Пәні: қазақ тілі (факультатив)
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Терме диктант
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың алған білімдерін қолдануға, дыбыстық талдауға үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
2) достыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
3) оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, талдау, сараптау, керектісін тауып алу машықтарын дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, талдау, сараптау.
Көрнекілігі: суреттер
Түрі:ойын сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құралдарын әзірлеп, назарын сабаққа аудару.
Кіріспе бөлім
Орманда бір топ қоян қуаласып ойнап жүрді. Оның біреуі қоңыр еді. Ол қуаласпақ ойынына қатыспады. Енді қояндар жидек теруге шықты. Қиқар қоянның жүрісі баяу. Ол басқа қояндардан кейін қалды. Әуелі орман ағаштары сиректеу еді.Кейін жиіледі.Ақыры қиқар қоян адасып қалды.
-Балалар не адасып қалды?
1.ҚОЯН сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2. Қоңыр қоянның алдынан ақылды үкі шықты.Ол өзінің тапсырмаларын орындаса, қоянға жол табуға көмектесетінін айтты. Ол үшін үкінің айтқан сөздеріне дыбыстық талдау жасау керек екен. Бірақ қоян әлі кішкентай еді. Ол әлі мектепке бармаған. Біз қоянға көмектесейікші.
Достарыңызбен бөлісу: |