ІІ-кезең. «Ер дәулеті-еңбек»-ой қозғау стратегиясы бойынша Биологиялық диктант-интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
1.Бұршақ белгілерінің тұқым қуалауы бойынша Г.Мендельдің еңбегі ... жылы жарық көрді және ... әлемге әйгілі болды.
2. 1909жылы Иогансен тұқым қуалаушылықтың бөлшегін не деп атауды ұсынды?...
3.Моногибридті будандастыруды бірінші ұрпақтың будандарында тек .... гендер жарыққа шығады.
4.Екі жұп аллелі бойынша ажыратылатын даралар қатты затын будандасуды..... деп атайды.
5.Гомологті хромосомалардың локустары арасындағы алмасуларды.... деп атайды.
6.Кроссинговер хромосомалардың айқасқан гометаларының түзілуі,гендердің..... іске асырады.
7.Аллельді емес геннің қасиетін басып тастайтын гендер .... деп аталады.
8.Доминантты гендердің санына тәуелді белгінің жарыққа шығуын .....деп атайды.
9.Бір жұп аллельді геннің келесі жұп геннің шығуына мүмкіндік жасайтын құбылыс.... деп аталады.
10.Бір аллельді жұптың гені басқа бір аллельді жұптың генінің шығуына кедергі келтіретін құбылыс.... деп аталады.
ІІІ-кезең. «Егер мен...» деп аталатын ұжымдық тапсырма берілді. Екі топқа берілетін тапсырмалар мынадай:
І-топқа Ішіне дрозофила шыбыны салынған проберка берілді.
ІІ-топқа Ішіне сары-жасыл түсті асбұршақ салынған проберка берілді.Екі топтың оқушылары берілген тапсырмаларын ұжымдасып талқылап,Морган мен Мендельдің тәжіриебелері мен заңдылықтарын толық қамтитын,өзара ақылдасып араларынан бір топ Мендельді, бір топ Морганды шығарады.
Сонымен бірге 1-ші,2-ші топ мүшелері хромосомалық, гендік аурулар туралы хабарламаларын баяндайды.
Клайнфельтер ауруы
Шершевский-Тернер ауруы (әйелдерде)
Трисомия (алып әйел) ауруы
Даун ауруы
ІҮ-кезең «Ырыс алды –ынтымақ». Оқушылардың алған білімдерін генетика тарауы бойынша тексеретін негізгі бөлім. Мұнда оқушылар бір-біріне кедергі жасамау,көшірмеу үшін әрқайсысына арналған деңгейлік есептер жазылған кеспе қағаздар таратылады.
І-деңгейлік есеп: Моногибридті, дигибридті будандастыруға арналған (3 ұпай)
ІІ-деңгейлік есеп: Дигбридті будандастырудың күрделі есептері (4 ұпай)
ІІІ-деңгейлік есеп: Хромосомалық тұқым қуалаушылыққа, гендердің өзара әрекеттесуіне арналған есептер (5 ұпай)
ҮІ-кезең. «Бейнет түбі –зейнет » оқушылардың білімін жинақтау, бағалау.