Сабақтың типтері, формалары, түрлері. Қазақстан Республикасының "12 жылдық жалпы орта білім беру"



бет5/7
Дата22.09.2022
өлшемі194,33 Kb.
#150394
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 СӨЖ

Кіріспе сабағы:

Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасын жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.

Кіріспе сабағының құрылымы:

І Ұйымдастыру

ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау

ІІІ Жаңа оқу материалын беру

ІҮ жаңа білімді пысықтау, бекіту

Ү Сабақты қорытындылау , бекіту

ҮІ Үйге тапсырма беру

Жаңа білімді хабарлау сабағы

Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек. Жаңа білімді меңгерту барысында мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.

Жаңа материалды меңгерту сабағының құрылымы:

І Ұйымдастыру

ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау

ІІІ Жаңа оқу материалын беру

ІҮ жаңа білімді пысықтау, бекіту

Ү Сабақты қорытындылау , бекіту

ҮІ Үйге тапсырма беру

ҮІІ Оқушылар білімін бағалау

Білім, білік, іскерлік, дағдыны бекіту сабағы

Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы, әрі берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы құрылымы жағынан алуан түрлі болып келеді.Мұғалімнің түсіндіруімен қатар, оқушылар тәжірибелік- зертханалық жұмыстарында тәжірибе жүргізіп, көрнекі құралдарды көрсету жұмыстары қоса атқарылады.Сабақтағы жұмыстардың алуан түріне қарамастан, мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.

І Ұйымдастыру

ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет