Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ



Дата04.10.2020
өлшемі24,43 Kb.
#63952
түріСабақ

Тақырып:Адамның досы
Сабақтың мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ақыл-ойын, тіл байлығын; сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.

3.Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу.


Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түртіп алу, бес жолды өлең жазу, топпен жұмыс жасау стратегиясы.


Сабақтың көрнекілігі: таза, ұқыпты ұстаған сынып оқушыларының оқулықтарды (көрмесі), ертегі кітаптар жинағы.
Қанатты сөздер: Кітапты сүйіңдер, ол өмірді нұрландырады. (М.Горький)
Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау
Жұмбақтар шешіледі.
Көп әңгіме, өлеңім,
Күнде ақыл береді.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де жақсы көремін. (Кітап)
Бір қойым бар, қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар, жаны жоқ.
Тілі бар да, үні жоқ,

Өзін адам түсінген,


Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен. (Кітап )
Ә) Кітаптың қалай шығатыны туралы не білесіңдер?
Б) Сол жайында көршіңмен пікірлес, талқыла.
2.Мағынаны ажырату, тани білу.
INSERT стратегиясы «Түртіп алу» жүйесі бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізу.Мәтінді оқып таныстыра отырып, тиісті белгілерді анықтау.
V- сәйкес келу
- Мен ойлағаннан бері
+ жаңа ақпарат
? таңғалдым
- кітап адамның досы екендігі;
- көп жақсы нәрселерді үйренеміз;
- кітапты жасап шығару өте қиын. Оқулықтарымыз сияқты басқа кітаптардың да бізге тигізер пайдасын білдім. Кітаптан көп ақыл аламыз. Сөздер қалай ақыл береді?
Мәтінді оқып болған соң, жазғандары мен белгіленген сөздерін дәптердегі кестеге толтыру. Содан соң жеке, топта, жұпта талдап оқу, толықтыру.
Сергіту сәті
4.Сөздік жұмысын жүргізу.
Сөре-кітап қоятын арнайы орын
Уағына шейін- уақытқа шейін, кезге шейін
Жан серігіміз-досымыз.
Мәтінді жекелеген оқушыларға түсіне отырып оқыту.Үш оқушыға рөлдермен бөліп оқыту.Анық және қатесіз оқуға назар аудару.Әңгіменің мазмұнына сай сұрақтар қою.
1.Қандай баланы ақылды бала дейміз?
2.Балғын әкесінен не туралы сұрады?
3.Кітаптан не үйренуге болады?
4.Сен өзің қалай ойлайсың?
5.Кітап оқуды ұнатасың ба?
6.Қандай кітапты ұнатасың?
5.Сабақты қорытындылау.

А) Ой толғаныс


«Менің оқулықтарым» атты тақырыпта ойларын айту.Бір-бірін тыңдау, толықтыру, жинақтау.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Не?Кітап.
2.Қандай? Қалың, жаңа, әдемі.
3.Не істеді? Оқыды, ашты, үйренді.
4.Сөз тіркесі.Қалың кітап, кітапты оқыды, кітапты ашты.
5.Ерлан кітапты ашып оқыды.
6.Үйге тапсырма «О ,мен қандай ақылды болдым» деген тақырыпта әңгіме жазып келу.
7.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет