Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма



бет53/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 138 – 139 бет оқу. Бағалау.
55. Тақырыбы: Табиғат әлемінен заттар әлеміне. Адам – жасаушы.

Мақсаты: Оқушылаға адам – жасаушы туралы түсінік беру. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз, қайшы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Адам – жасаушы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жасаушы – құрастыру, жасап, ойлап шығару ісімен шұғылданып, бұрын – соңды болмаған, жаңалық ашушы адам. Ол әрқашан байқампаз, білмекке құмар. Сен де айналаңа қара. «Қалай?» деген сұрағыңа жауап ізде. Табиғаттан өзіңнің жасайтын бұйымыңа балама тап. Сонда біртіндеп шеберлікке үйренесің.

1 – 2 суреттерге қарашы. Бұл бұйымдардың түсі көздің жауын алады!

Бұйымдар сабаннан жасалған өрнектермен әшекейленген. Олар шаршы, шеңбер, сопақша немесе ромб түрінде де бола береді. Сабаннан панно жасамас бұрын оның нобайын сызып ал. Жасалған панноны қайда ілесің, қабырғаның немесе жиһаздың түсі сәйкес келе ме? Қандай көлемдегі кеңістікті сәндеу керек екендігін ойлан. Осы шарттарға сәйкес сабаннан жасалатын композицияның көлемі, түсі таңдалады. Өрнектің бірнеше композициясын құрастыр. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. – Қатырма қағаздың қағаздан қандай айырмашылығы бар? – Қатырма қағаздан не жасауға болады? – Қатырма қағаздан жасалған қораптарды қалай пайдалануға болады? 2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, желім)

V. Қорыту. VІ . Үйге тапсырма: 139 – 140 бет оқу. Бағалау
56 Тақырыбы: Сабаннан көркем өрнектер құрастыру.

Мақсаты: Сабаннан көркем өрнектер құрастыру, жасап үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа,еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, сабан, пышақ, үтік, парақ, желім. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сабаннан көркем құрастыру.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сабаннан жасалған өрнектермен кілем, картина, қобдишаларды сәндейді. Қобдиша мен паннодағы сұлы, бидай сабақтары алтын тәрізді өзгеше бір өрнектерге айналған. Біз панно жасау үшін сабаннан өрнек композициясын құрастырамыз.

Қайшымен әрбір сабанның буынаралығынан қиып, қураған жапырақтарын алып таста. Сабандарды қайнаған суға (20 мин) салып қой, одан кейін оны кескіш немесе пышақпен байлай кес. Оны ішкі жағынан қызған үтікпен (үлкендердің қадағалауымен) үтікте. Сабаннан жасалған таспалар дайын болды. Енді таспаларды тор көз параққа желімде. Парақтың екінші бетіне кез келген геометриялық пішіндер сыз. Сызылған пішіндерді қиып алып, панно негізіне желімде. Сергіту сәті. Геометриялық композициясын аяқта.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей 141 – 142 бет. 2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 141– 142 бет оқу. Бағалау
57. Тақырыбы: Сабаннан көркем өрнектер құрастыру.

Мақсаты: Сабаннан панно жасап үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сабаннан панно жасау.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сабаннан панно жасау.

Панно жасау үшін қатырма қағазды қиып аламыз. Панно – шаршы пішінді. 2 – схема бойынша өрнек элементтерін (шаршылар) желімдеп, өзің ойлаған өрнек композициясын құрастыр. Панноның жақтауын жаса.

Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қосулы үтікті қараусыз қалдырма; Үтіктің ыстық жағын ұстама; үтіктеп болған соң (үзілісте) үтікті тігінен немесе арнайы үтік қойғышқа қой; түріне қарай матаны қажетті температурада (қыздыру шкаласына қара) қыздырып үтікте; үтіктеп болған соң үтікті өшіруді ұмытпа; үтікті үлкендердің қадағалауымен ғана пайдалан.

Сергіту сәті. Сабаннан өз ойыңнан қобдиша немесе панно құрастыр.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу. 1. Панноны қайда ілетініңді шештің бе? 2. Сабанмен жұмыс істеу барысында қандай қиындықтар болды? 3. Сабаннан бұйым жасау кезінде сурет, схема және өрнек құрастырудың рөлі қандай?

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 143 бет оқу. Бағалау
58 Тақырыбы: Шиден жасалған бұйымдар.

Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету.Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділері, қайшы, желім, ши. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шиден жасалған бұйымдар.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Шиден бұйымдар жасау тәсілін түсіндіру. – шиден не істеуге болады? (кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды); 2. Сурет бойынша жұмыс. 144- бет.

Шиден жасалған бұйымдар тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады. Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Мына картиналардан ши тоқудың мүмкіндіктерін байқайсыңдар. Мысалы, шебер шимен тоқу арқылы табиғат көрінісі мен аққудың сұлулығын көрсете білген. Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: 145 бет. Сұрақтарға жауап алу. 1. Мына картиналардан ши тоқудың мүмкіндіктерін байқайсыңдар. Мысалы, шебер шимен тоқу арқылы табиғат көрінісі мен аққудың сұлулығын көрсете білген. Суреттерде шеберлер ши тоқу арқылы нені бейнелегенін әңгімелеп бер.

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 144 – 145 бет оқу. Бағалау
59. Тақырыбы: Шиден жасалған бұйымдар. Шиден ыдыс қойғыш тоқу.

Мақсаты: Оқушыларға шиден ыдыс қойғыш құрастыруды тоқуды үйрету. Ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, ши, жіп.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Шиден ыдыс қойғыш тоқу.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қажетті материал: ши. Сен табиғи материалды дайындау тәсілін білесің. 1) Материалды жұмысқа дайындап ал. 2) Өз ыдыс құйғышыңның құрылымын таңда. Өлшемдерін біліп ал. 3) Жіпті дайындап ал. Жіп дайын бұйымнан 3 – 4 есе ұзын болуы керек. Ши түсімен үйлесуі үшін жіптің қандай түсін таңдар едің? 4) бірінші шиді үстелге жабысқақ таспамен (скоч) мықтап бакіт. Шетінен 4 см қалдырып, жіпті екі рет байлап түй (2 – сурет). Бұйымның екі жиегі түзу болып тоқылуы үшін 4 – 5 см қалдырады. Ши қалыңдығының әр түрлі болатынын есіңе сақта. Соңғы шиді екі рет түйіп, байла. 5) Ыдыс құйғышты безендір. 1. Қосымша тоқыма өруіңе болады. Жіп ұзындығы мен қалыңдығын өзің таңда. Бұйым жиегінің оң және теріс бетін тепшу тігісіне ұқсатып тоқы. Бұйымның дизайнына қарап, қатар санын өзің анықта. Ортасына әдемі өрнек салуыңа да болады (6 – сурет). 2. Ыдыс құйғыштың жиегін түзуле.

Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, ине); 2. Өздік жұмыс. Шиден ыдыс қойғыш тоқу.

V. Қорыту: Бүгін сабақта нені тігіп үйрендік?

VІ. Үйге тапсырма: 145 – 147 бет оқу. Бағалау
60 Тақырыбы: «Музыканттар». Кепкен өсімдіктерден гүл шоғын құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға кепкен өсімдіктер туралы түсінік беру. Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, кепкен өсімдіктер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Құрастыру реті: 1. Ағаш саңырауқұлағын, фезалис гүлін, кепкен өсімдік сыпыртқысын, қандағаш бүрін, ермексаз, лак, пышақ дайында. 2. Саңырауқұлақты жу, құрғатып, лакты жақ. 3. Ағаш саңырауқұлағының ішін кеуле. 4.Кеуекті ермексазбен не көк шөппен толтыр. 5. Кеуекке өсімдіктің сабағы орнатылады. Оқулық бойынша жұмыс 148 – 149 бет. Сергіту сәті.

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. - Бұйым жасаудың технологиясы дегеніміз не? – Жерде жатқан жапырақтарды не үшін жинаймыз?

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 148– 149 бет оқу. Бағалау
61. Тақырыбы: Гүл шоғын дайындау технологиясы.

Мақсаты: Гүл шоғын дайындау тәсілін түсіндіру. Білімін, ой – өрісін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: Суреттер, ермексаз, гүл шоғы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Гүл шоғын дайындау технологиясы.

IІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Гүл шоғын дайындау технологиясы. 1. Құрамақ дайындау мақсатын анықтау. 2. Материал дайындау. 3. Құрал – сайман мен жабдықтарды таңдап алу. 4.Бұйымның композициясы мен құрылымын құру. 5. Құрылымның жекелеген бөліктерін орындау: себет қатырма қағаздан жасалады. 6. Бөліктерді біріктіру: себеттің түбіндегі көк шөпке не ермексазға өсімдік орнықтыру. Себеттің құлағын оның негізіне желімдеп бекіту (құлақты сабаннан өрілген таспадан не қағаз жолағына желімдеп жапсырылған қатырма қағаздан жасауға болады).

Сурет бойынша гүл шоғын құрастыр. Сергіту сәті.



IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқулық бойынша жұмыс

- оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу



V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма: 150 бет оқу. Бағалау
62 Тақырыбы: Сымнан құрастыру

Мақсаты: Сымнан құрастыру. Танымдық қабілеттерін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ . Көрнекілігі: суреттер, үлестірімдер

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Тақырыпты оқыту 2. Түсінгендерін айтқызу.

ІІІ. Білімдерін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2.Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сымнан құрастыру

Сым - диаметрі 10 мм –ге жетпейтін металдан жасалған жіп. Сымнан болат арқан, тігін ине, музыка аспаптары ішегін және зергерлік бұйымдар жасайды. Оның құрамында темір, болат, мыс, күміс, алтын, алюминий бар.

Қандай сыммен жұмыс істеген дұрыс? Құрамақ құрастыруға майыстырғанда түзеуге келетін жіңішкесымды пайдалануды ұсынамыз. Жұмысқа қажетті құрал –саймандармен 1-сыныптан таныссыңдар. Олар: қайшы, тістеуік. Алдымен жұмыстың нобайын жасап ал.

Пішін тұлғасын дайындау. Бейненің қаңқасы сым темірден жасалады. Қол, аяқ бөліктерінің және тұтас дене бітімінің сәйкестігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Екі иықтың арасын өлшеп алып, иық, тізе, шынтақ буындарын белгілеу керек. Сергіту сәті



V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу.

  1. Тапсырмаларды орындау.

VІ. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. VII. Үйге тапсырмаберу кезеңі: 150-151 бет
63. Тақырыбы: Сымнан құрастыру. Қысқы спорт түрлері.

Мақсаты: Оқушыларға қысқы спорт туралы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: суреттер, сым, ермексаз, кемпірауыз. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қысқы спорт түрлері.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Мұғалім түсіндірмесі: Қысқы спорт түрлері.

2011 жылы қысқы Азия ойындары біздің елімізде, Астана және Алматы қалаларында өтеді. Бойыңдағы мақтаныш сезімі мен қуанышыңды құрастыру арқылы көрсет. Қатыстырушылардың спорт түрлері: таудан сырғанау, шаңғы, коньки тебу.

Сым темірден қаңқа жасау.

Жұмсақ ойыншықтар жасау үшін, адам мен жануарлар мүсінін жапсырмалау үшін керек қаңқаны біз өзіміз дайындаймыз. Қаңқа (бейненің негізі) – бұл ойыншық пен мүсінінң негізі.Сым темір қаңқасынсыз адам мен жануарлар пішіндері орнықты тұра алмайды. Қаңқаның йілгіш, икемділігінің арқасында, адам мен аңдардың пішіндері өзінің кейіп-қалпын оңай өзгертіп, әр түрлі жағдайға түсе алады. Мүсін жасау үшін оқушыларда мыналар болуы керек: 1. Сым темір (40-50 см) 2. Ағаш тұғыр 3. Ермексаз


  1. Оқулық бойынша жұмыс. Сыммен жұмыс істеу барысында еңбек қауіпсіздігі ережесін есте сақта. Сергіту сәті

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Оқушыларға оқыту: а/ іштей ә/ дауыстап-тізбектей. Сұрақтарға жауап алу

  2. 2-3оқушыға әңгімелету. V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бағалау.

64 Тақырыбы: Биші қыздар.



Мақсаты: Оқушыларға биші қыздар жасап үйрету. Білімін, ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Білімін тексеру. 1. Қыстық спорт түрлерін ата? 2. Техника қауіпсіздік ережелер. Сымнан жұмыс істеу барысы және еңбек қауіпсіздігі ережесін есте сақта. IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Биші қыздар жасау. V. Бекіту кезеңі: Материалдар

  1. Жұмыс істеу үшін әр түрлі сым темірлерді: телефон сымдарының қалдықтарын, оқшауланған және оқшауланбаған әр алуан сымды пайдалануға болады. Егер сым өте жіңішке болса, оны бірнеше қабаттайды.

  2. Жаңғақ, емен жаңғағы, қағаз, қатырма қағаз, мата қиындылары, үлбір, жіп, бау қосымша пайдаланылады.

Сымнан құрмақ құрастыру сенің қиялыңның ұшқырлығына негізделеді. Кейіпкердің қандай болуы өзіңе байланысты. Әрине, сымды , ию, қабаттау, орауды үйреніп жаттығамыз, ал бұл оңай емес. Кейіпкерлерді қозғалыстағы қалпына (билейтін, секіретін) бейнелеуді үйренеміз.

  1. Сурет бойынша жұмыс 152 бет. Сергіту сәті

  2. Сұрақтарға жауап алу:Қағаз деген не? Қағазды қалай жасайды? Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар? Қағазды немен теседі?

  3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы , пышақ)

VІ . Бекіту кезеңі. Қорытындылау

VIІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 152- бет оқу. Бағалау.
65 Тақырыбы: Биші қыздар. Жасалу технологиясы

Мақсаты: Жасалу технологиясы жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Биші қыздар.1.Тақырыпты оқыту 2.Мазмұнын айтқызу ІІІ.Білімін тексеру. IV.Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жасалу технологисы

  1. Өлшемі 400 мм сым дайындаманы, қалың қағаздан 30х60 мм үлгі мен бұйымды өлшеп пішетін үлгіні дайындаймыз ( 1 сурет).

  2. Схема бойынша (2-сурет) сымнан денесін, қолдарын, аяқтарын жасаймыз: а) өлшеуіш үлгі (1-сурет) бойынша мойнына қажет сымды өлшеп аламыз да, екі қабатталған сымды солға қарай 2-3 рет бұраймыз (одан әрі де осы бағыт ұсталады, әйтпесе сым жазылып кетіп, бұйым шықпай қалады); б) бұдан соң өлшеуіш үлгі бойынша қолын өлшеп алып, тағы да сым темірді солға қарай екі рет бұраймыз; в) өлшеуіш үлгі бойынша денесін өлшеп алып, сымды солға қарай екі рет бұраймыз.

Осылайша мойын мен қолды, қол мен денені, дене мен аяқты біріктіретін орын анықталады. Г) схема бойынша қол, дене және аяққа арналған бөліктерді сымнан иіп жасап, фигураның негізін шығарып аламыз. Қолының ұшына – 5 мм, табанына – 8 мм қалдырамыз; ғ) дайын болған фигураны тұғырға бекітеді; д) бұйымның көркем безендірілуі: алдымен басын өңдейді. Бастың екі жартысын ішкі жағынан желімдеп, мойынға қондырады

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Тақырыпты оқыту. Сұрақтаға жауап алу. Тапсырмаларды орындау. Бекіту кезеңі. Қорытындылау

VIІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 153-154 бет оқу. Бағалау.
66 Тақырыбы: интернетке саяхат. Жас шеберлер

Мақсаты: Оқушыларға интернетпен жұмыс жасау тәсілін көрсету. Ой-өрісін, білімін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: суреттер, компютер, ноутбук. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық IІ.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Интернетке саяхат

И н т е р н е т – өзінің мүмкіндігі жағынан байланыс пен ақпарат таратудың қиялдан да жүйрік құрал. Интернет арқылы сөйлесу телефонға қарағанда әлдеқайда арзан. Интернеттің күнделікті тұрмыстағы қажеттілігі сағат сайын артып келеді. 1,2,3 сурет бойынша жұмыс



  1. Оқулық бойынша жұмыс 14-15 бет. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақ –жауап: Интернет деген не? Интернет қандай жұмыс атқарады?

  2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Бүгін сабақта не істедім?

VIІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 155-157 бет оқу. Бағалау.
67. Тақырыбы: интернетке саяхат. Жас шеберлер

Мақсаты: Оқушыларға интернетпен жұмыс жасау тәсілін көрсету. Ой-өрісін, білімін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Көрнекілігі: суреттер,компютер, ноутбук. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық IІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Интернетке саяхат.

Мәтіндік ақпараттарды ұялы телефондар арқылы таратуға болады. Егер интернетке қосылатын болсаңдар, онда сендер Айда тұрып ( 2-3 суреттер), тоңазытқыш, электроплита, үтік және басқа да тұрмыстық заттардың жұмысын басқара аласыңдар.

Интернетті пайдаланып көрдің бе? Қай жерде? Қашан?

«Интернеттің қиял – ғажайып мүмкіндіктері» жобасын жаса. Алдымен интернеттің мүмкіндіктері туралы әдебиеттерді оқып ал. Міне, үшінші сыныпты да аяқтадыңдар. Еңбекке баулу сабақтарында әр түрлі материалдарды өңдеуді, сондай-ақ өз ойларыңнан және шеберлердің жұмыстарынан алған әсерлерің мен табиғат бейнелері негізінде көркем бұйымдар құрастыруды үйрендіңдер. Жас шеберлер!

Келесі жылы бұдан да көбірек біліп, күрделі бұйымдар жасайтын боласыңдар.

Сендерге шығармашылық табыс тілейміз!

2. Оқулық бойынша жұмыс, 14-15 бет. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:


  1. Сұрақ –жауап: Интернет деген не? Интернет қандай жұмыс атқарады?

  2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Бүгін сабақта не істедім?

VIІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 155-157 бет оқу. Бағалау.
68. Тақырыбы: Қорытынды сабақ. Көрме ұйымдастыру

Мақсаты: Оқушыларға белгілеуге, өлшеуге үйрету. Білімін, ой –өрісіндамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабағы . Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық IІ. Мақсатын қою кезеңі: Қорытынды сабақ. Көрме ұйымдастыру. ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Ұлттық киімдер үлгісі. Сәндік бұйымдар үлгісі. Ұлттық бұйымдар үлгісі.

  2. Қуыршаққа арналған киімдер үлгісі.

Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу: Қағаз деген не? Қағазды қалай жасайды?

  • Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Бүгін сабақта не істедік?

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

3- сыныпқа арналған

сабақ жоспары

(Өңделген өқулық бойынша жасалған)


Алматы - 2010

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

3- сыныпқа арналған

сабақ жоспары

(Өңделген өқулық бойынша жасалған)

Алматы – 2010

АОМКДИ –нің ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

(Хаттама №3, 26.06.2010 жыл)

Жалпы редакциясын басқарған: Күлімхан Жәйшібекова.,

АОМКДИ-нің директоры,

әлеуметтану ғылымдарының

кандидаты.



Құрастырған: Булекова Турумжан Букеновна, Чамбатаева Айжан Даулетовна, Оразалиева Айгуль Маратқызы- Талғар

ауданы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімдері
Пікір жазған: Жұмабаева Әзия Елеупанқызы – педагогика

ғылымдарының докторы, қазақ тілі оқулығының

авторы
Редакторы:Чокушева Алия Иағалиқызы– АОМКДИ директорының

орынбасары



Шығаруға жауапты: Асемжанова Зейнеп Зикрияқызы –

Мектепке дейінгі тәрбие және

бастауыш білім

беру кабинетінің меңгерушісі

Бұл әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда 3- сынып пәндерін оқыту барысында бағдарламалық талаптарға сай өңделген оқулықтарға негізделген күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақ жоспары ұсынылып отыр. Сабақ жоспары қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, еңбекке баулу пәндері бойынша жасалған.

Жасалған сабақ жоспары қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім беру қызметіне жаңаша қарау, әлемдік тәжірибелерге және қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде тиімді жолдарды таңдап, дұрыс жоспарлауға бағыттайды.Сабақ жоспарлары әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жан-жақты толықтырылып құрастырылған.

Сол себепті, бұл әдістемелік нұсқау бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында мұғалімдерге, студенттерге олардың кәсіби шеберлігін шыңдауына көмек көрсететін әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.


Кіріспе
Бұл әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда 3- сынып пәндерін оқыту барысында бағдарламалық талаптарға сай өңделген оқулықтарға негізделген күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақ жоспары ұсынылып отыр. Сабақ жоспары қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, еңбекке баулу пәндері бойынша жасалған.

Жасалған сабақ жоспары қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім беру қызметіне жаңаша қарау, әлемдік тәжірибелерге және қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде тиімді жолдарды таңдап, дұрыс жоспарлауға бағыттайды.Сабақ жоспарлары әртүрлі әдіс-тәсілдерді, білім беру технологияларын пайдалана отырып, жан-жақты тереңдетіліп жасалған. Оқулықтардың өңделуіне байланысты кіргізілген өзгерістерге негізделіп барлық тақырыптарға сабақ жоспарлары жасалды. Алайда, бұл сабақ жопарлары мұғалімдерге үлгі ретінде ұсынылып отыр, ары қарай оны толықтыруға, өз идеяларын, шығармашылықтарын қосуға толық мүмкіндіктері бар.

Пәндерді оқыту барысында оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру мақсатында қолданылатын тест, топтамалар, әртүрлі диктант жұмысының түрлері мен бақылау жұмыстарының үлгілері берілген. Мұғалімдер балаларға білім беру барысында олардың өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге ерекше мән берілу керек. Бұл бағытта ұстаздар жоспарлы жұмыстар атқаруы керек. Сонда ғана біз болашақта өз беттерінше жұмыстарын жоспарлай алатын, өмір сүре алатын жеке тұлғалар тәрбиелей аламыз.

Сол себепті, бұл әдістемелік нұсқау бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында мұғалімдерге, студенттерге олардың кәсіби шеберлігін шыңдауына көмек көрсететін әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет