Сабақтың типтері, формалары, түрлері. Қазақстан Республикасының "12 жылдық жалпы орта білім беру"


Сабақ ішкі құрылымы бір- бірімен жүйелі байланысқан кезеңдерден тұрады. Сабақтың кезеңдері



бет2/7
Дата22.09.2022
өлшемі194,33 Kb.
#150394
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 СӨЖ

Сабақ ішкі құрылымы бір- бірімен жүйелі байланысқан кезеңдерден тұрады. Сабақтың кезеңдері:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ Жаңа білімді меңгерту

Ү Жаңа білімді бекіту

ҮІ Жаңа білімді пысықтау,қорыту

ҮІІ Сабақты бекіту және қорытындылау

ҮІІІ Үйге тапсырма беру

Х Бағалау кезеңі

Ұйымдастыру бөлімі – күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.

Ұйымдастыру бөлімі – күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.

Кезеңнің мазмұны:

1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеу көрініп тұру керек.

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу:

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу:

Егер оқушы сабақты себепсіз босатса, онда жазалау әдісі қолданылады. Ауырып жатқан балаға достарынан “тез жазылып кетсін” деген тілек айтып жіберген дұрыс.

3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру:

Мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына назар аударады.

4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру:

Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны. Сондықтан жұмыс орны таза, әрі жайлы болуы керек.

5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру:

Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Дауыс көтеріп, зеку ынтымақты бұзады.

Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, сабақтың басында жүргізіледі. Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында да қоюға болады. Тексерудің бұл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінің басты міндеті – барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет