Сабақтың түрі: қайталау сабақ. Сабақтың әдісі: оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі



Дата24.05.2017
өлшемі57,03 Kb.
#16946
түріСабақ
Сандуғаш Сүлейменова,

Солтүстік Қазақстан облысының,

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның,

Новоишим қазақ орта мектебінің

мұғалімі.
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы

(12 жылдық 5-экс. сынып)


Мақсаттары: 1. Сөйлемнің түрлері модулі бойынша олқылықты анықтау. 2. Ой белсенділіктерін дамыту. 3. Оқушыларды тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі.

Көрнекілік: деңгейлік тапсырмалар таратылған парақтар, интерактивті тақтада табиғат суреті .

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру.

Сабақтың жоспарымен таныстыру.

1. Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 минут)

2. Деңгейлік тапсырмаларды тексеру (5 минут)

3. Жай сөйлем синтаксисі (10 минут)

4. Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдері бар мәтін құрастыру. (10 минут)

5. Қорытынды (5 минут).

6. Бағалау (3 минут).

7. Үйге тапсырма (2 минут).



I. Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 минут)

1- деңгей - 5 ұпай = бағасы «3».

Сұрақтарға толық жауап бер.



1. «Сөйлем» дегеніміз не?

2. Сөйлемдер ____ түрге бөлінеді.


3. Сөйлем соңына ______, _____, _______ тыныс белгілері қойылады.

4. Жауап алу мақсатында сұрай айтылған сөйлем ______ сөйлем деп аталады.

5. Айтушының көңіл-күйін білдіретін сөйлем ________ сөйлем деп аталады.

2- деңгей - 5 ұпай + 4 ұпай = 9 ұпай = бағасы «4».

Мына сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қой.

1. Сен ауылға бардың ғой,иә

2. Сөйлемді жазып шық

3. Арман атасымен ұзақ әңгімелесті

4. Кіммен сөйлесіп тұрғанымды білемін

5. Отаным қандай кең байтақ, Астанам неткен тамаша

3- деңгей - 9 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай = бағасы «5».

1.Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдыр.

Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулар арқылы жасалған?





Сұраулы сөйлем

Хабарлы сөйлем

1

Мен атама қашан барамын?




2

Құстар қашан ұшып келеді?




3

Сабақ қашан басталды?




4

Мұғалім мектепке кімді шақырды?







  1. Хабарлы сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.


II. Деңгейлік тапсырмаларды тексеру (5 минут)

Әр деңгейлік тапсырма тексеріледі.

Мұғалім дұрыс жауаптарын айтып тұрады .Оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

Қолдарындағы деңгейлік тапсырмаларды бағалауға арналған кестеге «+» немесе «-» белгілерін қойып отырады.


III . Жай сөйлем синтаксисі (10 минут)



Мысалдар

Хабарлы

Сұраулы

Лепті

Бұйрықты



















1

Жиналыс басталды ма













2

Аспан шайдай ашық













3

Бұл – Байжанның талай келген үйі













4

Сізде де арман бар ма екен













5

Қане, жігіттер аттарыңды қамдаңдар













6

Сонша малға жерді қайдан таппақсың




















































7

Баяндамашыға сұрақ бар ма































8

Түн жым-жырт































9

Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім













10

Келші, қалқам менің қасыма отыршы













11

Қандай тамаша көл































12

Балам , жөніңді айтшы














IV.Сурет бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдері бар мәтін құрастыру.

V. Қорытынды.



VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма. 249-251беттегі тест сұрақтарына жауап беру.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет