Сабақтың тақырыбы: «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»



бет3/6
Дата05.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#18244
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру


  • Кімде үйде компьютер бар?

  • Кімде қандай операциялық жүйе орнатылған?

  • Барлығымызда да Windows Ож жақсы, ал енді осы ОЖ орнатқан кезде автоматты түрде қандай қолданбалар орнатылады. (Стандартты программалар)

  • Калькулятор қолданбасы бізге не үшін қажет?

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:
1) программа-көрсеткіш Проводник,
2) графикалық редактор Paint,
3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad
4) Калькулятор
5) Адрестік кітап
6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,
7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,
9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).
Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.



1. Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
2. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P –басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау

CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + F – табу
CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)
CTRL + А – барлығын белгілеу

3. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (калыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет