СҚО Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы
Мамлют санаторлық орта мектеп- интернаты
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Шаукеров Жангелді Набиұлы
Қазақ әдебиеті 5 сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Толағайдың ерлігі» (ӘбділдаТәжібаев) 5-сынып.
|
Сабақтың мақсаты
|
Әдеби ертегі «Толағай» туралы білімдерін саралау, жүйелеу, ертегінің идеясын анықтау; оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік пікірлерін,
көзқарастарын білдіруге қалыптастыру, өз беттерінше ізденуге жетелеу; кейіпкерлерге мінездеме беру, басқа шығармалармен салыстыра келе, өзінің қорытынды ойын шығара білуге баулу. Батырлық, ерлік қасиеттерін бойына дарыту арқылы туған елін, жерін, Отанын құрметтеуді түсінеді.
|
Міндеттері
|
Автордың өмірі мен шығармашылығының негізгі жайында мәлімет алады.
Басты кейіпкерлердің бейнесі арқылы ертегінің көркемдік ерекшелігін тану;
|
Күтілетін нәтиже
|
Өлең-дастанды түсініп оқып, дастанның ерекшеліктерін зерттей алады;
Әдеби шығармаларды талдайды, мінездеме бере алады;
|
Түйінді идея
|
Елі үшін ерлік жасайтын ерлер туса ...
|
Инновациял. технология
|
Дамыта оқыту. СТО
|
Оқыту түрі
|
Даралап, ұжымдық
|
Cабақтың құрылымы
|
I.
|
Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)
1.Оқушылармен сәлемдесу.
Қане, балалар, бәріміз тақтаның алдына қарай шығып, «Шаттық» шеңберін жасап тұра қояйық. Енді бір –бір ауыз сөзбен жүректеріңнен шыққан жақсы тілектеріңді бір- бірімізге тілейік!Тек біріміздің айтқанымызды, екіншілеріміз қайталамауға тырысайық! Алақандарымызды ашып, көршілеріміздің жүректерінен шыққан ақ тілектерін қабылдауды бастайық!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |