Сабақтың түрі Теориялық


Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар



бет4/5
Дата02.01.2022
өлшемі25,76 Kb.
#107900
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сүйекті шеміршекті балық
07.04.2020 Жалпы қолданылатын ыдыстар, 02.04.Вет сан ережелер, Жылқы етін дайындау және ұсақтау
Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар.

Бұлардың кейбір отрядтарының қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері байқалады. Мысалы тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат қалаларының тең болмауы. Олардың сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады. Бұл балықтар бекіретәріздестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Басқа балықтардың денесінде осындай ірі мүйізді шытыралар болмайды. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы - бекіре» деп атайды. Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін ЕділЖайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз «бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды» - деп қорытынды жасаған. «Бекіренің бал татыған еті»«бекіренің бес кеспесі» - деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады. Бекіре балықтарының бір тобы - тасбекірелер. Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктенҚазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет