Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену



бет108/159
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#7332
түріСабақ
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқы сабақтас дейміз. Мысалы: Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан,Ермек мұнда әдейі тіленіп келді. Осында алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.Себеп бағыныңқы сабақтас Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? Деген сұрауларға жауап береді.
Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады.
а) есімшенің өткен шақ формасына –дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан,көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң,Жарасбай түні бойы күйіп,қорланудан тыныштық ала алмады.
б) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады.Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.
в) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.Ер төстік жалмауыздың қолында қалды деп,елі мүлде күдер үзіп қояды.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.

1

-ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктен

Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.

2

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + үшін

Күн жылы болғаны үшін,біз серуенге шықтық.

3

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й

Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.

4

-ып,-іп,-п

Күн жылы болып,біз серуенге шықтық.

5

үш шақтағы етістік + деп

Күн жылы болады деп,біз серуенге шықтық.

6

(-ған,-ген,-қан,-кен) + соң

Күн жылы болған соң,біз серуенге шықтық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет