Сабақтың түрі: Ойын сабақ. Жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Негізгі бөлім. Психологиялық тапсырма



Дата12.10.2019
өлшемі26,29 Kb.
#49693
түріСабақ
Байланысты:
0005c7f5-0cc2393b
e79c1ef1-8b03-11e6-8573-f6d299da70eeдәріс Географияны окытуда өлкет ізде
Тақырыбы: «Қызықты психология».

Мақсаты:

1.Оқушылардың таным процестерін дамыту арқылы жұмбақ мәселелерді шешуге, мағыналық жағынан ортақ, артық сөздерді табуға, ойлаудағы шапшаңдылыққа үйрету.

2. Оқушылардың сөздік-логикалық, көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, қиял деңгейлерін дамыту.

3.Оларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Негізгі бөлім. Психологиялық тапсырма.

1.Тапсырма: «Ұқсас сөздер» ойыны.

Қорытындылау, бағалау.

2.Тапсырма: «Логикалық есептер» ойыны.

Қорытындылау, бағалау.

3.Тапсырма: «Санамақтар»

Қорытындылау, бағалау.

4.Тапсырма: «Көбелектер әлемі» жаттығуы.

Қорытындылау, бағалау.

5.Тапсырма: «Сиқырлы дыбыстар» ойыны

Қорытындылау, бағалау.

7. Жаттығу. “Жылы лебіздер”

III. Қорытынды.

Жүргізілуі:



1.Тапсырма: «Ұқсас сөздер» ойыны

Мақсаты: синонимдерді анықтаудағы дағдыларын дамыту.

Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек».

Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».

Синонимдер

1) Еңбекқор-еңбексүйгіш, еңбекшіл, еңбекқой,еңбеккер, еңбекқұмар.

2 )Мейірімді - жанашыр, қайырымды, иманды, мейірбанды.

3) Қанағатшыл-үнемшіл, нысапшыл, нысапты.

4) Талапты-ықыласты, ынталы, талапшыл, жігерлі,.

5) Рақымшыл- кешірімді, қайырымды.



2.Тапсырма: «Логикалық ойын»

Екі сиырдың мүйізі қанша? (4)

Бір мысықтың аяғы қанша? (4)

Бес қойдың басы нешеу? (5)

Үш адамның қолы нешеу? (6)

Үш қоянның құйрығы қанша? (3)

Екі жолбарыстың аузы қанша? (2)

1.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. АйжанАсқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? (Мұраттың қызы Айжан, Асқардың қызы Маржан)

2. Лиза, Лаура және Мәдина мерекелік дастарқанаға 18 тоқаш даярлауға уәделесті. Бірақ Лиза 10 тоқаш, Лаура 8 тоқаш әкелді де, Мәдина өзі әкелуге тиіс тоқаштары үшін 42 теңге ақша әкелді.Лиза мен Лаура ақшаны қалай бөлісіп алады.(Лиза 28,Лаура 14 теңге).

3. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкені қайсы? (Ажар).



3.Тапсырма: «Санамақтар»

Тауық, жөнін тауып,

Он жұмыртқа басты,

Өздерінше мықты

Төрт балапан шықты

Қанша қалғанын

Есептей алмай отырмын. (6)

Он екіүйреккөріп ем,

Үшеуі ұшып кетті

Төртеуі суға түсіп кетті

Айтпауға сөз қалмады.

Қаншасы орнынан қозғалмады? (5)

Үш алманы бақтағы

Кірпі алып жинады

Ең әдемі біреуін

Ақтиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманың

Санап көрші қалғанын (2)



4.Тапсырма: «Көбелектер әлемі» жаттығуы

Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка.

Жаттығудың өтілу барысы: Балалар орындықтарға денелерін бос ұстап отырып, аяқ – қолдарын еркін созады.

Мұғалім арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғында жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіндіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғынға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздерің менең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісін сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінін ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар иісімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!

Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.

5.Тапсырма: «Сиқырлы дыбыстар» ойыны

Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.

Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:

- «Ш,Ж, С» дыбыстарынан басталатын адамның асыл қасиеттерін атаңдар.



6.Жаттығу: “Жылы лебіздер”

Оқушылар тұрып бір-бірінің қолдарынан ұстап оңжағындағы достарына жылы тілек, лебіздерін айтып шығады.



Сабақты бекіту: Оқушыларға бірнешесұрақтар беріледі.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Не үйрендік?

Сабақты бағалаңдар.

Қорытынды: Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын біршама арттырды – деп ой түйіндейміз.

Бекітемін

«№2ЖОББМ»КММ

директоры

______К.С. Алтынбекова

«______»________2016 ж.




«Қызықты психология»
Оқушылардың сөздік-логикалық, көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін,

өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, қиял деңгейлерін дамытуға арналған психологиядан ойын сабақ.

5 «В» сыныбы

Приозерск 2016-2017 оқу жылы

Өзіндік талдау

Сыныбы:5 «В»

Сабақтың тақырыбы:«Қызықты психология»

Мақсаты: 1. Оқушылардың таным процестерін дамыту арқылы жұмбақ мәселелерді шешуге, мағыналық жағынан ортақ, артықсөздерді табуға, ойлаудағы шапшаңдылыққа үйрету.

2. Оқушылардың сөздік-логикалық, көрнекі-бейнелі естесақтау қабілетін, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, қиял деңгейлерін дамыту.



3.Оларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Ойын сабағы. Сабақта жұмбақ мәселелерді шешуді, мағыналық жағынан ортақ, артық сөздерді табуды пайдалана отырып, топпен жұмыс жасап (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаландым.Логикалық ойындарды пайдалана отырап оқушылардың сөздік-логикалық, көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, қиял деңгейлерін дамытуға жетелей отырып, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткіздім. Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Психологиялық тапсырма: «Ұқсас сөздер» ойыны, «Логикалық есептер», «Санамақтар», «Сиқырлы дыбыс сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет