Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап,талдау. Көрнекілігі: кесте, кеспе қағазджар,кітап



Дата25.06.2017
өлшемі90,6 Kb.
#19963
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 19.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а» , «ә»

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

Мақсаты:


Білімділік: Дауысты дыбыстардың емлесін меңгерту, айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді ажырата білуге баулу;

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,Сөйлеу мәдениетін сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, тілге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, баяндау , сұрақ-жауап,талдау.

Көрнекілігі: кесте, кеспе қағазджар,кітап

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих



І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу.

2.Сыныпты түгелдеу.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй жұмысын сұрау.

Білімін тексеру:

1.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? оларды атау.

2.Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? оларды атау

3.Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? оларды атау.

3.Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не? оларды атау.

«Ғылым –теңіз, білім-қайық» фонетикалық талдау.

Ғ- ұяң, дауыссыз дыбыс

Ы- жуан,езулік,қысаң

Л-үнді, дауыссыз;

Ы-жуан, езулік, қысаң,

М-үнді, дауыссыз,


Т-қатаң, дауыссыз,

Е-жіңішке, езулік, ашық

Ң-үнді, дауыссыз;

І-жіңішке, езулік, қысаң,

З-ұяң, дауыссыз.


Б-ұяң, дауыссыз

І-жіңішке, езулік, қысаң.

Л-үнді, дауыссыз

І-жіңішке езулік қысаң.

М-үнді дауыссыз.


Қ-қатаң,дауыссыз,

А-жуан ,ашық, езулік,

Й-үнді дауыссыз

Ы-жуан езулік қысаң.

Қ-қатаң дауыссыз.



ІІІ.Жаңа тақырып. Дауыссыз дыбыстардың емлесі.

1

Қатаң п,қ,к дыбысына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда ,қатаң дыбыстар ұяңданып айтылады және сол айтылуы бойынша жазылады:

Кітап+ы-кітабы. Күрек+і- күрегі, таяқ+ы-таяғы.

2

Қазақ тіліндегі п дыбысына аяқталған сөздерге –ып,-іп қосымшалары жалғанғанда п дыбысы үнді у дыбысына айналып естіледі және сол естілуінше жазылады:

Жап+ып,- жауып,тап+ып- тауып, кеп+іп-кеуіп, теп+іп- теуіп.

3

Л,р дыбыстарынан басталып, одан кейін а,ә,е,у,ұ,и дыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы,і әріптері жазылмайды:

лақ, ләппай (тақсыр), Ләйлім,рең, рух, рұқсат, риясыз

4

Л,р дыбыстарынан басталып, одан кейін ы,і дыбыстары келетін түбір сөздердің басында (л,р әріптерінен бұрын) ы,і жазылады:

Ырыс, ілігу, ілім

5

Ф,х әріптері көбінесе басқа басқа тілден енген сөздер мен кісі аттарында жазылады:

Фонтан, химия, Фазыл, Хамит.

6

В,ч,ц әріптері мен ь,ъ белгілері тек орыс тілінен енген сөздерде жазылады:

Вагон, цирк, очерк, лагерь, разъезд.

7

Щ әріптері орыс тілінен енген сөздер мен қазақ тіліндегі ащы, тұщы, кеще, сөздерінде жазылады.

Щетка, Щедрин.

8

Ескерту: а)а түбір сөз ш дыбысына аяқталып, оған ш дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда , қос шш әріптері жазылады:

Ә) түбір сөз с,з дыбысына аяқталып , оған ш дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда, қос шш естілгенімен, сөздің түбірі сақталып жазылады.:



Аш+шы – (есікті) ашшы, іш+ші-(шай) ішші;

қос+шы –қосшы,сөз+шең,-сөзшең, -сөзшең, бас+шы, -басшы.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 269-жаттығу. Төмендегі жұмбақтарды шешіңдер (ауызша)


  • Шешуі болатын сөздегі дыбыстарды талдаңдар.Осы сияқты жұмбақтар құрастырып көріңдер.

Жауабы: Жер мен Аспан,Оқжетпес (Айсберг), су, Өзен.


270-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.

  • Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

  • Мәтіннен құс және жәндік атауларын теріп жазып, олардың өздеріне тән қасиеттерін түсіндіріңдер.

Ұяң дыбыстан басталған сөздер:

бастаса, жұмыртқаласа, жылынады,жүріп,жер,жиі,болады,биіктеп,жаңбыр жауып,жел,болады,дауыл,бастайды,жауынның,дымқыл,жерге,жаздағы, белгісі,балық,бетін,бастаса,бұл,жауынның белгісі,болады,бетінің, бұлыңғырлануы, болатындығын білдіреді, бұлтқа, батса, батса, батар,жазда, жұмсақ, болады.жаз,жайлы,жақсылық, жылы, жарқырап, жеміс, бітік, жер, берсе,

Құс, жәндік атаулары:

Торғай, қырғауыл, көкек, қарлығаш, құмырсқа, балық, ит,


271-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 24-суретке зер салып қараңдар. Сонан соң мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

  • Мәтіннен ұяң дыбыстан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

  • Қазақстанда көп кездестен ағаш түрлерінің аттарын жазыңдар.

  • «Табиғат көркі-ағаш» деген тақырып бойынша шағын мәтін құраңдар.




Ұяң дыбыстан басталған сөздер:

Биік,бір,діңін,жасапты,жүк,басқа бір, би, жасауға жарапты, жұп, бишінің, жетіпті, жиырма,биді, жайғасып, бразиля, жерінде, ғажайып,жергілікті, деп, бұл, жіберіп, бастайды, дәмі.

Қазақстанда көп кездесетін ағаштар:

Шырша,көктерек, қайың, алып қарағаш. сәмбі тал


Ү. Сабақты бекіту:

1.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? оларды атау.

2.Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? оларды атау

3.Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? оларды атау.

3.Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не? оларды атау.


ҮІ. Үйге тапсырма беру.

1.Дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы түсінік

2.272-жаттығу. Құрамында үнді дауыссыздар кездесетін сөздерді теріп жазыңдар.
Бағалау.


Басқа тілден енген сөздердің айтылуы

Тілдің дыбыстық жүйесінің заңдылықтары –оны басқа тілдердің әсерінен қорғайтын «иммунитеті». Ал иммунитетінен айырылған тіл сыртқы әсерге оңай ұшырайды. Сондықтан басқа тілден енген сөздерді айтуда, жазуда тілдің өзінің дыбыстық заңдылығын сақтау- басты талап. Мысалы, қазақ тілінде сөз басында немесе сөз аяғында екі қатаң дыбыс қатар айтылмайды. Қазақ тіліндегі дос, рас сөздерінің парсы тілінен енген дост, раст екенін көп адам біле бермеуі де мүмкін. Тіліміздің дыбысталу заңдылығына бағынбайтын бір дыбыс түсіп қалып еді, бұл сөздер қазақтың өз төл сөзіндей болып шыға келді.

Тілімізге басқа тілдерден енген сөздермен «ілес» келген в,ф,ц,ч,и,я,ю сияқты дыбыс-әріптерімен бірге бр,нх, ст, нк,кл,кр,пм,кс,пт,пк сияқты дыбыс тіркестері пайда болды. Осындай дыбыс тіркесіне аяқталған сөздерді айтқанда, қазақ тілінде не алдына, не артына немесе ортасына дауысты дыбыстар қосылып айтылады. Екі дыбыстың аралығына қосалқы дыбыс келіп кіріге айтылады. Мысалы, метр, литр деген сөздер қазақша метір, литір түрінде айтылады. Трактор, Трамвай деген сөздердің тырактор(тырактыр), тырамвай (тырамбай) деп айтылуы да осыған ымсал бола алады. Орыс тіліндегі кровать деген сөз қазақ тілінде кереует болып енді, яғни дауыссыз дыбыстар дыбыстар тіркесінің арасына дауысты дыбыс қосылып тұр.

Екі дауыссыздан басталған немесе аяқталған басқа тілден енген сөздің алдына немесе соңына дауысты дыбыс қосылып айтылады, мысалы, стакан-ыстақан, шкаф- ышкап; киоск-киоскі, танк-танкі. Бұдан тіл заңдылығының айтуда басым болатыны көрінеді. Бірақ жазу тілінде олар орыс тілінен енген қалпында жазылады.

Жіңішкелік белгісіне аяқталған басқа тілден енген көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса , қосымша да жіңішке жалғанады: лагерь-ге, лагер+і, бандероль-ға фестиваль+ға .бірақ мұндай сөздерге тәуелдік жалғауы жіңішке болып жалғанады және ондай жағдайда жіңішкелік белгісі жазылмайды.
Дауыссыз дыбыстарға аяқталған кірме сөздердің жазылуы

1

Басқа тілден енген к.г дауыссыз дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары буын үндестігіне, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың ерекшелігіне қарай жалғанады:

химик+тер, маяк+қа, блок+тап, Дистервег+тің.

2

Соңғы б,в,г,д дауыссыз дыбыстарына аяқталатын басқа тілден енген сөздерде б-п, в-ф, г-к, д-т болып айтылады да, жазуда қазақ тілінің қосымшалары қатаң дыбыстан басталып жалғанады:

клуб (п)+та, Саматов (ф)+ ты, бумеранг (к)+ті, бренд (т)+тің


Дауыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздердің жазылуы .

Қазақ тіліне басқа тілден енген сөздердің жазылуы белгілі бір емле заңдылықтарына бағынады. Атап айтқанда:



1

Рк,рг,ск,кт,кс,нг,нк,нт, лк,нкт дауыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталатын сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады:

Циркке, киоскіден ,фактіге, танкілер, полкке, пунктті, цементке, фениксті.

2

Нд,нз,нкнг,мп,мб,мт,кт,ск,вт, фт,пт дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерге қазақ тілінің қосымшалары ы,і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады:

Пудинг+і+ге, бумеранг+і+нің, антракт+і+де,танк+і+ден, ромб+ы+да, субъект+і+мен, киоск+і+лер, рецепт+і+сі, поштамп+ы+сын, фармацевт+і+лер, банк+і+де,

3

Сс,лл,тт,пп,мм,ст,кст,сть,зд,кк дыбыстар тіркесіне аяқталған басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанады, соңғы дауыссыз дыбысы түсріліп жазылады:

Кросс- крос+ы,крос+тыңграмм-грам+дап, грам+ы, повесть-повес+ке, повес+інде, съез+і, балл-бал+ыбал+мен.

4

Кль, бль секілді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік білгі тіркесіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздерге (ось,тюль) қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады. Егер қосымша дауыссыз дыбыстан басталса, жіңішкелік белгісі сақталады, түсіріліп жазылады:

Бинокль- бинокльдің, бинокл+і,ансамбль ансамбаль+де, ансамбл+ін, ось-ось+тен, ос+інен

5

Соңы ий қосарлы дауыссыз дыбысқа аяқталатын кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады және қосымша дауыстыдан немесе дауысыз дыбыстан басталса да, олар түбір қалпын сақтайды:

Критерий-лер, критерий+і, Маяковский+мен,

6

См,мм, км,кг, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылып, сөздердің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:

20 см-ге, 15 км-ден, 100 га-данғ, 40 кг-ға.

Каталог: uploads -> doc -> 0a38
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a38 -> Мұғалім туралы мәлімет
0a38 -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
0a38 -> Сабақтың тақырыбы: §15. Иран. Сабақтың мақсаты
0a38 -> Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа"
0a38 -> Сабақ тақырыбы: Спорт туралы Жалпы мақсаты
0a38 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұлпар ақындар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет