Қайталау – қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Сабақтың мақсаты – өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды, оқушыларды өздігінен қортынды жасауды ұйретуді көздейді. Бұл сабақ мұғалімнің аса жауапкершілікпен ұйымдастырылған тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабағын әртүрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Мұғалім оқушылардың білімндегі басты жетістіктер мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлуге назарын аударады.
Бұл сабақтың көздейтін мақсаты – оқушылардың алған білімдері мен дағды көлемін қандай дәрежеде екенін байқап, тексеру мен қатар оның сапасын бағалау, кемшіліктерін түзету. Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында жүреді. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруге мүмкіндік береді. Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, білік, дағдыны жетілдіреді.