Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: көбейту мен бөлу амалдарын жан-жақты меңгертіп, . өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Дамытушылығы: ауызша,жазбаша көбейту,бөлу кестесін
меңгерту. Дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіріп
логикалық ойлауын дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: шыншылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, өз
беттерінше тапсырмаларды орындатып,нәтижеге
жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: ойынға қажетті дидактикалық материалдар,сандар, логикалық есептер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Бүгінгі сабағымызды ойын сабағы ретінде өтетінімізді айту.
«Жұлдызды сағат» - сын сабақ,
Жұмбақты шешіп, ойна, күл.
Білімдіден мол талап,
Күтіледі, оны біл!
Ал ойыннан қалмайық,
Жұлдызсыз мүлде болмайық.
ІІ. Психологиялық дайындық.
І. Топ.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
ІІ.Топ.
Ал, қанекей, балалар,
Қазір сабақ оқимыз.
Жақсы оқып сабақты,
Санамызға тоқимыз.
ІІІ.Топ.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ауызша оқыту. 7 тапсырма. (68 бет)
7*3 5*4 320*4 9*10 32*4 32*5
60*3 90*2 250*5 8*5 100*5 5*5
5-ке көбейту кестесіне байланысты ойын ойнату.
- Қазақ халқы 3, 5, 7, 9 сандарын қасиетті сан деп есептейді. Ата – бабаларымыз бұл сандарға ерекше мән берген. Ендеше осы сандардың ішінен 5 саны туралы не білеміз?
Жаңа білімді игеру.
1. Әңгімелеу.
Бүгін бүкіл сынып оқушылары сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Кім көп жұлдыз жинаса сол «математика патшалығының» алтын кілтін алады және «5» деген бағамен бағаланады. Ал, кімде – кім төртбұрыш көп жинаса «4», үшбұрыш жинаса «3» деген бағамен бағаланады.
Сабағымызды «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны түрінде өткіземіз.Он ұяшықты рет – ретімен ашамыз. Әр ұяшықтың артында тапсырмалар бар.
Әр ұяшықты ашқан оқушы оның бетіндегі фигура туралы түсінік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |