Мен айт
|
-ғанда,-генде,-қанда, -кенде
|
ол жазды.
|
2
|
(-ғанға,-генге, -қанға, -кенге) + дейін,шейін
|
ол жазды.
|
3
|
(-ғаннан,-геннен, қаннан, -кеннен) + кейін,соң
|
ол жазды.
|
4
|
(-ған,-ген,-қан,-кен) + сайын
|
ол жазды.
|
5
|
(-ған,-ген, -қан, -кен) + кезде,сәтте,уақытта.
|
ол жазды.
|
6
|
(-ған,-ген,-қан,-кен) + -ша,-ше
|
ол жазды.
|
7
|
(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + с + бұрын
|
ол жазды.
|
8
|
-ысымен,-ісімен,-сымен,-сімен
|
ол жазды.
|
9
|
-арда,-ерде,-рда
|
ол жазды
|
10
|
-ғалы,гелі,-қалы, -келі
|
ол жазып жүр.
|
11
|
(-ғаннан,-геннен,-қаннан,-кеннен) + бері
|
ол жазып жүр.
|
12
|
-са,се + жіктік жалғауы
|
Ол келсе,сабақ аяқталыпты
|
Жаттығумен жұмыс: 132-жаттығу. Мезгіл бағыныңқы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып ,бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Кітаппен жұмыс: 133-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің тауып , мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерге мысалдар жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас
Сабақтың мақсаты: 1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;
3) оқушылардыпатриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
Достарыңызбен бөлісу: |