Мазанова Қаламқас Жарылгаповна,
ЖШС «Мейірбике»колледжінің физика пәні оқытушысы.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Трансформаторлар және олардың жұмыс істеу принципі
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға трансформатордың қандай құрал екендігі, құрылысы,
шартты белгісі, жұмыс істеу принципі туралы түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін
дамыту, әр оқушының білімдіілік, ұжымдық қабілетін ояту, есте сақтау
қабілеттері мен ой өрісін дамыту.
-
Тәрбиелік: оқушыларды көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, ынтымақтастыққа,
шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін
арттыру.
І. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, мәтін, ақпараттық кесте.
IV.Сабақтың өту әдісі: СТО стратегияларының түрлері, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың өту түрі: аралас сабақ, іздену-зерттеу.
VI.Пән аралық байланыс: математика
VII.Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын «Ми қозғау» стратегиясы бойынша тексеру:
-
Синусоидалық ток қандай заң бойынша өзгереді, теңдеуі қалай жазылады?
-
Синусоидалық токты қандай шамалар сипаттайды?
-
Синусоидалық токтың форматтық қоэффициенті мен амплитудалық коэффициенті қалай жазылады?
-
Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп нені айтады?
-
Үш фазалы тізбек дегеніміз не?
-
Үш фазалы жүйені электр тізбегіне қосудың қандай тәсілдері бар?
3.Жаңа сабақты түсіндіру:
1.Трансформатор деген сөз қандай сөзден шыққан?
2. Трансформатор қандай құрал?
3. Трансформатордың құрылысы?
4. Трансформаторды кім ойлап тапқан?
5. Трансформатордың жұмыс істеу принципі қандай?
6.Трансформатордың қандай түрлері бар?
4.Сабақты бекіту:
«Мағынаны ажырату» стратегиясы бойынша екі топтың әрқайсысына тақырыптан мәтін таратылады, осы мәтінді оқи отырып, берілген уақытта ақпарат кестесін толтырады.
Ақпарат кестесі
Анықтамасы
|
Құрылысы
|
Шартты белгісі
|
Түрлері
|
|
|
|
|
Кестені толтырып болғаннан кейін,толтырған оқушылардың жауабы оқытылып бағаланады.
«Ой толғаныс» стратегиясы бойынша есептер шығарылады.
1-ші топқа берілетін есептер:
№147. Трансформатор кернеуі200 В желіге қосылған. Оның бірінші олрамасында 1000
орам, ал екіншісінде 200 орам бар. Трансформатордың трансформация
коэффициентін, екінші орамадағы кернеуді табыңдар?
№5-А. Трансформатор айнымалы токтың кернеуін 220 В-тан 2000 В-қа дейін
жоғарылатады. Екінші орамадағы ток 0,4 А болса, бірінші орамадағы ток неге тең?
2-ші топқа берілетін есептер:
№148. Трансформатордың бірінші орамасындағы ток күші 2 А, ондағы кернеу 120 В.
екінші орамадағы кернеу 30 В. Екінші орам адағы токты, трансформация
коэффициентін табыңдар. Бұл трансформатор төмендеткіш бола ала ма?
№1-А Төмендеткіш трансформаторлар айнымалы токтың кернеуін 1000 В-тан 220 В-қа дейін төмендетеді. Бірінші орамнан 2,5 А ток өтіп жатса, екінші орамнан қандай ток өтеді? Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентін 90% де алыңдар.
Бұл есептерді жеке дәптерлеріне орындап көрсетеді.
«Ой қозғау » стратегиясы бойынша сабақ қорытындыланады:
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Конспект бойынша дайындалу
Достарыңызбен бөлісу: |