Сыныптан тыс іс-шара «Қызықты биология»
Мақсаты:
1. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу
Міндеттері:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;
Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;
Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта/ слайд-презентация/, стикер,плакат.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
8 –9,10 сыныптар арасында өткізілетін «Қызықты биология» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, «Қызықты биология» атты білімдік сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың басшысын, топтың атын, және ұранын ойластырасыздар, сонымен қатар сіздерге берілген төсбелгінің мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топта сайлаған топ басшысы таныстырады.
Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 5 кезеңнен тұрады:
II. Сайыс кезеңдері:
I кезең: «Қызықты сұрақтар»
II кезең : «Ғажайып биология»
III кезең: «Полиглот - тіл өнері»
ІV кезең Терминдер
V кезең: Пантомима
Ү кезең – Бұл қандай ғылым?
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Биология және химия пәнінің мұғалімі : Н.Абдикеримова
Оқу ісінің меңгерушісі Б.Әлиев
3.Тәрбие ісінің меңгерушісі :Н.Көншібаев
Жүргізуші: Олай болса I кезеңімізді бастаймыз. Ойынымыздың ережелері мен шарттарын түсіндіріп өтейін:
Бірінші бастау құқығы жеребе арқылы шешіледі;
Сұрақтар 5 санатқа бөлінген, әрбір санатта 10 баллдан 50 баллға дейін бағаланған сұрақтар берілген, сұрақты таңдау топтың еркінде;
Берілген сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сұраққа белгіленген балл топтың қоржынына түседі;
Ал дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, жауап беру құқығы қарсыластарға беріледі;
10-30 баллға дейінгі сұрақтарға 30с, ал 40-50 баллдық сұрақтарға 1 мин-ке дейін уақыт беріледі, жауап дайын болған жағдайда уақытты тоқтатуға болады;
Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады;
Сондай-ақ ойында келесідей жеңілдіктер қарастырылған:
«Сәттілік!» - топ берілген сұраққа дұрыс жауап қайтарған жағдайда, балл саны екі еселенеді, дұрыс жауап қайтармаса балл топ қоржынынан алынбайды.
«Өз ойыным» - топ берілген сұраққа балл санын көтеруге не түсіруге құқығы бар.
Сұрақ-аукцион – бір топ екінші топтың сұрағын сатып ала алады.
Ойын шарттары түсінікті болса,онда ойынымызды бастайық, іске сәт!
1-санат:«Ең.,ең.,ең..»
10. Дүние жүзіндегі ең алып құс? (түйеқұс)
20. Ең тез өсетін өсімдік? (бамбук)
30. Ең ежелгі астық дақылы? (бидай)
40. Ең тереңде өсетін балдыр? (қызыл балдыр)
50. Теңіз жануарларымен жасалған ең үлкен құрылыс?(Үлкен барьерлі риф)
2-санат: «Логика биологияда»
10. Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады.Барлығы нешеу? (0)
20. Бес адамға бес алманы бөлу керек, әр адам бір алманы алса, бір алма себетте қалу үшін қалай бөлеміз? (бір адам бір алманы себетпен қоса алады)
30. Сұрақ-аукцион. Асқабақтың дұрыс өнуіне және пісуіне 60 күн қажет. Егер 1 маусымда дәнін ексек, оның дәнін қай уақыттан бастап жинаймыз?(30 шілде)
40. Тоғыз бас, жиырма екі аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (екі ешкі, жеті тауық)
50. Еуропалықтар бұдан 400 жыл бұрын картоптың дәмін білген. Ал Ресейде картоп I Петр кезінде 1700 жылы әкелінген. Ресейліктер бұл өсімдікпен неше жылдан бері таныс?(314 жыл)
3-санат: Әзілді биология
10. Қандай зиянкес көбелектің атын, химия пәнінде жиі қолданады? (моль)
20. Сәттілік: Қайсысының аяғы көп: бес осьминогта ма әлде төрт кальмарда ма? (бірдей)
30. Бірдей екі зебраның болуы мүмкінбе? (жоқ)
40. Арыстан мықты ма әлде жолбарыс мықты ма? (жолбарыс)
50. Китті акула (китовая акула) адамды толығымен жұта ала ма? (жоқ, ол тек планктондармен қоректенеді)
4-санат: «Мозаика»
10. Екі ағзаның селбесуінен құралған табиғи индикатор? (қына)
20. Қандай аурудың аты латын тілінен аударғанда «тұншықтыру» деген мағынаны білдіреді? (ангина)
30. Қазақта «түйме» деп қандай жануарды атайды? (жылан)
40. Жапонияның елтаңбасында бейнеленген «ақ айдаһар гүлі» қалай аталады? (хризантема)
50. Американың Брюнкс қаласында хайуанаттар бағының қызметкері баққа кіре берісте кәдімгі айнаны іледі де, астына жазу жазып қояды. Онда не жазды деп ойлайсыздар? (Сіз жер бетіндегі ең қауіпті жыртқышты көріп тұрсыз....)
5-категория: « Биологиялық жұмбақтар»
10. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады? (жапырақ)
20. Мойны сұрақ белгісі.Бұл қандай көл құсы? (аққу)
30. Көк ала шапан киеді, күннің көзін сүйеді? (қарбыз)
40. Ақкөйлекті көкжелек,
Орманда орны бір бөлек.
Әннің аты деседі,
Сызды жерде өседі, бұл не? (қайың)
50. Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп? (тырна)
жүргізуші:Жақсы, осымен ойынымыздың бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар,
І кезеңнің бағасын берсеңіздер.
2- кезең«Ғажайып биология»
Бұл кезең бойынша ұпай саны (20, 20, 20,30,30,30,40,40,40) таңдау арқылы есептеледі. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай
саны беріледі.
Пияз туысты,көпжылдық өсімдік.Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан – “тілшелерден”тұрады
Бұрынғы заманнан бері ата – бабаларымыз көптеген ауруларға өсімдіктерден дәрілер жасап қолданып келген. Қандай дәрілік өсімдіктерді білесің?
Мына суретте гүлдерге қатысты не бейнеленген?
Төмендегі суреттерге сипатама беріңіздер ?
Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктер?
Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар ?
Инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл ауруды халық арасында құрт ауруы деп атайды?көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым?
жүргізуші:Осымен ойынымыздың екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар,
ІІ кезеңнің бағасын берсеңіздер
3- кезең «Полиглот - тіл өнері» кезеңінде әр топқа 3 жұмбақ оқылады. Сайыскерлер оқылған жұмбақтың жауабын 3 тілде қазақша-орысша-ағылшын тілінде айтуы керек
Дұрыс толық жауап үшін 15 ұпай беріледі,2 тілде жауап берсе 10 ұпай, бір тілде жауап берсе 5 ұпай
1)Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады
Тоқылдақ – Дятел – Woodpecker
2)Мойны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы
Аққу – Лебед – Swans
3)Бұйра тұлымы желмен ойнайды
Қызыл мұрыны жерге бойлайды
Сәбіз – Морковь – Carrot
жүргізуші:Осымен ойынымыздың үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар,
ІІІ кезеңнің бағасын берсеңіздер
VІІ кезең Терминдер
Цитология - жасуша 4. Физиология - мүшелерді
Бриология - мүк 5. Арахнология- өрмекшілерді
Микология - саңырауқұлақтар 6. Гельминтология- паразит құрттар
Орнитология - құстар
Ихтиология - балықтар
Маммалогия – сүтқоректілерді
Ботаника - өсімдіктерді
жүргізуші:Осымен ойынымыздың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар,
ІҮ кезеңнің бағасын берсеңіздер
жүргізуші:Соңғы шешуші кезеңді бастаймыз. Ол «Пантомима» деп аталады. Бұл кезең «Крокодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.
Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 10 баллдан беріледі, әрбір суретке 40 с уақыт беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!
Енді ойынымыз қызықтырақ болу үшін тапсырманы қиындатамыз, енді сіздер қандай да бір биологиялық процесті табуларыңыз керек, мысалы тыныс алу, жеке даму деген сияқты. Ол үшін 2 немесе 3 адам шығуына болады, сіздерге күрделігіне қарай 1 мин уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 20 балл беріледі.
Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Өздеріңіздің жинаған баллдарыңызды санап шығыңыздар.
Рефлексия.
Сізге ойын ұнады ма,қандай әсер алдыңыз? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?
Қорытынды: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.
Сонымен бүгінгі «Қызықты биология » сайысы өз мәресіне жетті. Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |