Сабақтың түрі Сайыс сабақ Сабақтың типі Білімді бекіту сабағы Мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі82 Kb.
#46681
түріСабақ
Астана қаласы

Жамбыл Жабаев атындағы

4 мектеп-гимназиясы



Химия пәні мұғалімі:

Кудерина Шарбану Ағзамқызы


Сынып

8 сынып

Күн

Пән

химия




Тақырыбы

«Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауын қорытындылау

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың типі

Білімді бекіту сабағы

Мақсаты

1. Оқушылардың “Бастапқы химиялық түсініктер” тарауынан алған білімдерін жүйелеу

2. Химиялық формула құру және реакция теңдеулерін теңестіру мен қатар, сан есептерді шығаруға дайындықтарын тексеру, алған білімдерін өз беттерінше пайдалана білуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды білімге құштарлыққа, ұжымдық-топтық жұмыстар жасай отырып шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл

Сөз-көрнекі әдісі, сайыс, топпен жұмыс

Көрнекілік

Дидактикалық материалдар, химиялық құрал-жабдықтар.Zn -түйіршігі, HCI ерітіндісі, штатив, сынауық, сіріңке индикатор,сілті мен қышқыл ерітінділері

үлгілері


Пән аралық байланыс

Математика, физика, биология ,экология

Ұйымдастыру


Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарының толық болуын

қадағалау. Зейінін сабаққа шоғырландыру.




Сабақтың өтілу барысы


Салеметсіздер ме, оқушылар? Бүгін біз химия пәнінен алған білімімізді қорытындылап,ортаға салмақпыз. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар топпен жұмыс жасау үшін «Химия» және «Элемент» атты 2 топқа бөлініп келіп отыр.

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,

Озып шықсын, кім білімді, кім күшті.

Әділ қазы алқасына жүгінсек,

Берер дейміз әділдікпен жеңісті,- деп әділ қазыларымызды сайлап алайық.


Сайыстың жоспары

Таныстыру (ұран, төсбелгі)

I. Жорға. ( сұрақ-жауап)

II. “Алтын кілт” ойыны

III. “Мадақтауға лайықсың ба?”

IV. Формула құрайық

V. Қай реакция типі? Тәжірибе

VI. Химияның заңдары

VII. Көкпар (есеп шығару)

VIII. үй тапсырмасы (химия пәнінен білгенім ... )

Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Топтардың таныстыру рәсімі.

Топ аты: «Химия» Топ аты: «Элемент»

Ұраны: Ұраны:

Химия қызық ғылым, Барлық заттың бөлшегі ,

Ішінде маржан ілім. Элементтен жаралған.

Үйреніп формуланы, Әр элемент жеке атом,

Аламыз терең білім. Ғылым болып таралған


  • 1-тапсырма «Жорға»

  • Химия пәні не туралы оқытады?

  • Валенттік деген не?

  • Судың мұзға айналуы қандай құбылыс?

  • Химиялық реакцияның белгілері?

  • Молекула дегеніміз не?

  • Химиялық элементтердің таңбаларын ұсынған ғалым кім?

  • Коэффициент формулада қай жерге жазылады?

  • Реагент дегеніміз не?

  • Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?

  • Авагадро саны нешеге тең?

  • Атом дегеніміз не?

  • Химиялық формула дегеніміз не?

  • Химиялық реакциялардың неше типі бар?

  • Молярлық масса дегеніміз не?

  • Атом-молекулалық ілімді ашқан ғалым?

2 - тапсырма. Оксидтерді табуға арналған

«Алтын кілт» ойыны. «Оксид» деген сейфтің шифрін табу.

«Элемент» тобына:

1. CO2 2. NaOH 3. НNO3 4. CaO

5. SO2 6. MgO 7. H3PO4 8. MgCI 2

9. N2O5 10. PH3 11. P2O5 12. ZnSO4



«Химия» тобына:

1.Na2O 2. Ba СI2 3. FeO 4. KN



5. CO2 6. CaO 7. KNO3 8. KOH 9. P2O5 10. SiO2 11. CuSO4 12. CaCI2

«Элемент» тобының сейф шифрі

1, 4, 5, 6, 9, 11.

«Химия» тобының сейф шифрі

1, 3, 5, 6, 9, 10.

Тапсырма №3. Қай реакция типі?

Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады. Жарайсың!





Реакция

Қосылу

Айырылу

Орын басу

Алмасу

Zn+ HCl → ZnCl2+ H2

ц

ч

ж

б

Na + S Na2S

а

ё

ю

в

CaCO3 CaO+ CO2

т

р

к

з

N2+ H2 NH3

а

н

р

м

Fe(OH)3 Fe2O3+ H2O

ш

й

х

о

Mg+ CuCl2 MgCl2+ Cu

л

н

с

у

Fe2O3+ HNO3 Fe(NO3)3+ H2O

г

а

с

ы

SO 2+ O 2 SO3

ң

м

к

д






4 тапсырма №3. Оксидтердің формуласын атына сай құрыңыз.



«Элемент» тобына:

а/ Натрий оксиді- б/ Темір (III) оксиді-

ә/ Күкірт (IV) оксиді- в/ Азот (IV) оксиді-


«Химия» тобына:

a/ Калий оксиді- б/ Көміртек (II) оксиді-

ә/ Көміртек (IV) оксиді- в/ Фосфор (V) оксиді-
5 тапсырма Қай реакция типі?

Ғажайып ғылым –химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия,

Жаңадан бірі жаралған –

Тәжірибе жасау Zn+ 2HCl → ZnCl2+ H2 орынбасу

6 тапсырма Заңдарды тұжырымдап дәлелде.



«Элемент» тобына:

«Зат массасының сақталу заңы.»



«Химия» тобына:

«Құрам тұрақтылық заңы»

7 тапсырма «Білімді мыңды жығады»

КӨКПАР

Есепті шығарайық!



«Элемент » тобына:

Реакция сызбанұсқасы бойынша: Na + O2 → Na2O

16 г оттек реакцияға түссе түзілген натрий оксидінің массасы неге тең болатынын есептеңдер.

«Химия» тобына:

Реакция сызбанұсқасы бойынша: P + O2 → P2O5



32 г оттек фосформен әрекеттескенде түзілетін фосфор (V) оксидінің массасын есептеңдер.


Қорытынды

2 мин

Оқушылар «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауынан алған білімдерін өз шығармашылық жұмыстарымен қорытындылайды.

Үйге тапсырма

«Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауын қайталау

1 мин Бағалау 2 мин

Топ мүшелері бірі-бағалайды және мұғалім бағалауы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет