Сабақтың тақырыбы, түрі. Пән Мұғалімнің аты-жөні Сынып 1



бет1/11
Дата25.06.2017
өлшемі12,23 Mb.
#19967
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бастауыш сыныптар апталығының есебі

Абай орта мектебінде 2017 жылдың 17-22 сәуір аралығында бастауыш сыныпитардың пәндер апталығы өтті. Апталықта мына төмендегі сыныптан тыс ашық сабақтар жоспарланды:






Күні

Сабақтың тақырыбы, түрі.

Пән

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

1

Дүйсенбі 17.04.2017

Апталықтың ашылуы




Бастауыш сынып мұғалімдері

0-4 сынып тар

2

Сейсенбі 18.04.2017

Білгірлер сайысы. Зерттеуге негізделген сайыс сабақ.

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу

Сейтмаганбетова Ж.Б.

4 сынып

3

Сәрсенбі 19.04.2017

«Әлсіз буын» зияткерлік ойын сабағы

Барлық пәндер

Шарипхан Б.

2 сынып

4

«Үй жануарлары мен үй құстары» сюжеттік-рөлдік ойын сабағы

Тіл дамыту

Арыстанова Г.Н.

0 сынып

5

Бейсенбі 20.04.2017

«1000 бір мақал, 100 бір жұмбақ»

Барлық пәндер

Ахметова С.М.

3а сынып

6

Жұма 21.04.2017



«Составление рецепта салата» Интегрированный урок. Связь с жизнью.

Обучение грамоте

Елубаева С.Б.

1б сынып

7

«Зерде» зияткерлік сабағы

Барлық пәндер

Калиева Г.К.

1а сынып

8

Сенбі 22.04.2017

«Лидер ХХІ века» интеллектуально -познавательная игра

Барлық пәндер

Басжанова Н.Н.

3б сынып




17.04.2017ж. күні апталықтың ашылуына байланысты бастауыш сынып мұғалімдері фойедегі стендтке логикалық тапсырмалар сайысын ұйымдастырды. Логикалық тапсырмалар ішінде атап айтсақ ребустар, сканвордтар, сөзжұмбақтар, жасырын сөздер, сөз есептер мен логикалық жұмбақтар болды. Оқушылар осы тапсырмаларды орындау барысында жауабын тауып өз есімдерін жазып қалдырды. Біз сол жазылған есімдері бойынша кімнің нені орындағанын біліп апталық соңында беру үшін арнайы сыйлықтар дайындадық.

18.04.2017ж. күні қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәні бойынша зерттеуге негізделген сайыс сабақ өтті. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім сабақта деңгейлік әдіс-тәсілдерді көбірек қолданған. Яғни мұғалім Сейтмаганбетова Ж.Б. өзінің әдістемелік тақырыбына сәйкес сабақта Маслоудың 7 модулін ықпалдастыра отырып, оқушыларды сыни ойлауға бағытталатын тапсырмалар қолданды. Сабақта төрт топ түрлі-түсті галстуктер тағып, бірінші сайыста төрт партада орналасқан төрт түрлі тапсырмаларды бәрі орындап шықты. Екінші сайыста бір-біріне қонаққа барып, үшінші сайыста қонақта не үйренгендерін үйлеріне айтып келген ЖИГСО әдісімен мәтін туралы не білгендерін айтты. Төртінші кезеңде екі топ сол мәтіннен бір сөзді алып септеп, жіктеп берсе, үшінші, төртінші топтар мәтіндегі жалқау балаға өлең шығарып, сурет салды. Сабақтың ерекшелігі мұнымен біткен жоқ, бұл сабақта әр топ басқа топтарға баға қойды. Одан кейін ауызша сұрақтарға жауап беруден сайыс болды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша қызылдар тобы 37 ұпай, жасылдар тобы 38 ұпай, сарғылттар тобы 38 ұпай, ал сарылар тобы 37 ұпай жинады. Зерттеу жұмыстарына өте жақсы қатысқан оқушылар Ергали Зарина, Қазбек Ерасыл, Кенжебай Адильхан, Касымова Дильназ, Әскер Ұлан, Айдос Айсауле, Майрамбай Даяна, Аманжол Нұрсұлу т.б. Сабақ соңында оқу ісінің меңгерушісі Байдалина Г.Б. оқушыларды арнайы мақтау грамоталарымен марапаттады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет