Сабақтың тақырыбы. «Табиғат байлығы» Ән: «Қазақ елі осылай»



Дата15.09.2017
өлшемі101,2 Kb.
#33986
түріСабақ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Ш.Берсиев атындағы орта мектебі


Тақырыбы: «Табиғат байлығы»

Пәні: Химия - биология


Ұйымдастырған:

Биология және химияпәні мұғалімі: Мақсұт Қаламқас Абылқызы


Ақтөбе Ойыл қаласы

Бағдарлама

Сабақтың тақырыбы. «Табиғат байлығы»

Ән: «Қазақ елі осылай» 9 «Ә» сынып

Күз байлығы мен химиялық элементтер сөйлейді.

«Тіл өнері» сайысы.

Испан биі 7 «В»

Логикалық ой – толғаныс

Тәжірибе жасау, слайд көрінісі.

«Түркімен күйі» 9«Б»

Жұмбақтар

Мақал – мәтелдер жалғасын табу.

«Науан» биі

Сұрақ – жауап «Сен білесіңбе?»

Көрініс «Білімсіздіктің пайдасы»

Ән:


Қорытындылау.

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сіздерді бүгінгі биология және химия апталығының салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Табиғат байлығы»

С.Торайғыров айтқандай.

“Табиғат адам үшін жаралыпты,бар қызық табиғаттан таралыпты”
Табиғаттың өзіне тән 4 жыл мезгілі бар екенін білесіздер.


  1. Қыс

  2. Көктем

  3. Жаз

  4. Күз

Әр мезгілдің өзіне тән қызықтары және қуанышьары бар. Соның ішінде табиғаттың ең керемет қызықты да қуанышты кезеңі күз айы. Күзде кез – келген астықтың ақ алтынның мақтаның, жеміс – жидектің, көкөністің толық пісіп жетілетін кезі. Осынша тамашаның биологиялық және химиял00000ық құрамының адам баласына және күнделікті тұрмысқа қажетті миниралды тұздар мен көмірсулар майлардың, нәруыздардың биохимиялық элементтердің бар екендігіне көз жеткізейік.

1 мантаж


1 – оқушы: Қараңдаршы көзің тоймас қарасаңда,

Күз деген бір жақсы уақыт.

Ойда қыр да таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып

Ал балалар кім біледі – неге айтамыз алтын күз деп?

2 – оқушы: Алтын күз деп – біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын.

Көп піскен соң бау ішінде.

3 – оқушы: Жаңа піскен алма баққа,

Көзің тоймас қарасаңда.

Қараңдаршы сары алтындай,

Жапырақты қайың талға.

Мұны көріп күзді қалай теңемейсің сары алтынға.

4 – оқушы: Қараңдаршы қандай сұлу,

Бидай басқан мына дала.

Әрбір адыр, әрбір жота,

Алтын жайып тастағандай.
2 – жүргізуші: Күзгі думан өміріміз ғаламат

Қос қақанша жаңа қала жаңа бақ,

Жемістердің қайсысында болса да

Химиялық элемент жүр аралап: азот, фосфор, калий, кальций, темір, мыс, мырыш, көміртегі т.б.

2 мантаж

1 – оқушы: Біз болмасақ егерде,

Денең жақсы өсерме?

Жетіспеген ағзаңда,

Ахау болар денеңде.

Ағза толған элемент,

Біліп алсаң қызметін

Неткен олар керемет.

2 – оқушы: Су деген қан емеспе, жан емеспе?

Ананың ақ сүтіндегі құн емеспе?

Ауаңды тазартып ап сылаң қағып,

Ағатын әнге қосып жыр емеспе?

3 – оқушы: Мен – маймын, өзім жаймын.

Шұбаттық құнарлы ғып,

Зат алмасуын күшейтіп

Жүрген жайым бар.

4 – оқушы: Көмірсумын, күш қуат көзімін.

Керекпін ғой керекпін.

5 – оқушы: Мен нәруызбын денені құрайтын кірпішпін.

Тіршілік қуаты көзімін, өмірмін мен өмірмін.

Оқушылардың өнері:

ІІІ – жүргізуші: Ендігі сөз кезегін алтын күзде пісіп жетілетін өнімін елге сыйлайтын өсімдіктерге берейік.

Бидай: Дүние жүзінде мені қадірлемейтін адам жоқ, атым тас дәуірінен бері әлемге әйгілі 100г ұнымды жесеңдер, 70г көмір су, 9г нәруыз, 1г май сіңіресіздер, ол сіздерге үлкен күш – қуат береді. Тамырым жерді тыңайтады, сабағымнан қағаз, кардон дайындайды, ыдыс тоқиды, қауызым малдарға жем, дәнім суыққа төзімді үспейді.

Жүгері: Жүние жүзілік дақылдардың бірімін. Қосымша атым дала аруы. Туып өскен жерім Америка, дәнім де 70% крахмал, 10% ақуыз, 8% май болады. Төрт түлік малдың және адамзаттың сүйіп жейтін қорегі менің сабағым мен дәндерім.

Мақта: шын атым Ақ алтын. Жер бетіне көп тараған екі елді жаулаған жарық сүйгіш ақ алтын Индия мен Америка елінен шыққан. Халықтардың киімі мен тағамдары менен алынады.

Алма: Мен алмамын алмамын,

Таңдай татар бал дәмін.

Мына тәтті бал дәмді

Дастархандарыңа арнадым.

Химиялық құрамы: 83% су, 7,5 - 16% қант, 0,2 – 0,8% қышқыл, 9,5 – 18,5% құрғақ қалдық, 0,28 - 1% иілік заттар, сонымен қатар А, В1, В2, В6, С РР дәрумендері және миниралды заттары бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады жемісін емдік дәрі ретінде адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылуына және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады.

Өрік: Қалайтыны жылылық, гүл ашады құбылып,

Ерте гүлдеп суыққа, қалар кейде ұрынып,

Пайдалы оның тосабы, тағамдарға қосады.

Өрік жесең бал қосып, жөтеліңді басады.

Химиялық құрамы: Жемісінің құрамында 4 – 20 % қант, алма және лимон т.б қышқылдары, 10% каротин, 0,4 – 1,3% пептин заттары, тұқымында 29 – 58% май болады.

Жүзім: Өседі екен топтанып,

Өседі екен шоқтанып.

Жүр оңтүстік қазағы,

Жүзімімен мақтанып – депті жүзім бұрында ексең жетем қырымға.

Эфир майы, сірке суы, жүзім мейіз шырында.

Химиялық құрамы: жидегінің шырын құрамында су 65 – 80%, фруктоза, глюкоза 15 – 35%, органикалық қышқылдар 4 – 11%, пептин 0,3 – 1,2%, миниралыды заттар 0,3 – 0,6% және С, В1, В2, РР витаминдері, провитамин А бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. өңделген жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этиль спирті, сірке суы, шарап қышқылдары т.б. алынады.

Апельсин: Сіңірген күн жарығын,

Аумай тұғын сары күн.

Эфир байы бар онда дәрі дейді қабығын.

Қабығында аршыдым дәмі қандай бал шырын.

Екінші аты бар оның алмасы қытай халқының.

Химиялық құрамы: тәтті шырынды жемісінің орташа салмағы 50 – 400г, құрамында 75 - 80% су, 8 – 9% қант, 1,6 – 1,97% қышқыл, 7 мг С дәрумені, 09% игілікті заттар болады.

Алмұрт: Қарап ұқсас сұрқына,

Ұқсатты алма тұрқына.

Біздің жеміс деп мұны,

Мақтанар Грек жұрты да.

Қуаң мейлі шөл екен,

Ете берер ол мекен.

Шырыны мол жеміс бұл,

Жеп көр өзің сенбесең.

Химиялық құрамы: Алмұрт бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80 – 84% су, 10 – 13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1 – 0,6% қышқыл илік және 0,4 азоттық заттар бар. В,С, дәрумендері каротин бар. Тосап, шырын, сусындар дайындайды.

Би:___________________________________________________________________________

Полиглот (тіл өнер сайысы) Химиялық элементтердің таңбалары, қазақша және латынша атауы.



Таңбасы

Қазақша атауы

Латынша атауы

C

Көміртегі

Carvonum

Fe

Темір

Ferrum

P

Фосфор

Phozphorum.

Cu

Мыс

Cuprum

Mg

Магний

Magnesum

O

Оттек

Oxygenum

N

Азот

Nitrogenum

I

Йод

Iogum

S

Күкірт

Sulfurum

Ca

Кальций

Calsium

Na

Натрий

Natrium

K

Калий

Calium

Биогиялық жеміс-жидектердің қазақша,орысша,ағылшынша атауы.





Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1

Қарбыз

Арбуз

Watermelon

2

Банан

Банан

Banana

3

Шие

Вишня

Cherry

4

Өрік

Абрикос

Apricot

5

Жүзім

Винограт

Grapes

6

Алма

Яблоко

Apple

7

Анар

Гранат

Pomegranate

8

Лимон

Лимон

Lemon

9

Алмұрт

Груша

Pear

10

Қауын

Дыня

melon

11

Апельсин

Апельсин

Orange

Өнер:_________________________________________________________________________

Осынша табиғаттың байлығының химия және биялогиямен өте тығыз байланысты екендігіне толық көз жеткізу үшін мына сөз жұмбақты шешеиік;

Сөз жұмбақ;

1.Астық тұқымдас өсімдіктердің бір өкілі (Бидай)

2.Көк жалынмен жататын элемент (Калий)

3.тірі ағзаны зерттейтін ғылым (Биология)

4.Жер бетінде кездесетін ең қатты металл (Хром)

5.Раушан тұқымдас өсімдіктердің өкілі (Итмұрын)

6.Коррозиядан қорғаушы металл (Мырыш)

7.Цитрус тұқымдас жемістердің өкілі (Лимин)

8.Заттардың қасиеттерін басқа заттарға айналуын зерттейтін ғылым (Химия)


Б

Б


И

О

Х

И

М

И

Я

.


Қортындылау:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі биология химия апталығының ашылу салтанатына берілген <<Табиғат байлығым>> атты кешіміз аяқталдын.



<<Табиғат,О аяулы алтын бесік.Болашаққа бағыттар болған есік.Табиғат таңғажацып тылсым дүние,құдайдан адамдарға болған несіп.>>

“Білдіру білмегенге білгенімді өзімнің деп білемін зор міндетім.”.М.Дулатов –айтқандай тірі табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет