Тапсырма 3. Жеке жұмыс
Стандартты сутек электроды мен 0,01 М PbCl2 ерітіндісіне батырылған қорғасын электродынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК анықтаңыз. Қай электродта – тотығу, қайсысында тотықсыздану жүреді?
Реакциялардың стандартты ЭҚК есептей білу
ЭҚК есептеу кезінде Нернст теңдеуін қолдан білу
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
«Стандартты электродты потенциалдар» кестесі бойынша берілген металдардың электродты потенциалдарының мәндерін пайдаланып жүру мүмкін тотығу-тотықсыздану реакцияларының қысқыртылған иондық теңдеулерін жазу.(бір металл тұз ретінде берілгенің ескеру)
|
Тапсырма 1. Марганец электродын оның тұзының ерітіндісіне батырғанда, потенциалы 1,1В болса, марганец ионының (Мn2+) концентрациясы (моль/л) қанша болғаны?
Тапсырма 2 . Егер мыс және қорғасын электродтарын осы металдардың 1 М ерітінділеріне батырылғанда түзілген гальваникалық элементтің Э.Қ.К.= 0,47В болса, электродтарды 0,001М ерітінділеріне батырғанда, ЭҚК өзгере ме? Жауабыңызды дәлелмен көрсетіңіз.
|
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
|