Сабақтың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»


в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар. Айнагүл



бет2/2
Дата11.03.2017
өлшемі405,89 Kb.
#11422
түріСабақ
1   2

в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар. Айнагүл


Хан мен билер

(1682-1766 ж.ж.)

(1663-1756 ж.ж.)

1680-1715 ж.ж.)

(1667-1764 ж.ж.)

Тәуке хан













Төле би













Қазыбек би













Әйтеке би














в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар. Гүлжанар


Хан мен билер

(1682-1766 ж.ж.)

(1663-1756 ж.ж.)

1680-1715 ж.ж.)

(1667-1764 ж.ж.)

Тәуке хан













Төле би













Қазыбек би













Әйтеке би













Тест Аманжол

1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

а) 1523-1538 жылдар

ә) 1582-1598 жылдар

б) 1598-1628 жылдар

в) 1680-1715 жылдар

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) сұлтандарға

ә) билерге

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы»

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

а) Қазақ жерін кеңейту

ә) Жоңғарлармен келісімге келу

б) Хан билігін нығайту

в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта:

а) 7


ә) 5

б) 6


в) 10


Тест Үміт

1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

а) 1523-1538 жылдар

ә) 1582-1598 жылдар

б) 1598-1628 жылдар

в) 1680-1715 жылдар

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) сұлтандарға

ә) билерге

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы»

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

а) Қазақ жерін кеңейту

ә) Жоңғарлармен келісімге келу

б) Хан билігін нығайту

в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта:

а) 7


ә) 5

б) 6


в) 10

Тест Гүлжанар

1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

а) 1523-1538 жылдар

ә) 1582-1598 жылдар

б) 1598-1628 жылдар

в) 1680-1715 жылдар

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) сұлтандарға

ә) билерге

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы»

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

а) Қазақ жерін кеңейту

ә) Жоңғарлармен келісімге келу

б) Хан билігін нығайту

в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта:

а) 7


ә) 5

б) 6


в) 10


Тест Айнагүл

1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

а) 1523-1538 жылдар

ә) 1582-1598 жылдар

б) 1598-1628 жылдар

в) 1680-1715 жылдар

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) сұлтандарға

ә) билерге

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы»

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

а) Қазақ жерін кеңейту

ә) Жоңғарлармен келісімге келу

б) Хан билігін нығайту

в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта:

а) 7


ә) 5

б) 6


в) 10

Тәуке хан





1. Тәуке хан қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

ХVІ ғасырдың ортасында Батыр қонтайшының билікке келуіне байланысты жоңғар мемлекетінің күш-қуаты артты. Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643,1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. Осы кезде қазақтың хан тағына 1628-1652 жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады.

Таққа отырмай тұрып-ақ оның ерлік істері жалпақ қазақ арасы былай тұрсын, көрші елдерге аңыз болып тарады. Жәңгір хан болған уақыт жоңғарлардың күшейген кезі еді.

Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса-көктеп кірді. Жәңгір асығыс, көп қол жинауға үлгермей, 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.

Жоңғар әскерлері 1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді.

Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 (1718 ж.ж.).

Тәуке жас кезінен-ақ билікке араласқан. Хан тағына отырған соң, Қазақ хандығының асқынған ішкі феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты.

Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізді, Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сонымен қатарсұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Билерден құрылған «хандық кеңестің» рөлін арттырды. Ханның қарсаңындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды.

«Билер кеңесі» Түркістан қаласының жанында Битөбеде, Сайрам қаласының маңында Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілетін.

Хан дауы мәселелерді шешуде билер сотының беделін арттырып, оларды келісімді үкім шығаратын ерекше органға айналдырды. Сонымен бірге «Билер кеңесі» бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

«Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» рөлі өте зор болды. Өзінің билігін нығайтуда Тәуке хан «би-батырлар» кеңесіне де сүйенген.



2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Хандық таққа Тәуке хан отырғанда, елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте шиеленісіп тұрды. Ақсүйектер арасы да қайшылыққа толы еді. Ру-тайпаларға билік жүргізген үстем тап өкілдерінің арасында өзара ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіп, ұлғая түсті.

Тәуке ханның алдында қойған басты – мақсаты ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.

1681-1685 жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады. Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті.

1967 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.

3. «Жеті жарғы».

Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басына күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Міне, осы Күлтөбенің бассында күнде кеңес болған кезде «Жеті жарғы» заңдары (ережелері) жасалған. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы атанған, үш кемеңгердеп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып, қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз «әділдік» деген ұғымды білдіреді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.



«Жеті жарғыда» мына мәселелер қарастырылды:

1. Жер дауы.

2. Үй іші мен бала тәрбиелеу.

3. Ұрлық-қарлық, барымта.

4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.

5. Ұлтын жаудан қорғау.

6. Құн дауы.

7. Жесір дауы.

«Жеті жарғы» рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтар мен үш жүздің арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.

4. Ұлы билер.

ХVІІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды.



Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.). Төле би Әлібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы Жүздің басшысы. Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Төле би Әлібекұлы ХVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң, Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесімді шешім айтып отырған.

Өзінің шешендік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады.

Әз Тәуке дүниеден өткеннен кейін Қазақ хандығы жекелеген аймақтарға ыдырай бастады. Бұл кезде талай жылғы соғыстардан кейін Түркістан қалаларындағы өнеркәсіп пен сауда мүлдем құлдырап кеткен еді. Төле би халықты алауыздық пен өзара қырқыстан сақтандырды. Жоңғар қаупінің алдын алу үшін дипломатиялық шаралар қолданды. Ресейге екі рет елшілік те жіберді. Ол орыс Патшасының бодандығына өсуге асықпады. Қазыбек және Әйтеке билермен бірге қазақ халқының одан әрі өмір сүруіне пайдалы сыртқы саясаттың қағидаларын жасады.

Төле би 93 жасында қайтыс болып, Ташкентке жерленген.



Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764 ж.ж.). Халқымыздың айтулы кемеңгер айтулы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбек – шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғар да білгір көсемдігімен ел намысын қорғады.

Қазыбек би Келдібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті, мемлекет қайраткері, мәмілегер, Орта жүздің бас биі. Төле және Әйтеке билермен бірге «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші парасатты мәмілегер ретінде мәлім.

Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізетін сөздері – шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі.

Өзінің мәмілегерлік қызметін Қазыбек Келдібекұлы 18 жасында, Қазақ хандығының Жоңғар хандығына, Қалданға жіберген елшілігінің құрамында болған кезінде бастаған. Осы сапарда бірінші рет оның мәмілегер ретіндегі таланты байқалды. Дәл соның арқасында Жоңғарлармен болған келіссөздер өте сәтті өтті және бітіммен аяқталды.

Қазыбек би – Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі қағидалары болып табылатын қанатты сөздердің авторы.

Елші ретінде Қаз дауысты Қазыбек би бірнеше рет Жоңғар хандығына барды.

1740 жылдар Малайсарымен және басқаларымен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкеледі. Қазыбек би Қазақ және Жоңғар мемлекеттерінің арасындағы бейбіт келісімді ұзақ уақытқа бекітуге қол жеткізді.

Қазыбек би 40 – 60 – жылдары қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарына басшылық жасады. Ол кезде Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өміршең болып тұрды. Қытай өкіметіне де, Ресей өкіметіне де келіссөздерді Абылай мен және оның белсенді бейтарап саясатын ұстанған Қазыбек бидің қатысуымен жүргізуіне тура келді.

Әйтеке би Байбекұлы (1682-1766 ж.ж.). Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі – Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтеке би жастайынан - ақ әр түрлі дау - дамай, талас – тартыста суырылып шығып, тілмар шешендігімен жұртты таңғалдырған. Әйтеке басқа билермен бірге «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған тарихта белгілі ауыр кезеңде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған. (1682 - 1766) – Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Жасынан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Оның шешендік қасиеті ерте жастан белгілі бола бастаған. Жеті жасынан бастап аталары Ақшахан мен Жалаңтөс батыр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Әйтеке өзінің атасы Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренген. Ал, батыр Жалаңтөстен әскери өнерді меңгерген.

21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. Әйтеке би «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, заңдар жинағын құруға қатысқан. Ұзақ жылдар бойы Кіші жүзді биледі.

Оның өмірден білген-түйгені мол, өз заманының ақылгөй данасы екенін көрсетеді. Әйтеке би Қазақ хандығының бірігуі, біртұтас әрі күшті мемлекет болуы үшін, әділетті қоғам жолында күресті. Әз Тәуке кезінде Қазақ елінің билік басына келген бұл көсемдер қиын уақытта мемлекетті сақтауға орасан зор қызмет жасады.


1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды?

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?



1. «Қатаған қырғыны» болған жыл:

2. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды?



1. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған?

2. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған?





1. Есім хандығының астанасы –

2. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?



1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.)

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл)

3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл)

4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)

5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»).

6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға).

7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан).



8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

(1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет