Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат Сабақтың жалпы мақсаты



бет5/7
Дата28.01.2018
өлшемі0,86 Mb.
#34219
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

«Күнбағыс жасау» Биші пішінін құрастыру .

Сабақтың жалпы мақсаты


а) Мәтіннің түрлерімен таныстыру, сол арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір - бірінен ажыратып, оны таба, құра білуге машықтандыру.


ә) Тазалық, ұқыптылық, білімге деген құмарлық, бір - біріне деген достық, қамқорлық қасиеттеріне, табиғатты аялауға баулу.
б) Сөздік қорын молайтып, ауызекі, жазба тілін, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, проблемалық ізденіс әдісі, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ойын әдісі

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .

Көрнекіліктер


сөйлемдер жазылған қима қағаздар, күнбағыс мүшелерінің кескін суреттері, М. Жұмабаев портреті .





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойыншв аппликацияларды аяқтау .

Қызығушылықты ояту



Сабақ барысында



Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Өткен сабақты еске түсіріп, бүгінгі тақырыппен байланыстыру мақсатында «Құрастыр» дидактикалық ойынын өткізу.


- Алдымен жұмбақ шешіп алайық. Слайдтан көрініп тұрады.
Жұмбақ шешу: Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.
- Күнбағыс.
- Балалар, күнбағыс туралы не білеміз? Дүниетанудан алған білімдеріне сүйеніп көрелік.
- Күнбағыс шөптекті өсімдік, оның әдемі сары гүлдері, ортасында қара дәндері, жап жасыл сабағы мен жапырағы болады. Оның дәндері өте пайдалы. Одан түрлі тағамдар мен май алынады. Ол үнемі күнді бағып тұратын гүл. Сондықтан да оны күнбағыс деп атаған.


- Ендеше осы әдемі гүлді құрастыру үшін күнбағыстың мына мүшелерінің артындағы сұрақтарға жауап берейік. (Балалар күнбағыс мүшелерін таңдап, тақтаға шығып жауап беріп, күнбағыс гүлін құрастырады. слайдта сұрақтар көрініп тұрады)
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Қандай сөйлемдер мәтін құрайды?
3. Мәтіннің қандай бөліктері болады?
4. Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?
- Қандай әдемі күнбағыс гүлін құрастырдық, бұл гүл алдағы жаттығуды орындау барысында қажет болады.
2/ - Мәтін туралы есімізге түсірдік, енді мына қима қағаздағы мәтін бөліктерін дұрыстап ретімен орналастырып, мәтін құрау қажет, - деп алдымен компьютерде берілген бөліктерді бір оқушы ретімен орналастырып, қалған оқушы қолдарындағы қима қағазды тақтаға ретімен қойып мәтін құрайды. Салыстыра, оқиды. Қате болса өздеріне түзетуге мүмкіндік беру.
Мен 2 - сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.
Біздің оқитын сыныбымыз ─ кең, жарық. Төбесі биік, қабырғалары аппақ.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
Осылайша тірек - сызба арқылы мәтін түрлерімен таныстыру. Слайдты пайдаланып сызба арқылы анықтаманы өздері айтады. Есте сақтап, жаттап алу.
Осы 199 - жаттығудан пайымдау мәтінін көшіріп алады. Өз бетінше орындалады.
3/ Көркем жазу
4/ Сергіту сәті «Би билейміз» қимылды ән
Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
Бас аяқты топ, топ, топ,
Шапалақта хоп, хоп, хоп.
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзін айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда, бір мұнда, өзіңді өзің айнала.
5/ - Ендеше балалар, осы би билеп, айналып, секіріп, уайымсыз ойнап, шаттанып жүретін адамның қай шағы деп ойлайсыңдар? ─ деп 200─ жаттығуды орындауға дайындау.
Өлеңді оқып, автор М. Жұмабаевтың портретін іліп, ол туралы білетіндерін еске түсіру. Негізгі ойды табу. Осы автордың 40 - беттегі өлеңін еске түсіру.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайраты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін.
200─ жаттығудың соңғы екі жолын жатқа жазу.
6/ - Балалар, мана сабақтың басында құрастырған күнбағыс өсімдігіне оралайық. 201 - жаттығудағы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырайық. Өзіндік жұмыс.
Бір оқушы тақтада әңгіме құрап жазады.
IV. Қорытынды: Сабақты сұрақ - жауап арқылы пысықтап, бекіту
- Балалар, бүгін сабақта немен таныстық?
- Мәтіннің қандай түрлері болады?
- Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?
- 201 - жаттығудағы «Күнбағыс» мәтіні қай түрге жатады?

Ой толғаныс

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

─ Балалар, сендер де күн мен күнбағыс сияқты бір бірімен дос болып, күндей күлімдеп, мына күнбағыстай жайнап, жадырап жүріңдер! ─ деп сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, барлығын бағалау, естелікке күнбағыс бейнесін сыйлау.



Үйге тапсырма беру.

Ережені есте сақтап, жаттау.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет