі Қайырлы күн, балалар
Ертең қай күн ? Бейсенбі Қайырлы күн, достарым
Оят онда Сәрсенді Тыныш болып түніміз
Оят онда Бейсенді Ашық болып күніміз
Сабағынан қалмасын Сәттілікке толсын- ай
ІІ. Жаңа сабақ
Кемпірқосақ түстерінің шеңбер бойында орналасуы түстер шеңбері деп аталады.
Сары, қызыл, көк негізгі түстер.
Қара, сұр және ақ түстер ахроматикалық түстер деп аталады.
Кемпірқосақ болатын барлық түстер хроматикалық түстер деп аталады.
Негізгі түстерді араластыра отырып, жаңадан қосымша түстерді аламыз.
Негізгі түстерді араластырған кезде қандай қосымша түске қол жеткізуге болатынын есіңе сақта.
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жылы-суық»
Педагог балаларға түстерді көрсетеді. Балалар жылы немесе суық тобына түстерді жататынын айту керек. Содан соң айналадағы түстерді ажыратуға болады.
ІҮ.Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.
Түстер шеңберін сал.
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Түстер шеңбері дегеніміз не?
Қандай негізгі түстерді білесіңдер?
Сары, қызыл, көк олар қандай түстер?
Бейнелеу өнері
1 сынып
9-сабақ. Күні:____________
Сабақтың тақырыбы: «Бояу реңдері бойынша түстердің үйлесуі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға түстер жайлы түсіндіктерін жетілдіру;
Дамытушылық: Балалардың ойын, қиялын және зейінін дамыту;
Тәрбиелік мәні: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап, баяндау
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.
Көрнекіліктер: табиғат суреттері
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары:
Мұғалім үшін: көрнекі құралдар –табиғат суреттері
Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
ІІ. Жаңа сабақ
А)сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жылы-суық»
ІҮ.Сергіту сәті
Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Жеті түсті қарындаш
Тату-тәтті қарындас.
Күні бойы болдырып,
Ұзақ-ұзақ жол жүріп,
Көлге бірге барыпты,
Қол ұстасып алыпты.
ІІ. Жаңа сабақ
Суретші бояу түстерінің үйлесімін бізді қоршаған әлкмнің сұлулығын беру үшін пайдаланады.
Суретші Ә.Қастеев «Күзгі табиғат көрінісі» картинасында туған өлке табиғатының әсемдігін бейнелеген. Біз суретшінің туындысыннан күзгі көгілдір түсін байқадық. Анық та қанық бояула күздің шуақты күндеріндегі қуанышты көңіл күйді айрықша көрсетеді.
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жылы-суық»
Неше жылы және суық түстер бейнеленген?
ІҮ.Сергіту сәті
Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз тыныс сосын жай
Ү.Оқушылардың өздік жұмысы.
15- беттегі суретті салады.
ҮІ.Сабақты қорытындылау.
Түстер шеңбері дегеніміз не?
Қандай негізгі түстерді білесіңдер?
Сары, қызыл, көк олар қандай түстер?
Қандай суретшілерді білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |