Сабақтын тақырыбы: «Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста»



Дата10.06.2017
өлшемі107,54 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан а/о М. Жүнісов атындағы ЖОББ мектеп.

Тарих пәні мұғалімі: Тлепбергенов Мурат Хасанович (Tliepbierghienov@mail.ru) сот:87778608765




Уақыты

2015 жыл

Панорамалық сабақ

Сабақтын тақырыбы:

«Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста»

Ауызша журнал

Жалпы мақсаты

Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы асқан ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық батырлар мен шайқастары туралы мәлімет алып, олардың ерлік жолдарын үйрену.

Сабақта күтілетін нәтиже

  • Қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқандығы және оның маңызы жөнінде біледі.

  • Шайқасқа қатысқан 316 атқыштар дивизиясы және Кеңес Одағы Батыры атағын алған батырлардың ерлік жолдарын атап көрсетеді.

  • Аты аңызға айналған батырлардың мәңгілік ерлігін үлгілейді.

Сілтеме


Қазақстан тарихы қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы 11 сыныпқа арналған оқулық, авт: М. Қойгелдиев, Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, Т. Далаева, Е. Қалиева. Алматы «Мектеп» 2011. Журнал: «История Казахстана», «Қазақстан тарихы» газета: «Казахстанская правда», интернет

Түйінді идеялар


- Мәскеу үшін шайқас.

- «Тайфун» жоспары.

- «Тұман» және «Мрак» жоспары.

- Дубасеково түбіндегі ерлік.



Сабақта пайдаланылған ресурстар

Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стикерлер, тарихи карта, тірек- сызба.

Тапсырмалар


Тапсырма 1. Жалпы шолу. Мәскеу шайқасы ( тірек- сызба). (Журналдын біріші беті).

Тапсырма 2. Картамен жұмыс. Панфиловшылардың Дубасекова түбіндегі ерлігі.(Журналдын екінші беті).

Тапсырма 3. Тексеру жұмыстары. Б. Момышұлы, М. Габдуллин деректер мен дәйектер, видео (Журналдың үшінші беті).

Тапсырма 4. Музыкалық кезең. Рамазан Амангельдиев, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев («Жас қазақ» әні). (Журналдын төртінші беті).

Тапсырма 5. Тест (слайд түрінде).

«Батырларға мәңгілік естелік» (Журналдын бесінші беті).



Тапсырма 6. Рефлексия (ДЖигсо әдісі) Сұрақ- жауап, төрт шумақ өлең, постер қорғау. Шығармашылық жұмыс

Сабақтын тақырыбы: «Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста».



Мақсаты: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы асқан ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық батырлар мен шайқастары туралы мәлімет алып, олардың ерлік жолдарын үйрену.

Сабақтың міндеті:

- ҰОС туралы білімдерін кеңейту

-оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытуды, топпен жұмыстануға дағдылануын жалғастыру.

Сабақтың түрі: Сабақ- журнал.

Пайдаланылған модульдер: АКТ, Диалогтық оқыту.

Ресурстар: Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стиккерлер, тарихи карта, тірек- сызба.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Жаңа сабақтың жоспары


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе сөз.

  3. Негізгі бөлім

  • Журналдың 1 беті: «Мәскеуге шабуыл»

  • Журналдың 2 беті: « Дубасековадағы панфиловшылардың ерлігі»

  • Журналдың 3 беті: «Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин»

  • Журналдың 4 беті: «Рамазан Амангелдиев, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев»

  • Журналдың 5 беті: «Батырларға мәңгілік естелік»

  1. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Кіріспе сөз: Қатыгездік, дұшпандық, зорлық бұл сөздерді соғыспен ассоциациялауға болады.

Соғыс- көптеген жылдарға Отан тағдырын шешеді, тежейді, халықтың тағдырын тәлкіге салады. Соғыс ең кертарпа дүние, уақытша болса да, адам өміріндегі ең сыни оқиға.

Сонымен оқушылар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

«Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста» және біз ауызша журнал түрінде өтетін боламыз.

Біздің журналымыздың бірінші беті: «Мәскеуге шабуыл»

Фашисттік басқыншылар Мәскеу қаласын жер бетінен жойғызып, 1941 жылы Гитлер бұл қаладан бірде бір адамды шығармай қоршауға алып, кейін оны мүлдем батырып жіберуді тапсырған болатын. Мәскеуге шабуыл жоспары «Тайфун» деп аталды. Мәскеуге қатысты әскери басшылықтың тағы бір жоспары бойынша «Туман», «Мрак» қаланы мүлдем жойып жіберу көзделді. 1941 жылдың 7 қарашасында немістер жеңісті Мәскеу қаласындағы «Қызыл алаңда» тойлауды көздеген. Алайда, ол күні Кеңес әскерлері Қызыл алаңда саптық шерумен өткізіп, дәл сол жерден майдан даласына аттанды. Таблица арқылы сіздер жаудың күші қаншалықты басым болғанын және сол бір төрт айда қаншалықты қысқарғанын көрулеріңізге болады. Мәскеуді қорғаушылардың асқан ерліктерінің арқасында, жау орасан зор шығынға ұшырады. Бұл жеңіске ерлік, бірлік және достықтың негізінде жетті. Ол туралы журналымыздың келесі бетінен көресіздер.

30 қыркүйек 1941 жыл

Негізгі көрсеткіштер

Германия

КСРО

Әскер саны

Танкілер


Ұшақтар

1 800 000

1700


1390

1 250 000

774


677

1941жыл желтоқсан айы



Негізгі көрсеткіштер

Германия

КСРО

Әскер саны

Танкілер


Ұшақтар

1 708 000

1170


615

1 100 000

774


1000


Журналдың 2 беті: « Дубасековадағы панфиловшылардың ерлігі»

1941 жылдың 13 шілдесінде Орталықтың шешімі бойынша Алматы қаласымен және осы аймақта 316 атқыштар дивизиясын құру басталып, әскерге алынғандардың қатарында Алматы, Шымкент, Жамбыл және Қырғыз елінің көршілес аудандарынан болды. Дивизия құрамында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек және басқа да ұлттар бар.

316 дивизия майданы өте күрделі де жауапты участігі болып саналатын Волоколамск шоссесін қорғады. Дивизияға Батыр қала Мәскеуге санаулы шақырым қалған жаудың жолын бөгеу тапсырылды. Мәскеу үшін шайқаста генерал - майор И. В. Панфиловтың асқан қолбасшылық таланты барлық қырынан ашылды десек артық айтқандық болмайды. 1941 жылы 16 қарашада Волоколамскіден сегіз шақырым жердегі Дубосеково разъезі маңында Мәскеу түбіндегі шайқастың ішіндегі ең сұрапыл ұрыс болды, бірнеше ондаған жау танкісіне, танкі жойғыш взвод ерлікпен қарсы тұрды. Олар 28 еді, Дубосеково разъезіндегі 1075 атқыштар полкі 4 ротасының 2 взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 20 танкісі шабуыл жасады, оларды тойтарған панфиловшыларға, жау қайтадан автоматты әскермен, 30 танкісін шығарды.Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23 қаза тапты. 28 – дің 22-сі Қазақстандықтар еді.

Журналдың 3 беті: «Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин»

Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия – кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Москва», - деген сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Соғыс кезінде полк, дивизияны басқарып, соғыстан кейін жоғары әскери академияны тәмамдап, 1956 жылы полковник шенінде отставкіге шығып әдеби шығармашылықпен айналысады, ол кісінің «Артымызда Мәскеу», «Біздің отбасы», «Генерал Панфилов» атты еңбектері бірнеше тілге аударылып, шетелдерде де үлкен сұранысқа ие болды.

1990 жылы 11 желтоқсанда Б. Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан аман- есен алып шыға білді. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

Журналдың 4 беті:

«Рамазан Амангелдиев, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев»

Ол 1941 жылдың шілде айында Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясының 843-шi полкінің қатарында Батыс майданға аттанады. Ол кезде алдына келгенді жаппай қырып келе жатқан жау Мәскеуге тақап қалған-ды. Дивизия командирі Г.Коротков бұл туралы естелігінде былай жазады:

«Біздің дивизия қазан айының алғашқы күндері 49-шы армияның қатарына кіріп, Калуги аймағында қоршауда қалған 5-гвардиялық атқыштар дивизиясын құтқаруға, одан әрі Таруса, Алексин майданына қорғанысқа тұруға тапсырма алды.

Алексин қаласының маңындағы қорғанысты 843-шi атқыштар полкы ұстап тұрды. Оның қатарында халық батыры Амангелді Имановтың ұлы қатардағы автоматшы Рамазан бар еді...».

Қатардағы автоматшы Амангелдиев неміс солдаттарының қоршауында жалғыз қалып, олармен атысқан. Өз автоматынан жау әскеріне аяусыз, ыза-кекпен оқ жаудырған ол соңғы оғы қалғанша жаудың шабуылынан қорғанған еді. Совет әскерінің табандылығына ыза болған немістер оған граната лақтырады. Рамазан осы гранатадан көз жұмады. Бірақ оның жанында немістің 13 сарбазының мәйіті жатқан еді.

Төлеген Тоқтаров Бородино ауылындағы немістердің штабына тосыннан еніп, бес неміс офицерінің көзін құртты. Оның бұл ерлігі жауынгерлердің есінде мәңгі сақталады. Ол өзі қайсарлықпен сол жерде қаза табады. Асқан ерлігі үшін Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қайтыс болған соң). Б. Момышұлы Мәскеу үшін шайқасты, Т. Тоқтаровтың батылдығын, ерлігін есіне алып, жазады: «Біз Совет адамдары, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің жалындаған от кез келген темірді балқытып немесе өртеуі мүмкін...бізде қорқынышты женетін ең мықты қару – бұл Отанға деген махаббат.

Рамазан Елебаев 1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді. Сол жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі “Жас қазақ” әні дүниеге келді.

Журналдың 5 беті: «Батырларға мәңгілік естелік»

Тест тапсырмалары:


  1. 28 панфиловшылар құрамында болған 316 атқыштар дивизиясы кейіннен қалай аталды?

А) 27 ші гвардиялық атқыштар дивизиясы.

В) 8 С) 73 Д) 30

2. Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағы Батыры атағын қашан алды?

А) 1941 ж. В) 1943 ж. С) 1955 ж. Д) 1990 ж.

3. Фашисттік Германия жоспары бойынша Қазақстан және Орта Азия қай колонияға жату керек еді?

А) «Остланд» В) «Үлкен Түкістан» С) «Үлкен Азия» Д) «Эйзиоланд»

4. Генерал- майор И. В. Панфиловтың дивизиясы қайда құрылды?

А) Алматыда В) Ташкентте С) Қостанайда Д) Ақмолада

5. Қазақстан аспанында жау ұшағы пайда болды?

А) 1943 ж. В) 1941 ж. С) 1942 ж. Д) 1944 ж.

6. Генерал – майор И. В. Панфилов басқарды?

А) 238 атқыштар дивизиясын.

В) 73 С) 316 Д) 30.

7. Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаров қай шайқаста қаза тапты?

А) Курск түбінде В) Сталинград үшін шайқаста

С) Мәскеу түбінде Д) Ленинград үшін шайқаста

8. Б. Момышұлы қай жылы дүниеге келді?

А) 1910 ж. В) 1911 ж. С) 1909 ж. Д) 1908 ж.

9. ҰОС қашан басталды?

А) 1941 жылы маусымда В) 1941 тамызда

С) 1941 жылы шілдеде Д) 1941 жылы мамырда.

10. «Россия – кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Москва» сөзінің авторы.

А) И. Перов В) А. Капров С) В. Клочков Д) Е. Рыков.
Өзін- өзі бағалау:

Оқушының аты-жөні

Негізгі мақсатымен таныстым.

Сұрақтарға жауап бердім.

Тақырыпты талқылауға қатыстым.

Жазбаша жұмыс жасадым



















Рефлексия: ( ДЖигсо әдісі) Сұрақ- жауап, төрт шумақ өлең, постер қорғау. Шығармашылық жұмыс.

1. Қалай ойлайсыздар оқушылар фашисттік Германияның Қазақстан мен Орта Азияға қатысты қандай жоспары болды?

Жауап: Гитлер жаулап алған жерлерді колонияға айналдырып, ал тұрғындарын құлға айналдырмақ болды. Ал Орта Азия мен Қазақстанды және кейбір мұсылман елдерінен «Үлкен Түркістан» деп аталатын колония жасамақшы болды.

2. Неміс басқыншыларының Шығысқа қарай тез жылжуы немен түсіндіріледі?

Жауап: Бірінші кезекте ол шабуылдың тосыннан, тұтқиылдан болуы, Фин соғысынан соң Совет Армиясы жаңа әскери техникамен жабдықталып үлгермеді. Сонымен қоса көптеген тәжірибелі әскербасылар соғыс қарсаңында заңсыз репрессияға ұшырады.

3. Мәскеуге қатысты фашисттік басқыншылардың қаңдай жоспары болды?

Жауап: Басқыншылар қаланың саяси және әскери - стратегиялық маңызын ескеріп, соғыстың тағдырын, Мәскеу қаласын алу мен пара-пар деп білді.
Ия фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

Сабағымызды қорытындылай келе төрт мәрте Кеңес Одағының Батыры, маршал Г. К. Жуковтың «Естеліктер мен Ойтолғаныстар» еңбегінен үзінді келтірмекпін «Менен сұрапыл соғыста есінізде көбірек қалған не деп сұрайды, мен әрқашан Мәскеу үшін шайқас деп жауап беремін. Мен Батыр қалаға жауды өткізбеген жаужүрек ерлерге басымды иемін. Біз бәріміз олардың алдында өтелмес қарыздармыз!





Каталог: uploads -> doc -> 002f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
002f -> Мақсаты: Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқаратынын білу. Міндеттері
002f -> Әдебиет теориясы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет