Жаңа сабаққа кіріспе
|
Әр түрлі батарейкалардың суреттері көрсетіледі. Осы заттарды біз не үшін пайдаланамыз? Батарейкалар қандай талаптарға сай болу керек? Батарейкаларда электр энергия қалай пайда болады? Аккумулятор мен батарейканың қандай айырмашылығы бар?
|
Тапсырма: мырыш-мыс гальваникалық элементтің мысалында, сұрақтарға жауап беріңіз.
Гальваникалық элементтің сызба нұсқасын құрастыру үшін қандай мәнді пайдаланасыз?
Берілген гальваникалық элементтің сызба-нұсқасын құрастырыңыз.
Анодта өтетін үдерістің сызба нұсқасын жазыңыз.
Катодта өтетін үдерістің сызба нұсқасын жазыңыз.
Гальваникалық элементте өтетін жалпы тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазыңыз.
Мырыш-мыс гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз ЭҚК= Екатод -Е анод
Тапсырманы орындауға қиналып отырған оқушыларға сурет беріледі
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|