Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде болған әрекеттерді не болмаса бір мезгіл ішіндегі көріністі,жай-күйді баяндайды.Абай үйге кіргенде,Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.Еселі далаға шықса,таң құланиектеніп атып келеді екен.Бірінші сөйлемде бір мезгіл ішінде болған әрекеттер баяндалса,екінші сөйлемде бір уақыт ішінде байқалған,көрініп тұрған жайттардан мәлімет беріледі.
Құрамындағы жай сөйлемдерді сабақтаса байланысқан мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары –ша,-ше жұрнақтары есімшеден (-ған+ша,-ген+ше), жатыс жалғауы есімшеден (-ған+да,-ген+де), есімшеге септеулік шылауларының (-ған,-ген+соң,кейін,сайын,бері,шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған,-ген+кезде,шақта,уақытта) тіркесуі арқылы,көсемшеден (-ғалы,-гелі,-а,-е,-й) және етістіктің түбіріне –са,-се, -ысымен –ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.
Мезгіл мәнді құрмаластың сұраулары: Қашан? Қашанға шейін?Қашаннан бері? Мысалы: Аттылар жалт-жалт қарасқанда,жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.Қарағанды көмірін тапқалы,жүзге жуық жылдар өтіп барады.Ауыл осы қонысқа келіп орналасқаннан бері,бір күн дамыл алып тыныққан емес.Үйдегілер тысқа шықса,таң аппақ болып атқан екен.Тимур үйге қайтып келісімен,оны нағашысы жанына шақырып алады.Біраз отырған соң,күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |