Тоғызқұмалақ ойынаудаотау ұтып алу ережесі:
Қарсылас ойыншының отауындағы 2-құмалақа соңғы 1-құмалақ түссе тұздық болып саналады.
Тұздық алудың 3-ерекшелігі бар:
1.Тұздық ойында 1 рет қана алынады
2. Тұздық №9 отаудан ешқашан алынбайды
3. Тұздық аттас немесе бірдей отаулардан алынбайды.
Отау нөмірлерінің қазақша атауы: №9 отау Маңдай №5 отау Бел №1 отау Арт
№8 отау Көкмойын №4 отау Атсыратар
№7 отау Қанды қақпан №3 отау Атөтпес
№6 отау Белбасар №2 отау Тектұрмас
№ 4 сабақ «Тоғызқұмалақ» зиаткерлік ойын
Тақырыбы: «Атсырау» жағдайы Ойыншылардың біреуі өз отауларынан құмалақтарын тауысып алуы және жүріссіз қалуын «Атсырау» - деп аталады. Қарсыласы бір жүріс жасап өз отауларындағы қалған құмалақтарын өз қазанына салып алады.
Жүріс бастаушыдан 4-3 құмалақ таратады. Қостаушы №1-1-құмалақ алып №2-ге 1-құмалақ салады. Қостаушы өз кезегінде қостаушыда 86-құмалақ, бастаушыда 76-құмалақ.
Ескерту. Егер атсырау жағдайында қосымша жүріс жасалған кезде қарсыласының отауына құмалақ амалсыздан түсіп, жүріс мүмкін болса онда ойын ары қарай жалғаса береді.
№ 5 сабақ
«Тоғызқұмалақ» зиаткерлік ойын
Тақырыбы: Жазып ойынау тәртібінің ережелері Егер тоғызқұмалақ ережесін жаттап алса онда жазу тәртібінің еш қиындығы жоқ. Жазудың маңызы есте сақтау үшін және талдау үшін керек.
Жазудың тәртібі: 1. Толық жазу, 2. Қысқа жазу.
1.Толық жазу үлгісі төмендегі ретпен жүргізіледі:
1. Жүрілетін отаудың № көрсетіледі.
2. Отаудағы құмалақтар саны жазылады.
3. Соңғы құмалақ түскен отаудың №.
4. Ондағы құмалақтар саны.
5. Тұздық алынған жағдайда Х- белгісі қойылады.
6. Қос нүкте (:) – табысты жүрісті көрсетеді, сызықша (-) – жай жүрісті бейнелейді.
Мысалы: № 1. 79:6 10 79 : 6 10
№ 2. 510 – 511 910 : 912
№ 3. 111 : 212 810 : 814
№ 4. 213 : 512 92 : 13 Х
2.Қысқа жазуда отау № жазылады:
№ 1. 76 76
№ 2. 55 99
Тарихтан: Тоғызқұмалақ отауының әріптік белгілері ХХ ғ. 1950 жылдары солдан-оңға қарай: И З Ж Е Д Г В Б А
А Б В Г Д Е Ж З И
Жүрістерінің жазбауы кедергі келтіріп келді. 1975жылы әріптен-цифарға алмастырылды оның авторы Серікпай Тілеубаев болды.