Байланысты: Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық мәселелер
3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі Қазақстан қазіргі кезде нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаны қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда. Қазақстандағы экономиканы реформалау процесі 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздікті жариялағаннан кейін күшейе түсті. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін бірнеше реформалар іске асырылды:
1992 жылы қаңтарда-бағаны ырықтандыру;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы
Энергетикалық ресурстар және инфрақұрылым
Кәсіпқой үкімет
Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес.
Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға барабар ойлау жүйесі болмаған.
ҚР-ның “Қазақстан-2030” даму Стратегиясына орай Үкіметтің 1998-2000 жылдарға арналған іске асырар бағдарламасы жасалынды. ҚР Үкіметінің алдағы кезеңдегі қызметі төмендегідей басты міндеттерді орындауға бағытталған:
-ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
-ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды нығайту деңгейін ілгерілете беру;
-экономикалық өсу қарқынын үдету;
-әлемдік нарыққа энергия шығарушыларды анықтау, жобалау, оның жекелеген учаскелерінде құрылысты бастап, аяқтау жұмыстары;
-халықаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін көлік пен коммуникацияның негізгі нысандарын қайта құру мен салуды аяқтау;
-мемлекетті басқарудың принципті жаңа жүйесін құру.