Вегетативті жүйке жүйесі.
Шетенова Ермек Нұржауарқызы.
Астана қаласы
№48 мектеп-лицейі
Химия, биология пәндерінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Вегетативті жүйке жүйесі, оның құрылысы мен қызметі, мүшелердің қос вегетативтік жүйелікке бейімделу сипаты туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1/ үлкен ми сыңарларының қызметі.
2/ вегетативті жүйке жүйесінің құрылысы мне қызметі.
3/ мүшелердің қос вегетативтік жүйелікке бейімделуі.
Көрнекі құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, ПАСКО құралы, активботе арқылы тесті алып, сараптау, датчиктер,кестелер мен сызбанұсқалар, энциклопедия.
Сабақты жүргізу тәсілі: реподуктивті.
Сабақтың түрі: аралас, ізденіс,/комбинативті/.
Пәнаралық байланыс: валеология,химия, тарих,медицина.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. 1. Жүйке жүйесін қайталау.
Сұр зат Ақ зат Сұр зат Ақ зат.
2. Үлкен ми сыңарларын қайталауға арналған тест.
ТЕСТ.
1.Үлкен ми сыңарларының қыртысты денесінде
А. 12-14 млрд.нейрон
Б. 14-16 млрд.нейрон
С. 14-18 млрд.нейрон
Д. 20-22 млрд. нейрон
Е. 20-24 млрд. нейрон
2. Ең терең жүлге
А. Орталық
В. Бүйір /сама/
С. Төбе
Д. Шүйде
Е. Жұлын
3. Қыртыстың өткізгіш жолы
А. Көк зат
В. Ақ зат
С. Қызыл зат
Д. Сұр зат
Е. Түссіз зат
4. Қыртыс астында ядро түзеді
А. Ақ зат
В. Қызыл зат
С. Түссіз зат
Д. Ақ зат
Е. Сұр зат
5. Қимылды үйлестіріп, тепе-теңдік сақтайды
А. Үлкен ми сыңарларында
В . ортаңғы мида
С. Жұлында
Д, көпірде
Е. Мишықта.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Вегетативті жүйке жүйесінің құрылысы.
1.Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері.
Талшықтар –жүйке түйіндері – Талшықтар – кезбе
- талшықтар – ішкі мүшелерге жүйке – ішкі мүшелерге
1.Вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің жеке мүшелердің қызметіне әсері.
-
Мүшелер мен жүйелер
|
Симпатикалық бөлім іс-әрекеті
|
Парасимпатикалық бөлім іс-әрекеті
|
Қан тамырлары
|
тарылтады
|
кеңейеді
|
Көз қарашығы
|
ұлғаяды
|
Кішірейтеді
|
Жүректің жиырылуы
|
арттырады
|
Ретке келтіреді
|
Ас қорыту мүшелері
|
тежейді
|
қоздырады
|
қуық
|
босаңсиды
|
Тонусын жоғарылатады
|
Сілекей бездері
|
азаяды
|
күшейеді
|
Бүйрек үсті бездері
|
Гормон бөлінуі күшейеді
|
Гормон бөлінуі азаяды
|
ІҮ . Жаңа сабақты пысықтау.
1.Вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің жұмысын тексеру.
№1 зертханалық жұмыс – жүректің жиырылуын тексеру.
2.Сопақша мидың жұмысын тексеру.
№2 зертханалық жұмыс – өкпенің тіршілік сыйымдылығын тексеру.
3.Ми бөлімдері және олардың қызметі.
-
Мидың бөлімдері
|
нейроглия
|
Атқаратын қызметі
|
Физиологиялық құбылысты реттейді
|
Сопақша ми,көпір
|
бар
|
Рефлекторлық және қозуды өткізгіштік
|
Жүрек,тыныс алу,ас қорыту
|
мишық
|
жоқ
|
Қимыл-қозғалысты реттеу
|
Дене қалпы, жүріс-тұрысты үйлесімді ұстау
|
Ортаңғы ми
|
бар
|
Бұлшық еттердің ширақтығын сақтау, реттеу
|
Көру, есту,бағдарлау рефлекстерінің доғасы өтеді
|
Аралық ми
|
бар
|
Дене қызуы, зат алмасу, ас қорыту,зәр шығару, сергектік,бейімделу,көру,еске сақтау, сезім толқынын реттеу
|
Қозуды өткізу, ішкі жүйелердің қызметін реттейтін жоғары орталық,күрделі рефлекстік қимылды реттейді, гуморальды реттеуге әсері бар
|
Үлкен ми сыңарлары және олардың қыртысы
|
бар
|
Психикалық әрекетінің болуының негізі
|
Тәлім-тәрбие,ойлау, сөйлеу, мінез-құлық, еске сақтау, бейімделу реакциялары қалыптасады
|
Ү. Үй жұмысы. ﮝ 18, кестені және зертханалық жұмыс дәптерін толтыру.
ҮІ. Сабақты бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Әдістемелік нұсқау.
Бұл сабақ биология пәнінен 8 сыныпта І – тоқсанда өтіледі. Вегетативті жүйке жүйесі – 4 бөлімге «Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасына» кіреді.
Үлкен ми сыңарларынан кейін оқушыларға түсіндірілетін жаңа сөздер – вегетативті жүйке жүйесі немесе автономиялық жүйке жүйесі, симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің жұмыстары адам еркіне және санасына бағынбай жүзеге асырылады.
Симпатикалық және парасимпатикалық ядролардың орналасуы мен құрылысы тірек-сызбада берілген.
Кестеде ми бөлімдері мен симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдер арасынадағы байланыстарды оқушылар кестелерден тез түсіне алады.
Менің сабағыма, әділ алқалар қазысы, көңіл аударыңыздар. Мұндай сабақ зертханалық сабақпен әлі ұштаспап еді.Бұл менің кішігірім жаңалығым.
Рахмет сіздерге.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Білім мазмұны кафедрасы
Шеберлік сағаты:
«Вегетативті жүйке жүйесі».
Тыңдаушы:
Шетенова Ермек Нұржуарқызы
химия, биология пәні мұғалімі
Жетекшілері:
Салимова Б.М.
Қадирберлина Г.М.
Қарағанды 2012
Достарыңызбен бөлісу: |