2-оқушы:
Қазақстан ‒ ұлт атын ұлықты еткен
Ұлылардың арманын биіктеткен
Өзге де ұлт, ұлысқа қоныс болып,
Оларға да жақсылық үйіп-төккен.
Қазақстан ‒ республикам, мақтанышым
Мен сені жырламаймын мақтан үшін
Құдайым маған құйттай жүрек берген
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін!
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәйек сөздеріне тоқталайық.
3-оқушы:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты тату, ынтымақшыл халқы бар.
4-оқушы:
Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл ‒ азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі.
5-оқушы:
Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі ‒ қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.
6-оқушы:
Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар ‒ елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан-Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді.
7-оқушы:
Тұлпарға мініп, Ер түрік
Көзінде жалын ойнаған.
Ел десе, байтақ жер десе
Есесін берген қай бабам?!
Егемен жұртым, ендеше,
Тек ерлік қана сай маған!
Көрініс: «Тәуелсіздік таңы»
1-ші немере: ‒ Әже, әжетай, далада керемет болып жатыр.
Әжесі: ‒ Е, жарығым, бұл Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой.
1-ші немере: ‒ Әжетай, тәуелсіздік деген не?
Әже: ‒ Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың балам.
1-ші немере: ‒ Әже, мен қызықты көруге кеттім.
Әже: ‒ Бара ғой, балам.
Автор: ‒ Екінші немересі әжесінің қасында жатып, қолында шырағы бар періштені түсінде көреді.
Періште: ‒ Әй, балақай, тұрсаңшы, таң атып қалды. Мына шыраққа қарашы, бұл саған берілген бақыт құсы (балаға ұсынады).
2-ші немере: ‒ Әже, әже, шырақты қара. Ұстап алайықшы, ұста! (бала шошып оянады)
Әжесі: ‒ Бисмилла, бисмилла, неге шошыдың балам?
2-ші немере: ‒ Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әже: ‒ Е, ол сенің бақытың балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.
2-ші немере: ‒ Алақай! Сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атты.
Достарыңызбен бөлісу: |