Асқазан қабыргасының гипертрофиясы тума немесе асқазан жа-расынан соң пайда болатын, пилоростенозда байқалады. Ересек адамдарда пилоростеноз нөтижесінде асқазан созылып, ол жерде 10 литрге дейін сүйықтық жиналады, ал асқазан түбі жамбас куысы-на дейін түсіп кетеді. Қуықтың гипертрофиясы қуық безінің ги-пертрофиясына немесе аденомасьша байланысты зәр піығару қиын-даған кезде дамиды. Ол өсіресе 70 жастан кейін көп кездеседі.
Жүп ағзаларда дамитьш гипертрофияны викарлық гипертрофия деп атайды. Мысалы, бір бүйректі алып тастағанда оның екіншісі гипертрофияланады. Бүл жағдайда нефрондардың жалпы саны көбеймейді, гипертрофия бүйрек шумақтарының гипертрофиясы жене бүйрек өзектерінің гиперплазиясы есебінен жүреді. Осындай озгерістер өкпеде де болады. Викарлық гипертрофия негіздерінде де жүмысшы гипертрофиясының даму механизмдері, яғни жасушаішілік ультрақүрылымдар гиперплазиясы жатады.
Эндокриңцік бездер қызметінің күшеюі, сол бездер гормоны-на төуелді ағзалардың, тіндердің гипертрофиясына соқтырады (51-сурет). Оны нейрогуморальдық гипертрофия деп атайды. Мысалы, аналық түқым безінің қызметі күшейгенде, эндометрий бездері көбейіп, созылып, қуыстары кеңейіп қалады (эндометрийдің безді гиперплазиясы). Гипофиз безіңце эозинофилдік аденома пайда бол-ганда ересек адамдардың мүрны, жақ, қас, аяқ, қол сүйектері со-зыла өсіп, үлкейіп кетеді (акромегалия).
Гипертрофиялық улеаюлар әр түрлі себептер нәтижесінде дамиды. Бірақ бүл үрдістерді нағыз гипертрофияға жатқызуға болмайды, себебі гипертрофиялық үлғаюларға байланысты пайда болғ-ан морфологиялық қүрылымдар (полиптер, кондиломалар, «піл аяққаң байланысты қалыңдаған тері) қызметтік рөл атқармайды, әсіресе ағза қызметінің күшеюі (яғни гипертрофияға төн клини-калық белгі) жөнінде сөз болуы мүмкін емес.
Егер ағзалар гипертрофиясы яғни оның үлкеюі май басудың не дәнекер тіннің өсіп кетуі салдарынан болса оны жалган гипертрофия деп атайды, себебі бүл жағдайда ағза қызметі күшеймейді, керісінше төмендеп кетеді.