1)Мәтінді түсініп оқып, көне түркі жазуы мен қазіргі қазақ тілі заңдылықтарын салыстыр.
2) Төменде берілген сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін қай стильде жазылған?
2. Мәтіннің стилін қандай тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейсің?
3. Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жаз.
12-тапсырма (оқулықтан) Белгілі ғалымдардың көне түркі жазуына қатысты айтқан сөздерін тауып жаз. Олардың мәтін мазмұнымен байланысын анықта.
Тапсырма 1) Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жаз. Римдік Марк Туллий Цицерон ғылымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешендік өнерді саусақтары сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды. Ғұлама тастай түйілген жұдырық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе, ашық алақан арқылы шешендік өнерге тән жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады. Сөйте отырып, ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделетінін көрсетеді. Бұл – Цицерон сөз өнеріне тән басты қасиеттер қатарына ойдың тереңдігін, бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз.