Сабақтың тақырыптары Сағат саны Мерзімі Ескертулер 1



бет5/13
Дата13.12.2022
өлшемі59,44 Kb.
#162612
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тоғызқұмалақ қмж

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 
1. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу; 
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру. 
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін дамыту; Сабақтың типі: Жаңа сабақ 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: Ж.Караевтің «ОҮӘЖ» пед. технологиясының әдістері
Сабақтың өтетін орыны: 11 В .Мультимедиялық кабинет .
Керекті құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта. Сабақтың құрылымы. Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі.
І кезең (5-7 минут)

  1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

ІІ кезең (20-25 минут)

  1. 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

  2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

  3. Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

ІІІ кезең (сабақтың қалған 12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут).

  2. Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І кезең (5-7 минут)
А ) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу ,түгендеу.
Ойларын сабаққа аудару
Ә)Үй жұмысын тексеру
Сұрақ- жауап әдісі:
Тоғызқұмалақ қандай ойын?
Ойынның аты не мағына береді?
Неше құмалақ қажет?
Қоштаушы деген кім?
Бастаушы деген кім?
Қазан деген не?
Ойынның қандай құралдарын білесіңдер?
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.
Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы көрсетіліп, құрылымына тоқталып өтеді.
ІІ кезең (20-25 минут)

  1. 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

. «Даналық ұясы» ойыны
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.
Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.
Тақтаға әр бір оқушының отырған орны көрсетілген карта іліну керек.Соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын орналастырады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы басқа ұядан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет