Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі



бет3/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,43 Mb.
#5286
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

ҮІІ. Бағалау

Пәні: әліппе күні 21.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі

Білімділік мақсаты: Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и, а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға үйрету.

Сабақта пайдаланылатын көрнекілік: кеспе әрәптер, суреттер

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы сұрақ қою арқылы пысықтау



ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау:

Өтілген тақырыптар бойынша қосымша сұрақтар қоя отырып, білімдерін пысықтау

Семантикалық картамен жұмыс:




Дауысты

Дауыссыз

А,о,е,ү,ұ,ы,і,







К,с,м,р,п,т,







ІҮ. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

А яқ қо ян қи яр а яз та қи я

Та яқ ша ян пи яз са яз да ри я

Мәтін Ұя

Ұя жасап тақтайдан, Талға апарып байладым

Жыл құсының шаттанған Күттім қаша сайрауын

Сол ұяны талғады, Қараторғай мекендеп.

Күні бойы сайрады, Жайлы пәтер екен деп

Өлеңді талдату.



Сергіту сәті:

«Шынжыр» ойынын ойнату:

Шаян нан нар радио орындық қар ребус сағат тарақ қарбыз зығыр

Ү.Жаңа сабақты бекіту:

Өтілген Я дыбысы мен әрпі бойынша сұрақтар қою. Я дыбысына келетін сөздерге мысал келтір.Сондағы Я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?



Дәптермен жұмыс:

ҮІІ. Сабақты қорытыныдлау:

- Ұяны неден жасайды?

- Бұл сөзде Я дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр.

Берілген сөздердің ішіндегі жоқ дыбысты тауып орнына қою

Қи...р,пи..з,са..з,а..қ,та..қ,дар..я,қа...ия,

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ.Бағалау

Пәні:әліппе күні 24.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Я әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға,және дұрыс дыбыстауға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өнерлі болуға баулу,таза,көркем,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:Оқу машығын арттыру, ән айтуға баулу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезені:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

95 беттегі сөздерді оқыту. «Ұя» мәтінін мәнерлеп оқуға жатттығу.



ІІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау



ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін пысықтау.

1.Я дыбысы қандай дыбыс?

2. Я әрпі неше дыбыстан тұрады?

3. Ақан серінің тұлпары Құлагерді суретте.

4. Баған түрінде берілген сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

ұя аяқ қияр, бояу сия, мая

баян таяқ Пияз қоян қия жая

5. Кісі аттары, жер –су аттары бас әріппен жазылатыны туралы мағлұмат беру( мысал келтірту)

6. «Сұр қоян» өлеңін хормен жаттату.

7. Әндетіп айтуға үйрету.



Ү. Жаңа білімдерін бекіту.

Диктант жазу: сия қия аяқ ұя сая мая жая. Я я Г г

Дәптермен жұмыс: ұя аяқ таяқ пияз қияр тақия

Тақтамен жұмыс: Ұя тақтайдан жасалады. Ұяны қараторғай мекендейді.



ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық ?

Қандай дыбыстардан құралған дыбыс ?

Я


Й .....

Семантикалық кестемен жұмыс:






Пиаз

шаян

қойяан

саяз

ұя

бойяау

қияр

тақия

жая.

Дұрыс жазылған




























Дұрыс жазылмаған





























ҮІІ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 24.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты:Ю әрпін сөз ішінде дұрыс оқуға,және дұрыс дыбыстауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқу жылдамдығын арттыру. Сөздік қорын молайту,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа,сауаттылыққа,көркем жазуға тәрбиелеу баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Араға таланған аю

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 9, 8 сөздерді оқыту.

«Жақсы көрем» өлеңін жатқа сұрау.

Жеке оқушымен жұмыс:

1. Суреттегі заттың атын жаз.

2. Буынға бөл

3. Дыбыстық талдау жаса.

4. Сөйлем құра.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін пысықтау.

1.Ю дыбысы қандай дыбыс?

2. Ю әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

Ү. Жаңа білімді бекіту.

а) «Жарыс « мәтінінің мазмұнын түсіндіру.

ә) Кісі аттары, жер –су аттары бас әріппен жазылатыны туралы мағлұмат беру ( мысал келтірту)

б) Балаларға дауыстап оқыту.

в) Сұраққа-жауап. -Қасқыр аңдарға не деді? -Аю ненің ұясын бұзып кетті? -Аралар не істеді? -Аю қалай жүгірді? -Ол неліктен тез жүгірді? -Мәреге не бірінші болып жетті?

г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.

Ү ү М м Г г Я я Т т К к Ю ю

Дәптермен жұмыс: аю, ою, қою үю қию жию ю Ю

Тақтамен жұмыс: Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Топтастыру стратегиясын қолдану:
жарысқа қатысты араның ұясын бұзды
Аю

араға таланды мәреге бірінші келді

2. «Жоғалған әріпті тап»

Қо...,жи...,аза...,көбе...,қо...лап,о...лап.



ҮІІ. Бағалау

79. Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру 2.Ұлттық тәрбие беру. 3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.1.Я дыбысы қандай дыбыс?2. «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:Жұмбақ шешу.Қыс бойына жатады, тәттті ұйқыға батады. (Аю)а) Аю,ою сөздеріне дыбыстық талдау жасату. -Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар? -ю (бірнеше рет қайталап дыбыстау) ә) Ю дыбысы екі дыбыстан тұратындығы туралы түсінік беру. Айу-аю, ойу-ою. ә) Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Қою-4 құю-4 сүю-4 есею-5 азаю-5 Қию-4 түю-4 күю-4 үлкею-6 көбею-6 б) Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі-Ю ю жазбаша түрі- в) Өлең жаттауға жаттығу «Жақсы көрем»г) Дәптермен жұмыс: Я әрпін жазғызу. д)Диктант жазғызу. аю, ою,қою,үю, қию, жию.

Ү. Жаңа білімдерін тексеру.-Ю қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта дыбыстар және әріптермен таныстық?

Пәні: әліппе күні: 25.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Білімділік мақсаты: Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. Сауаттылыққа,мәнерлеп оқуға төселдіру.

Дамытушылық мақсаты: Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.Шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа,төзімділікке,бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру

а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.




Дыбыс

Бу

ын

ә)Жер-су аттары қалай жазылады?

Кестемен жұмыс: Берілген дыбыстарды өз үйлеріне қондыр:
А,ә,у,к,н,ш,д,о,л,п,т,б,ю,я,ы,ж,р,й.м,т,г,з,с.

Дауысты дыбыстар:

Дауыссыз дыбыстар:








Сөздік диктант.Аян,Саян, Баянауыл, Әмудария, Данияр, Еркін, Қапшағай.Сөздерді буынға бөлгізу. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау: Сергіту сәті

Тақтамен жұмыс:

1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.

2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

3. Жеке оқушымен жұмыс: Әдеби кітапшалар оқыту.

4. Дәптермен жұмыс:

ІҮ. Бекіту кезеңі:

Дыбыс, буын дегеніміз не?

Сөз. Сөйлем .Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?

Ү. Сабақты қорытындылау:

Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.

«Шынжыр» ойынын ойнату: парта ат тақта арыстан нан нар радио орындық қар рәміз зығыр рәсім мереке есек кептер

ҮІ. Бағалау


Пәні: әліппе күні: 26.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Х дыбысы мен әрпін таныту,сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру,мәнерлеп оқуға төселдіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқу жылдамдығын арттыру,логикалық ойлауын дамыту,өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: тәртіптілікке,тазалыққа,ұқыптылыққа,сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Х әрпіне қатысты суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау

.-Ю дыбысы қандай екі дыбыстан тұрады?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.«Жарыс» мәтінін әңгімелету.



ІІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау



ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Хат туралы кіріспе әңгіме

ә) Буындық талдау жасату.

б) Х дыбысын дыбыстап қандай дыбыс еекенін анықтау.

в) әрпімен таныстыру.

г) Әрбір сөздің мағынасын ашу.

д) «Кітапхана» мәтінін оқытып, неше сөйлемнен құрылғанын анықтау.



Ү. Жаңа білімді бекіту. Венн диаграммасымен жұмыс:

а) Бүгін біз сендермен х әрпімен таныстық.Бұл орыс тілінен енген әріп. Х дауыссыз дыбыс.

ә)
Х

Ю


г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.

Ү ү М м Г г Я я Т т К к Ю ю



Дәптермен жұмыс: Х әрпін жазып үйрену.

Тақтамен жұмыс:

Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.



ҮІ. Сабақты қорытындылау: семантикалық кестемен жұмыс :

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?







я

ю

х

г

и

Қо...н
















Аза...
















Сая..ат
















Е.ін
















Тақ..я

















ҮІІ. Бағалау
Пәні: әліппе күні: 27.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: h дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

һ дыбыс бойынша оқушыларға білімдерін пысықтау.

ә)өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту.

б)һ дыбысы бойынша білімдерін пысықтай отырып , әріпті дұрыс жазуға үйрету.



Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы пысықтау, сұрақтар қою.



ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.өтілетін һ дыбысы сөздің басында, соңында келмейді.Ол сөздің ортасында ғана кездесді.



ІҮ. Жаңа сабақ: Һ дауыссыз дыбыс.

Суретке қарайықшы ол кім? Ол -батыр, қаһарман. Осы сөз һ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Гау һар жи һаз қа һар қа һар ман Мәтін

Қаһарман.

Қазақ халқы батыр халық, қаһарман халық. Оның Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлары , Әлия мен Мәншүк сынды қаһарман қыздары көп болған.Қазіргі кезде де еліміздің қаһарман ұлдары мен қыздары аз емес.



Сергіту сәті

Ү. Жаңа сабақты бекіту кезеңі: топтастыру әдісі

Қаһарман мәтінін талдау.




Һ

Айдаһар қаһарман


Гауһар жиһаз жиһан

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

Берілген сөздерге дыбыстық,буындық талдау жүргізу

Қа-һар-ман, ай-да-һар, жи-һаз, жи-һан, қа-һар, гау-һар.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: топтастыру әдісі

Һ дыбысы бойынша сөздерге мысал келтіру.

елін қорғаушы ержүрек
Қаһарман

батыр мықты,күшті


бес қаруы бар



ҮІІ. Үйге тапсырма: Бес қарудың суретін салу

ҮІІІ. Бағалау


Пәні: әліппе күні: 28.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі

Білімділік мақсаты: В дыбысы туралы түсінік беру.В дыбысы бойынша білімдерін пысықтау

Дамытушылық мақсаты: ә) Оқушылардың логикалық ойын, есте сақтауын, сөздік қорын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: б) оқушыларға сөздерді құрастырып,сөйлемдерді дұрыс құра білуге үйрету.Үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, ойын

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы талдап пысықтау.



ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

Һ дыбысы мен әрпі, я дыбысы мен әрпі , ю дыбысы мен әрпі туралы білімдерін пысықтау.Сөздік диктантын ұйымдастыру



ІҮ.Жаңа сабақ:

Психологиялық сәт:

Қосылса 13 арасы,

Қандай әріп қарашы? (В)

-Балалар, бүгін біз сендермен жаңа сабақ

В дыбысы мен әрпі туралы өтеміз.

В-дауыссыз дыбыс. Вокзал сөзіне түсінік беру.

В хормен айтқызу.

Тізбектей оқу Вокзал мәтінін оқу.

Түсіндіру.



Ү. Дәптермен жұмыс:

Вв дыбысының баспа,жазба түрімен таныстыру, көркем етіп жаздыру.

В дыбысын басқа әріп таңбаларымен қосып жазуды меңгерту

Ү. Бекіту кезеңі: топтастыру әдісі

Өтілген В дыбысына мысалдар келтіру

Сөздегі В дыбысы сөздің қай буынында екеніне түсінік беру.
Вагон велосипед

Вокзал автобус
В


Автор витамин

Волейбол трамвай
ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.



ҮІІ.Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 30.11.145ж.

Сабақтың тақырыбы Ф дыбысы мен әрпі

Білімділік мақсаты: Ф дыбысы туралы түсінік беру.Сөздерде кездесетін мысалдар туралы білімдерін қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: Ф дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып логикалық ойын,есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманы тізбектей отырып, пысықтау



ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

Жалпы қанша дауысты дауыссыз дыбыстарды білеміз.

Ойын «Кім зерек?»

ІҮ. Жаңа сабақ: жұмбақ жасыру:

Бір бала ары қарап тұр,

Мықынға қолын таяп тұр.

Жұмбақталған қай әріп?

Жауап берші ойланып. (Ф)

Ал, балалар бүгінгі өтетініміз Ф дыбысы мен әрпі.

Ф- дауыссыз дыбыс

Оқулықтағы суретке қарай отырып, сөйлем құрату.



Сергіту сәті:

Ү. Дәптермен жұмыс:

Фф дыбысының баспа,жазба түрімен таныстыру.

Фф дыбысын басқа дыбысқа қосылуын таныта отырып жаздыру


ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. Топтастыру әдісі

Ойынның түрі доппен ойнайды
Футбол



Қарсылас тобы болады

Футбол өлеңін оқу

- Өлеңде айтылғандай жолдың бойында доп ойнауға бола ма ?

- Дұрыс, жоқ.



ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз қандай дыбыспен таныстық?

«Жоғалған әріпті тап» ойынын ойнату

....утбол,..онтан,теле..он,телегра..,..ерма,..ирма,..акс.


ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Бағалау
Пәні: әліппе күні: 30.11.15ж.

Сабақтың тақырыбы: . Ёё дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ёё дыбысы туралы түсінік беру.Сөздерде кездесетін мысалдар туралы білімдерін қалыптастыру

Дамытушылық мақсаты: Е дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып логикалық ойын,есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Еңбек етуге , үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы тізбектей отырып, пысықтау



ІІІ .Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

Қазір біз сендермен Ф дыбысына байланысты сөздерге мысал келтіре отырып, «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.



ІҮ. Жаңа сабақ:

«Е» әрпінің үстіне

Екі нүкте қойғанда,

Қандай әріп шығады?

Жауабын айт, ойлан да. (Ёё)

Ёё) екі дыбыстын құрылған

Й+О
Ёё

Ал,балалар бүгінгі өтетініміз Ёё дыбысы мен әрпі.

Ёё- дауысты дыбыс

Оқулықтағы суретке қараймыз. Ол кім? - Ол монтёр.Шахтёр қайда жұмыс істейді? Кім біледі? Хормен оқыту

Монтёр шахтёр

Сергіту сәті:

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Дәптермен жұмыс: Ёё дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру

Көркем етіп жаздыру,жұмыстарын қадағалау,көмек көрсету.

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту:

шахтёр
Ё

Монтёр
ҮІ Сабақты қорытындылау:

Жоғалған әріпті тап:

Шахт..р, Монт...р



ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау


Пәні: математика күні: 19.11.14ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет