МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ
Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Сабақтың барысы:
Мұғалім: -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
Абайдың 14 сөзімен таныстыру
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік
жарастық махаббат
шыдамды Кім мейірімді? рақымшыл
ынтымақ бауырмалдық
жылы жүректі сүйіспеншілік қамқорлық достық.
«Мейірімділік» өлеңін оқу:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
Достарыңызбен бөлісу: |