Сабақ тақырыбы: ТҚ және этикет ережелері. Қаржы сауаттылығы мақсаты
Сабақ мақсаты: Қауіпсіздік ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар. Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары. Этикет ережелері. Балық пен теңіз өнімдерінің құндылығын, экономика негіздері және қаржы сауаттылығы пәні, мақсат, міндетін анықтай білуге үйрету.
Көрнекіліктер:мата түрлері, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ассоциация, түртіп алу,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. /1-2 минут/
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылар қауіпсіздік ереже туралы не білетінін сұрап, этикет деген не? Қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
Оқушы
|
Мұғалім
|
Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады.
Өз лидерін анықтайды.
Әр оқушы жеке-жеке белгілеп, лидерге ұсынады.
Өздерін-өздері бағалайды.
|
Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды.
Бағалау парағын таратады.
Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.
|
Ассоциация құрастыру.
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу, мысалы, «Этикет» немесе «Қаржы»
2-қадам: дәптерлеріне «Этикет» тақырыбына байланысты өздері білетін ақпараттарды жазу – жеке, нәтижесін әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау.
3-қадам: барлық топтардың «Қаржы» тақырыбына жазғандары бойынша класта презентация жасау.
4-қадам: жалпы класқа тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.
ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыптқа байланысты деректі фильм көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.
Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.
Тақырыбы: «Қаржы сауаттылығы». Мәтіннің жоспары:
1.Қаржы деген не?
2. Қаржы қайдан алынады?
3.Еліміздің экономикасы туралы не білесіз?
4.Қауіпсіздік ережесе неге керек?
Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.
Оқушы
|
Мұғалім
|
Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шарты белгілер қойып, талдау жасайды.
Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.
|
Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.
|
ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады.
Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.
Оқушы
|
Мұғалім
|
.
Еркін сөйлейді.
3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп береді.
|
Уақыт береді.
Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.
|
Үйге тапсырма: Этикет туралы іздену
Достарыңызбен бөлісу: |