Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі18,14 Kb.
#159276
түріСабақ
1   2   3
III Жаңа сабақ
Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.
Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1.
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.
Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:
Na 0- ē=Na+
N-3-5 ē=N+2
Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:
Cr+6+3ē=Сr+3,
S0+2ē=S-2,
Mn+7+5 ē=Mn+2,
Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш – электрон беруші атом немесе ион.
Ең маңызды тотықтырғыштар: күштілері – F2, O2, O3, H2O2, Cl2 (әсіресе сулы ерітіндісі), HClO, HClO3, H2SO4 (тек концентрлісі), патша арағы (концентрлі HNO3 және HCl қоспасы), HNO2, NO2, KMnO4 (әсіресе қышқыл ерітіндіде), MnO2, K2Cr2O2, CrO3, PbO2 және т.б.; әлсіздері – I2, бром суы (Br2+H2O), SO2, Fe3+ және т.б.
Маңызды тотықсыздандырғыштар: күштілері – сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H2S және сульфидтер, NH3, PH 3, H3PO3, C, CO, Fe 2+ Cr 2+ және т.б.; әлсіздері – активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag,Hg), HCl және хлоридтер, SO2, HNO2 және т.б.
ТТР мынадай типтері бар:
1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;
2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;
3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.
ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.
2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.
3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.
4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance)
5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.
6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.
2KMnO4+16HCl = 2KCl+2MnCl2+5Cl2+8H2O
ТТР-ның маңызы:
ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.
Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет