Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



бет32/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Саған көктем мезгілі ұнай ма?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Оқушының үйден салған суреттеріне талдау жасау. Көктемде қандай жұмыстар істелінеді? Сенің жанұяң қандай көктемгі істер істеді? Көктем мезгіліне деген сенің көңіл күйің? Сергіту сәті.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз мерекесі қашан болады? Ол қандай мереке? Сенің тұратын жеріңде Наурыз мерекесі қалай тойланады?

Ү. Жаңа сабақ: кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. мәтінді қайталап оқу. Сөздік жұмыс. (байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің негізі, мал тойынады.) Мәтінге сүйеніп «Наурыз- ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін: жоспар бойынша тапсырманы орында.

1. Жоспар құр. 2.Іштей не сөйлейтініңді сол жоспарға сәйкес ретте. 3. Сөйлейтін сөзіңді есіңе сақта. 4. Түсінікті тілмен, әдемі қимылмен ойыңды толық әңгімелеп бер.



ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Ұлттық қандай мейрамдар болады? Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған? Қазақ малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген? Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейді? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Ол қалай жасалады? Әңгімелеп көр.

ҮІІ. Бекіту. «Тіршіліктің арқауы алдыменен-тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды әр қарай жалғастырып көр. Сенің пікірің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу,түсінгенін әңгімелеу. Бағалау
83. Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов

Мақсаты: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру; сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ұлттық қандай мейрамдар болады? Наурыз мейрамы ше? Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды? Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған? Қазақ өзінің малы үшін не істеген ? Қандай әрекеттерге барған? Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейміз? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не? Ол қалай жасалады? Өзің қалай Наурыз мерекесін тойлайсың? Несімен есте қалады? Сергіту сәті.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Саған құрылысшы мамандығы ұнай ма? Олар не істейді? Жұмбақты шешіп көр «Топырақты асаймын, тауда, сайда жасаймын» бұл не? (экскаватор). Экскаватормен не істейді? Өзің көрдің бе?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.Әр азат жолды түсініп оқып, мәніне көңіл бөлу. Рөлге бөліп оқу. Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Осы жерде қандай мақал бар еді? (Күлме досқа, келер басқа. т.б...). Кран машинаға қандай ескерту айтты? Мәтін қандай мақалмен аяқталған екен? («Ер еңбекте сыналады.») Сенің пікірің?

ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Берілген суреттер топтамасын пайдаланып, мәтін бойынша мультфильм жаса. Тағы қандай кадр қосар едің? Қатысушы кейіпкерлердің сөздерін дайында.

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Мәтін не жайлы екен? «Ер еңбекте сыналады» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мазмұндау. Бағалау
84. Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен тапқан тиын. (Грузин ертегісі)

Жаңбыр. Бейімбет Майлин

Мақсаты: Ертегіні мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру, Бейімбет Майлиннің «Жаңбыр» атты өлеңін түсініп оқуға, сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту; еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, рөлге бөліп, сахналау.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Кран машинаға қандай ескерту айтты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтін не жайлы екен? «Еңбексіз өмір – сөнген көмір» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Еңбек жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? («Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей», «Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін», «Еңбек түбі - қуаныш» талдау). Қазір қандай жыл мезгілі? Жұмбақты шешіп көр.

«Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?» (көктем). Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 1.Ертегіні түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.

Ертегі кім туралы екен? Ерке бала қандай бала болыпты? Әкесі қандай шешімге келіпті? Онда анасы мен баласы не істеді? Олардың қулығы іске асты ма? Балаңың бірінші рет әкесі ақшаны отқа салғандағы кейпі қандай, екінші рет ше? Әкесінің шешімі қандай болды деп ойлайсың?

2.Бейімбет Майлин «Жаңбыр» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу,іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу. Өлеңнің авторы жайлы не білесің? (Бейімбет Майлин (1894-1938) әңгіме жанырының шебері, әрі ақын. Кедейлер өмірін жырлаған ақын.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:1.

2. Дүниетану сабағынан есіңе түсір. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма? (Өзара әңгімелесу).



ҮІІ. Қорыту: 1.Ертегіні сахналау. Еңбек жайлы қандай мақал-мәтел білесің? 2.Бейімбет Майлин кім екен? Жаңбыр жауғанда табиғат қандай өзгеріске ұшырайды екен?

ҮІІІ .Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімелеу, мақал – мәтелдер жаттау, Өлеңді жаттау. Бағалау
85. Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні. Мәдіхат Төрежанов

Сабақтың мақсаты: Мәдіхат Төрежановтың « Бұлбұлдың әні» әңгімесін түсініп оқу, бөліктерге бөле отырып ойын жеткізіп әңгімелеуге үйрету; сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: оқылық, құстар суреті, үлестірме қима қағаздар (сыртында құстар суреті).

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ.Үй жұмысын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Жаңбыр неге жауады, қалай, қашан көп жауады? Жаңбырдың пайдасы бар ма?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Табиғатта қандай жыл мезгілдері болады? Онда қандай өзгерістерді байқадың? Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Әңгімелеп бер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: : 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазір қандай жыл мезгілі? Мына жаңылтпашты жаңылмай айтып көр.

«Көктем жауын-шашынсыз болмас,

Жауын-шашынсыз болмаса,

Жасылсыз болмас.» Сергіту сәті.



Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Рөлге бөліп оқу. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.(Тоғай ішінде. Бұлбұлдың ұясын қоруы. Бұлбұлдың сайрауы.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Бұлбұл қандай «ана» деп ойлайсың? Сенің пікірің.

ҮІІІ. Үйге: оқу,әңгімелеу, құстар жайлы жұмбақ тауып жаттау. Бағалау.
86. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Қызғаныш»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Қызғаныш


Аузына тістеген сүйегі бар Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Ол суға еңкейіп қарап еді, судағы өз көлеңкесін көрді.

Мойнақ су бетіндегі өзінің көлеңкесі екенін білмеді. Сүйек тістеген басқа күшік екен деп қалды. Ол енді сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Сүйек суға түсіп кетті. Мойнақ оны ала алмады. Өйткені, сүйек су түбіне кетті



Жоспар:

  1. Мойнақтың көлеңкесі.

  2. Мойнақтың іс- әрекеті.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Қызғаныш» деп аталыпты? Қалай ойлайсың, қызғаныштан пайда бар ма?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
87. Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов.

Сабақтың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін түсініп оқуға, ойын толық жеткізе білуге үйрету; мәнерлеп оқу, сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру; елін, жерін сүйетін,елжанды азаматтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсініп оқу,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып жауап беру.

Құрал-жабдықтар: О.Сүлейменовтың, ғарышкерлердің, ғарыштың суреттері.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ.Үй жұмысын тексеру: Мәдіхат Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» әңгімесіндегі Медіхат пен Әбдеш қайда келе жатты? Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың Медіхат дұрыс істеді ме? Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен? Көңілденген бұлбұл не істеді?

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Бұлбұл өз балапандарын қалай қорғады? Оның мейрімділігін неден көруге болады? Сенің анаң саған қандай қамқорлық жасайды? Мейрімділік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім? Ол қашан ұшты? (Юрий Гагарин,12 сәуір 1961жылы)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп оқу. Іштен, жалғастырып тізбектей оқу. Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің? (1991 жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 7 тәулік 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болды. Гиннес кітабына енген.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Өлеңде қайталанған сөзді тауып, оның әрбір жолындағы мәнісін түсіндір? (ана).

ҮІІ. Қорытынды: Бүгін сабақта не істедік, кімдер жайлы білдік? Бір сәт қиялдап көр. Осы сезіммен өлеңді мәнерлеп оқып көр. Ғарышкер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың? (жерді, елді сүйетіндігі, қадірлейтіндігі, табиғаты).

ҮІІІ. Үйге: оқу, әңгімелеу. Бағалау.
88. Тақырыбы: Көктем. Қасым Аманжолов

Өз біліміңді тексер. (бөлімді қайталау,тест.)

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту; еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік жүмыс.

Көрнекілігі: арнайы көктем жайлы суреттер, тест материалы

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: О.Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінде ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Болашақта сен кім болғың келеді? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ерте көктемде жаппай көктеп, гүлдейтін шөптерді білесің бе? (жауқазын, бәйшешек, қазжуа, өгейшөп, ...)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу, іштей, тізбектей оқу. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:

а) Бұлақ туралы не делінген?

ә) Өзен туралы ше?

б) Көктемгі жаңбырды сипатта.

в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?

г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. « Көктем күйін бастады

Өз өнерін асыра:

Қысты қуып тастады

Асқар таудың басына.» деген өлең шумақтарын қалай түсінесің? Өз ойыңды айт. Өлең бойынша сурет салып көр.



2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:

1.С.Сейфуллиннің «Орман» өлеңіндегі ақынның қайыңға, терекке, желге қатысты қолданған көркемсөздерді тауып дәптеріңе жаз.

2. Абай ата «Жазғытұры» өлеңінде жердің жүзіне, күннің көзіне байланысты қандай көркемсөз қолданған?(Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Ата–анадай елжірер күннің көзі.)

3. «Көктем сәні» ертегісі бойынша мына жазуларды дәптеріңе жазып ал, жалғастыр, түсіндір. Көктем сәні-жасыл желек; көктем сәні- хош иіс, ...(көктем сәні-мөлдір су, жылылық,нөсер, ашық аспан,салқын самал,еңбек,шалқыған көңіл,шаттық, күлкі,жігер)

4. Қ Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып шық. Ақынның табиғат құбылысына «жан бітіріп», адамға тән қимыл бере суреттеген жолдарындағы көркемсөздерді тап. (нәзік үн, мейірленіп, алақанын тұр жайып, жас дауыспен жамырап, еңбек ата).

ҮІІ. Білімін тексеру: «Көктем» тақырыбына әңгіме құрастыр:

а) Көктемгі табиғат: жылғалардан су ақты, мейірленіп жерге күн, көк майса, жасыл барқыт жамылып.

ә) Көктемгі тіршілік: қой қоздап, түйе боздап, ұйқыдан оянып, жыл басы. Наурыз, егінжайда ту ұстап, т.б.

б) Көктем көрінісінің суретін сал.



ҮІІІ. Сабақты қорыту: Тест. (жауабы: 1. Б-жазғытұры; 2. Ә-Түйе боздап,қой қоздап; 3. Ә-көктем; 4. Б-қаз кепті-жаз кепті; 5.А-Наурыз; 6.Б-желкілдейді; 7. Ә-ит; 8. В-бұйра; 9. А-Еңбек; 10. В-Қ.Аманжолов. Көктем.

Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы? Не сұңқылдады, арқыраған не, күркіреген ше? Еңбек ата не істеп жүр? Трактормен не істеді? Көктем өз өнерін қалай көрсете бастады?



ІХ. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Бағалау.
ҮІІІ тарау. Табиғат-менің өз үйім.

89. Сабақтың тақырыбы: Өзен. Ыбырай Алтынсарин



Мақсаты: «Табиғат-менің өз үйім» атты бөлімімен таныстырып, Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, оның әсемдігі, өзеннің маңызы жайлы түсінік беру; мәнерлеп оқуға баулу, ойын еркін жеткізуге баулу, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, бәйтерек бұтақтары.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Сабақтың мақсатын хабарлау, жаттығулар арқылы оқушы зейінін сабаққа аудару. Қалай ойлайсың табиғат деген не? Сені қоршаған дүние –табиғат- оны неге өз үйім деп айтады? Сенің пікірің?

ІІІ. Жаңа сабақ: Сурет бойынша жұмыс: Суретте не бейнеленген? Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады? Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? Суретке қарап «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме құр. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс: Қынарда- жағасында. Жанабында- маңайында. Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.) Сергіту сәті.

ІҮ. Сабақты пысықтау: «Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсінесің? Қазақстандағы өзің білетін өзендердің аттарын ата.(Сырдария, Жайық, Іле, Шелек, Ертіс, Шу, Есіл, Бартоғай,Асы,...)

Ү.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не туралы білдік? Ы.Алтынсарин өзен жайлы қалай суреттеген? Өзеннің суретін сал.

ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау, Ы.Алтынсариннің 3 класта қандай шығармаларын оқыдың? Оларды бәйтеректің бұтақтарына жаз. (Өнер, білім бар жұрттар.Баланың айласы. Таза бұлақ.)

ҮІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, сурет салу.2.Бағалау
90. Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, теріп оқу, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту. Ақын өзенді қалай суреттеген? Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неге суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ы.Алтынсариннің 3 класта қандай шығармаларын оқыдың? Өзеннің қандай пайдасы бар? Сусыз тіршілік бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2.Суреттер топтамасын пайдаланып әңгіме құр.

Ү. Жаңа сабақ: Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1889-1931) «Шернияз, Ақбілек, Жаман тымақ, психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған. Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу.Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен мәтінге сүйеніп суретте.Жерге түскен торғайдың халі қандай?Сұр жыланның күш көрсеткен жерін,торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мәтінді бөліктерге бөл. (Торғайдың шырылы.Сұр жыланның арбауы. Ақбілектің көмегі. ...) Мәтіндегі өзіңе ұнаған сөз тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Онда не жайлы екен? Суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың? Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.2.Бағалау
91. Тақырыбы: Қайрымдылық. Мағзұм Сүндетов

Мақсаты: Оқушыларға қайрымдылық,мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сөздік жазылған плакат,суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Неге торғайдың жан ұшырып шырылдап жүрді. Неге торғай жерге құлап түсті? Оған кім көмекке келді? Есін жиған торғай не істеді? Ақбілектің есіне қандай ойлар келді. Ақбілек неге қуанды?

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ақбілектің орнында болсаң не істер едің? Жылан жайында өзің естіген қандай оқиғалар білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың тазалық керек пе? Ол не үшін керек?

Ү. Жаңа сабақ: 1.2.Оқулықпен жұмыс. Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін түсініп оқу. Жалғастырып тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Бәкене- аласа. Қақ- іркіліп қалған жауын суы. 3. Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Егер сен Мұхтардың орнында болсаң не істер едің?

ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

92. Тақырыбы: Киіктің айласы. Әуелбек Қоңыратбаев



Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, ойланып іс-әрекет істеуге тәрбиелеу; адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, сурет.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар кім біледі киіктің баласын қалай атайды? Киікті қай жерден көрдің?

Ү. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла ойлап тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың? (Үйірін, қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті.) Ақбөкен қандай жануар екен? Ол туралы не білесің?

ҮІ. Білімдерін тексеру: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. (қасқырдың қаруы- тіс, қабанның қаруы-азу, Ақбөкен-аяғымен.) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр. (жақын, алыс емес,...) «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап. (шаршаған, әлсіреген,талған, ...)

ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Әңгіме нелер жайлы екен? Ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тағы бір оқып шық. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

ҮІІІ Үйден: 1. Оқу, әңгімелеу; Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімеле.

2. Бағалау.

93. Тақырыбы: Көкшенің көрінісі. Сәбит Мұқанов

Мақсаты: Сәбит Мұқанов- өмірбаянымен таныстырып, мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; әсемдікке, сұлулыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, суреттер топтамасы.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушы зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың?

ІІІ. Өткенді қорыту: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. Ақсақ киіктің ақылдылығы, айлакерлігі неде?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сурет топтамасымен жұмыс істеу. Сәбит Мұқанов кім?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Сәбит Мұқанов –аса көрнекті жазушы.» 1900-1973). Сұлушаш, Ботагөз, Адасқандар, т.б. ... еңбектері бар. 2.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Жазушының Көкшемен тілдескен жерін тауып оқы. 3. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген? Неліктен Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге, аспанға теңейді? Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Жазушының тіліне зер сал. Осы мәтіндегі қандай сөздерді бояп көрсетер едің? Қандай түске бояр едің?

ҮІІ .Қорыту: 1.Бүгін қандай тақырып өттік? Кім жайлы білдік? Сәбит ата жайлы не білетін болдық? 2. «Көкшенің» деген сөзден басталатын азат жолдан бастап, аяғына дейінгі тұсты есіңе сақтап ал.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу, суретін салу. Бағалау.
94. Тақырыбы: Мазмұндама «Ұшқыш кілем»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. « Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Ұшқыш кілем

Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.

Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен, ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті, айға да ұшып барып келуге болады.

Жоспар:


  1. Адамдардың арманы. 2.Орындалған арман.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ал, сен қалай ойлайсың, адамдардың арманы орындалды ма? Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
95. Тақырыбы: Ақсақ киік. Сәкен Сейфуллин

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сәбит Мұқанов Көкшемен қалай тілдесті. Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеді? Неліктен Көкшені гауһар тастан жасалған күмбезге, аспанға теңеді? Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту: Осы әңгімені оқыған кезіңде қандай әсер алдың? Осы суреттеуден кейін қандай сурет салар едің? Қандай бояуды сен көп пайдаланар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Табиғат- менің өз үйім» тарауында қандай жануарлармен жақын таныстық? (торғай, күшік, киік пен құралайы). Бүгінгі сабақта Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Осы өлеңнен қандай әсер алатыныңды айт.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы. Оқ тиген киік халін суреттеген тұстарды тауып оқы. Сұрақ - жауап: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?

ҮІ. Білімді тексеру: Киікті атқан адамға деген өз көз қарасыңды білдір. Осының алдында оқыған «Киіктің айласы» деген әңгімені пайдаланып, ол туралы әңгімеле.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Суретпен жұмыс. Суретте не бейнеленген? Суреттегі киіктің халі туралы не айтасың? Өлең, сурет саған қандай көңіл күй туғызды? Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. мәнерлеп оқу, табиғатта қорғау туралы тиым сөздер жинастыр. 2.Бағалау.
96. Тақырыбы: Бүркіт. Б.Емельянов (орыс жазушысы)

Мақсаты: Оқушыларға Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып, түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; қайрымдылыққа, мейрімділікке баулу

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Киік қай жерді мекендейді екен? Ақын киікті атқан адамдарға қандай назасын білдіреді? Неге деп ойлайсың? Қазақ киікті басқаша қалай атайды екен? (бөкен). Бөкеннің сұлулығын ақын қалай суреттейді? Бөкенді ақын кімге теңейді? Сөзінің соңын ақын қалай аяқтап отыр?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың табиғатты қорғау керек пе? Онда қандай қазақтың тиым сөздерін таптың?( «.Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұрған оңбасын», «Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе, Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе.», «Итті тепкен ырысты тебеді.», ...)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Бүркіт қандай құс? Оны суреті қайда кездеседі? Мағынасы неде? (мемлекеттік туда, дала бүркіті – қазақстандықтар ұғымынды – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді жалғастыру арқылы түсініп оқу. (алдын ала ескерту, оқыған кезде кітапта берілген суреттерді ойша ретімен орналастырып отыр.) Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.(Қонақты қарсы алу. Бүркіттің қайырымдылығы. т.б. ...) Мәтінге сүйеніп, қазақ ауылы тұрған жерді суретте. Бүркітті сипаттап көр. Бүркіттің әрекетін жауыз адамдар әрекетімен салыстыр. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі ең соңғы сөйлемді оқып, дәптеріңе жазып ал.Бұл кімге байланысты айтылған?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не өттік? Не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Кітаптағы сурет бойынша мультфильм құрастыр. Ретімен орналастыр. Өзің қандай сурет қосар едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2.Бағалау.
97.Сабақтың тақырыбы:Алтай аясында. Иса Байзақов

Мақсаты: Иса Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінігін қалыптастыру; мәнерлеп оқуға, еркін сөйлеуге баули отырып сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге,өз елінің байлығын дәріптей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, Қазақстан картасы..

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй жұмысын сұрау: «Бүркіт» әңгімесінен не жайлы білдік? Қазақ ауылына кімдер келді? Гайдар нені байқады? Қария оларға не білдірді? (ілтипат). Екі қарт дегені кімдер еді? Неге? Бүркітті ауылға кім әкелді? Оба ауруын қайдан әкелді? Оны қалай емдеді? Неге оларды әскермен қоршады? Қалай бүркіт адамдарға тамақ тасыды? Бүркіт қалай соқыр боп қалды? Гайдар нені үйрен деді?

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Саған бүркіттің іс-әрекеті ұнады ма? Қандай баға берер едің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың? Достық, мейрімділік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қазақстанда қандай таулар бар білесің бе? «Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Бақай, Матай, ................)

Ү.Жаңа сабақ: 1.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу; іштей, тізбектей, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Өлеңде қандай тау туралы жырланған. (Алтай) 2.Сөздік жұмыс: Аясына - мұнда: құшағында. Күйік – мұң, қайғы. Өршіл – биікке құмар. Сайын – кең, кең жазық. 3. Теріп оқу: Өлеңнен қарға, бұлт, айға қатысты сөздерді тап. Әр сөз тіркесінің тауға қатысын түсіндір. (торғын киген бұлт; ақша қар; жібектей бұлттан; ай шағылып). Өлеңнен Алтай тауының биіктігін көрсеткен жолдарды тауып оқы. Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңге сүйеніп, алтай тауынан өндірілетін кендерді ата. (алтын, күміс). Қазақстандағы Алтай тауынан басқа таулардың аттарын ата. Алтай таулары қандай дейді? Оның басына жете алмай не күйік шертеді екен? Алтай тауларында қандай жануарлар мекендейді екен? Басына бұлттан басқа не жетеді? Алтай не құсады дейді?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Өлеңдегі ақын сөздерін пайдаланып, Алтай тауын сипатта.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқусурет салу. Бағалау.
98. Сабақтың тақырыбы: Көжек (Ертегі)

Мақсаты: Туған жер, аяушылық жайлы түсінік бере отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойлап сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрып, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; аяушылық, қорқыныш, мейрімділік сезімін сезе білуге, туған жерге деген сезімін арттыруға баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілік: оқулық, қоянның суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп оқу. Шаруаның көжекке аяушылықпен айтқан сөзін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы. (- Сорлы көжек! Балаға рақымсыз шешең сені тастаған соң, ...). Көжектің қорқынышты халі суреттелген жерді тауып оқы. ( Әрқайсысы қолына бір-бір шыбық жасап алып, ...) Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін оқып, оның мәнін түсіндір.

ІІІ. Пысықтау: «Жат жерде көзге түрткі болып өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін!- депті.» қалай түсінесің? Әңгімелеп көр. Туған жердің ыстық, қымбат болатыны жайында бұрын оқыған мәтіндеріңді еске түсіріп көр. (Ж. Аймауытов. «Қартқожаның туған жері», С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы», Ө. Тұрманжановтың өлеңі «Туған өлкем» - 2 кластан; «Туған елім, туған жерім» атты тарауында «Туған ел» өлеңі, С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін» т.б. ...)

ІҮ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Туған жер жөнінде мақал-мәтелдер айт. (Ит тойған жеріне, Ер туған еліне. Туған жердің түтіні де тәтті. Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе. Туған жерің түсіңе кіреді. Елің- панаң, Жерің-анаң. ...)

Ү. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау

Тақырыбы: Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев

Мақсаты: Табиғатты қорғауға, мейрімділікке баули отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғаттағы тірі тіршілікке жанашырлықпен қарауға, қорғауға, мейрімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Көжек» атты ертегі не жайлы екен? Көжекті тастап кеткен (кім? анасы)(не? қоянның анасы) Оны кім тауып алды? Қайда әкелді? Ал, көжек болса не істеді? Шаруаның аяушылығына көжек не деп жауап берді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Саған ертегі ұнады ма? Туған жер деген сөз саған қандай әсер етеді? Туған жер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Балалар, үйлеріңде қандай жануарлар немесе құстар бағасыңдар?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесін түсініп, жалғастырып оқу. Суретпен жұмыс. Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?

-Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.

-Торғайдың халі сенде қандай көңіл күй туғызды? Жантастың қылығы ше? Өз көз қарасыңды білдір?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Табиғат-менің өз үйім.» бөлімінен торғай туралы қандай әңгіме оқып едің? Есіңе түсір. (Ж. Аймауытовтың «Торғай» әңгімесі). Ж. Аймауытов пен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыр.


Сұрағы.

Жүсіпбек Аймауытов

Бердібек Соқпақбаев

Әңгімесі қалай аталады?

(Торғай)

(Қамқорлық)

Торғай неден қорқып еді?

(жылыннан)

(Жантастан)

Торғайға ара түскен кім?

(Ақбілектен)

(Қожадан)


ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?

ҮІІІ Үйге тапсырма:1. оқу, салыстырып сипаттау. 2. Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Кәдірбек Сегізбай

Сабақтың мақсаты: Арқарға мүйіздің не үшін керектігі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесінен біз не білдік? Торғай қалай отыр еді? Жантас не істеді? Жантастан торғай не істегендей болды? Бірақ, Жантас оны аяды ма? Торғайға кім арашашы болды? Қожа қандай қамқорлық жасады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Осы екі баланың қайсысының қылығы дұрыс, қайсысының қылығы дұрыс емес? Неліктен? Сен не істер едің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қалай ойлайсың, арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, жалғастырып, түсініп оқу. Қошанның атасы кім болып істейді деп ойлайсың? (Орманшы) Ол атасымен қайда барды? (орманға) Жол-жөнекей Қошан не істеуден шаршамады? Олар жолдан не көрді? Атасы не деді? Қошан атасының сұрағына қалай жауап іздеді? Жауабын таба алды ма? Сонымен, арқарға мүйіз не үшін керек екен? Өзіңнің мәтінді оқымай тұрып берген жауабыңмен салыстыр.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қой. (Серуенге шығу. Арқардың мүйізі. Мүйіздің пайдасы. Немесе өзің басқаша ат қойып көр т.б. ...)

ҮІІ.Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Арқарға мүйіз не үшін керек екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. мәтінді оқы, ойлан, әңгімеле. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Бетпақдала. Ақселеу Сейдімбек. (аңыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет