Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.
Бірінші есептеу жолы. А) Егер қосынды 10 немесе10 - ға жетпейтін болса қосындыдан 1 - ді шегереміз
мысалы: 214=2+1+4=7 - 1=6
Б) Егер қосынды 10 - нан артық болса, қосындыдан 10 - ды шегереміз
Мысалы: 713=7+1+3=11 - 10=1
Екінші есептеу жолы
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.
*Егер қосынды 10 немесе 10 - ға жетпейтін болса, қосындыдан 1 - ді шегереміз;
*Егер қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10 санын шегереміз
*Егер қосынды 20 немесе 20 - дан артық болса, қосындыдан 19 - ды шегереміз. мысалы: 915=9+15=24 - 19=5
*Егер қосынды 29 - дан 37 - ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді шегереміз мысалы: 824=8+24=32 - 28=4
*Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37 - ні шегереміз
Мысалы: 636=6+36=42 - 37=5
Үшінші есептеу жолы
*Егер отауда 10 құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.
*Егер 19 құмалақ болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
* 28 құмалақ 1, 5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.
*37 құмалақ екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
3. Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қоштаушы
• Тұздық
• Атсырау ( Анықтама беру)
Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу
315, 712, 524, 217, 819, 921, 737,
ІІІ кезең Деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау (9 минут).
Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |