Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6-сынып
Загрузка...
Сабақтын тақырыбы: Ортақ етіс.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға етістер, олардың түрлері, ортақ етіс болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру. Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру. Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.
Психологиялық дайындық
«Сәлемдесу» ойыны
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ арқылы шешіледі.
1.Сан есімнің мағыналық түрі.
2.Қимыл иесі арнайы айтылмайтын етістің түрі
3.Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөз табы.
4. Кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін септік?
5. Сапалық сан есімді ата.
Т
|
О
|
п
|
т
|
а
|
У
|
|
Ы
|
Р
|
ы
|
қ
|
с
|
Ы
|
з
|
Е
|
Т
|
і
|
с
|
т
|
І
|
к
|
|
А
|
т
|
а
|
у
|
|
|
А
|
Қ
|
|
|
|
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
194-жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Өткен тақырыпты бекіту.
Тест жұмысы
1. Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгіле.
А) Ырықсыз. В) Ортақ С) Дара, күрделі. Д) Салт, сабақты Е) Болымды, болымсыз
2. Етістің қанша түрі бар екенін белгілеңіз.
A) 7. B) 6. C) 5. D) 3. E) 4.
3. Өздік етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) орнат, байлат; В) жазыс, көмектес; С) таран, киін; D) қойылды, сүртілді; Е) жуады, оқиды.
4. Өздік етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) тамақтану В) аяқталу С) жану D) құшақтасу Е) пісірту
5. Өздік етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) тіккізу В) қырыну С) әңгімелесу D) әкелу Е)жіберілу
6. Өзгелік етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) ойланды В) жамылды С) шақырғызды D) ашты Е) жазысты
7. Өзгелік етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) соттасты В) алды С) аяқталды D) буынды Е) ұйықтатты
8. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) сатты В) пайдаланды С) қаралды D) бастатқызды Е) сөйлетті
9. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) жиналды В) кездесті С) киінді D) оқыды Е) құйғызды
10. Өздiк етiстi анықтаңыз.
А) орманды В) ойланды С) жасырды D) құттықтады Е) өңдедi
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Ортақ етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жазысты деген сөйлемдегі жазу қимылы бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан) арқылы іске асатындығын көрсетеді.
Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ортақ етіс жүрнағында ондай қызмет жоқ: (хат) жазысты—сабақты етістік, сөйлесті—салт етістік.
Етіс жүрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді:сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-дір-іл-ді, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын.Алғашқы орындалатын тапсырма:
1-тапсырма. Терме диктант
Енді батыр екпінмен
Жақындасып қалысты
Шегінісіп екеуі
Еменнен найза салысты.
Итерісіп тұрысты
Ат тізесін бүгісті.
Тайынбай найза салысты,
Біріне-бірі лағып,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Жақындасып қалысты.
196-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Келесі тапсырма:
Семантикалық карта толтыру: /тақтаға сызылады немесе әрбір оқушыға сабақтың соңына 3 минут қалғанда таратылып беріледі.
Мысалдар
|
Өздік
|
өзгелік
|
Ырықсыз
|
ортақ
|
Жазысты
|
|
|
|
+
|
Сөйлесті
|
|
|
|
+
|
Отырғызды
|
|
+
|
|
|
Салдыр
|
|
+
|
|
|
Үй тазаланды
|
|
|
+
|
|
Сөз айтылды
|
|
|
+
|
|
Көбейттір
|
|
+
|
|
|
Оранды
|
+
|
|
|
|
Таранды
|
+
|
|
|
|
Жуынды
|
+
|
|
|
|
Қорытынды кезең
Тест жұмысы
1. Етіс нені білдіреді?
А) Сөйлеп тұрған кезге байланысты қимылдың орындалуын білдіреді. В) Іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды. С) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді. Д) Шақпен, жақпен байланысы болмай, іс-әрекеттің атын білдіреді.
Е) Әрі есім, әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.
2. Қай етіс түрі іс-әрекеттің өздігінен орындалғанын білдіреді?
А) ортақ В) өздік С) өзгелік Д) ырықсыз Е) ешбірі
3. Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.
А) –ын-ін-н В) –ыл-іл-л С) –ыс-іс-с Д) –дыр-гіз-т Е) –ған-ген-кен
4. Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс түрі.
А) ырықсыз етіс В) өзгелік етіс С) ешбір Д) ортақ етіс Е) өздік етіс
5. Өзгелік етісті табыңыз.
А) айтып, қалған В) жинас, сөйлесті С) жаздыр, үйрет Д) таран, мақтан Е) оқыр, болар
6. Ортақ етісті табыңыз.
А) Жастар ойласты. В) Тас қаланды. С) Әкесінен қаймықты.
Д) Тектілігін танытты. Е) Ойланбаған кісіде ақыл болмас.
7. Ортақ етіс мағынасын білдіретін қосымшаны көрсетіңіз.
А) –тас В) –лан С) –ғыз Д) –лын Е) – ырқан
8. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз.
А) Ол онымен қатты сөйлесті. В) Мен ол айтысты көрген жоқпын. С) Оның жағы қарысты. Д) Мен оған көмектестім. Е) Ол асығыс жетіп келді
9. Ортақ етісті табыңыз.
А) Жастар ойласты. В) Тас қаланды. С) Әкесінен қаймықты. Д) Тектілігін танытты
10. Ортақ етіс болып тұрған сөзді көрсетіңіз:
А) жазғыз, отырғыз; В) табыс, сөйлес; С) жазылды, айтылды; D) ашты, берді; Е) киінді, жуынды.
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Рефлексия. Сабақтағы көңіледірін параққа жүрек сала отырып, ойларын жазу.
Үйге тапсырма: Жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қүрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып, түлғалық талдау жасаңдар. .
Достарыңызбен бөлісу: |